Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет33/34
Дата14.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#174494
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Блиц-тест:
1. Фразеологиялық варианттар дегеніміз не?
А) Бір-бірінен мағыналық реңкі мен стильдік бояуы жағынан сәл ерекшеленіп тұратын фразеологизмдер;
В) Айтылуы бірдей, бірақ мағыналары мен шығу тегі бөлек-бөлек тұрақты тіркестер;
С) Сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы фразеологизмдер;
Д) Шығу тегі бір болып, мағыналары бір-біріне жақын болатын фразеологизмдер;
Е) Мағыналарында ешқандай айырмашылық жоқ, ал құрылым-құрылысында азды-көпті өзгерістері бар фразеологизмдер.
2. Синонимдес фразеологизмдерді табыңыз?
А) Алғаны ас болмады//Жегені желкесінен шықты;
В) Ашуына тиді//Шамына тиді;
С) Ай дейтін ата жоқ, қой дейтін қожа жоқ//Әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ;
Д) Адыра қалды//Қараң қалды;
Е) Ақ жүрек//Қара жүрек.
3. Фразеологиялық варианттар шартты түрде өз ішінде қалай бөлінеді?
А) Фонетикалық варианттар, лексикалық варианттар;
В) Орфоэпиялық варианттар, орфографиялық варианттар;
С) Фонетикалық варианттар, морфологиялық варианттар, грамматикалық варианттар, лексикалық варианттар;
Д) Морфологиялық варианттар, синтаксистік варианттар;
Е) Фонетикалық варианттар, морфологиялық варианттар, грамматикалық варианттар, лексикалық варианттар, аралас варианттар.
4. Фонетикалық варианттарды табыңыз?
А) Адыра қалды//қараң қалды;
В) Ай дейтін ата жоқ, қой дейтін қожа жоқ//әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ;
С) Ай дала//жапан дала;
Д) Ай жоқ, шай жоқ//ай-шай жоқ;
Е) Азуы алты қарыс//аузы кере қарыс.
5. Лексикалық варианттарды табыңыз?
А) Ай дейтін ата жоқ, қой дейтін қожа жоқ//әй дейтін әже жоқ, қой дейтін қожа жоқ;
В) Адыра қал//әдіре қал;
С) Адыра қалды//қараң қалды;
Д) Бешенеден белгілі//пешенеден белгілі;
Е) Қу бастан қуырдақтық ет алған // жұмыртқадан жүн қырыққан.
6. Фразеологиялық варианттар табыңыз?
А) Ат тонын ала қашты//Азар да безер болды//Аза бойы тік тұрды;
В) Ашуына тиді//Шамына тиді;
С) Жағың қарыссын//Аузыңа май;
Д) Құты қашты//Сабыр етті;
Е) Көз ілмеді//Ат кекілін кесісті.
7. Омонимдес фразеологизмдер дегеніміз не?
А) Мағыналарында ешқандай айырмашылық жоқ, ал құрылым-құрылысында азды-көпті өзгерістері бар фразеологизмдер;
В) Бір-бірінен мағыналық реңкі мен стильдік бояуы жағынан сәл ерекшеленіп тұратын фразеологизмдер;
С) Айтылуы бірдей, бірақ мағыналары мен шығу тегі бөлек-бөлек тұрақты тіркестер;
Д) Сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да бір-біріне қарама-қарсы фразеологизмдер;
Е) Шығу тегі бір болып, мағыналары бір-біріне жақын болатын фразеологизмдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет