Білім беру бағдарламасының 2 курс студенттеріне арналған «Қазіргі қазақ тілінің фонетикасы мен лексикологиясы»



бет32/34
Дата14.04.2023
өлшемі230,6 Kb.
#174494
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
Байланысты:
ПрактикаФонетикаЛексикологияҚТӘ

Глоссарий:
Фразеологиялық мағына – әр уақыт тек келтірінді, ауыс, бейнелі, экспрессивтік мағынада қолданылатын түйдектік мағына.
Фразеологиялық варианттар – мағына бірлігінде ешқандай өзгешелігі жоқ, құрылым-құрылысы жағынан ұқсас келген тұрақты тіркестер.
Синонимдес фразеологизмдер – мән-мағынасы жағынан үйлесе келіп, бірінің орнына бірі балама болып қолданылатын тұрақты тіркестер.
Антонимдес фразеологизмдер – мән-мағынасы жағынан бір-біріне қарама-қарсы қолданылатын тұрақты тіркестер.
Омонимдес фразеологизмдер – айтылуы бірдей, бірақ мағыналары мен шығу тегі бөлек-бөлек тұрақты тіркестер.
Көп мағыналы фразеологизмдер – тұрақты тіркестердің екі я одан да көп мағына беруі.
Мақал – өмір құбылыстарын жинақтайтын және типтендіретін, бір немесе екі бөлімнен құралып, алдыңғысында шарт немесе жалпы байымдау, соңғысында қорытынды, түйінді пікір айтатын бітімі бекем, өте ықшам, бейнелі әрі ырғақты халық нақылы.
Мәтел – халық арасында көп тараған, қорытындысы болмайтын, тұжырымы тиянақталмаған, қарама-қарсы шендестіруі жоқ, ықшам да кестелі халық сөзі.
Тапсырмалар:
1. Берілген фразеологизмдерге синонимдес фразеологизмдер жазыңыз.
Үлгі: Аза бойы қаза болды аза бойы тік тұрды, азар да безер болды, ат тонын ала қашты.
Алғаны ас болмады, көз ілмеді, ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, төрт түлігі сай, әл үстінде, қу бастан қырдақтық ет алған, ағаштан түйін түйген, тайға таңба басқандай.
2. Берілген фразеологиялық варианттардың сыңарын жазыңыз.
Ай дейтін ажа жоқ, қой дейтін қожа жоқ, адыра қал, азуы алты қарыс, ай дала, айтып-айтпай немене, бешенеден белгілі, ақылы ауысты, кек алды, албасты басты, алдына қара салмады.
3. Берілген фразеологизмдерден антонимдес фразеологизмдердің қатарын түзіңіз.
Аты шықты, ат ізін салмады, ашық мінез, әлі кірді, бақ қонды, беделі артты, бетінен оты шықты, бұл дүние, ер жүрек, есіне түсті – жүрек жұтқан, жолыңа гүл бітсін, соры сорпадай қайнады, шөлі қанды, өркенің өскір, сабыр етті, салт басты, оң жақ, еңкейген шал, өлі сүйек, аузыңа май, айы оңынан туды, еңбегі қатпаған.
4. Берілген омонимдес фразеологизмдердің мәнін ашыңыз.
Аузын ашты – аузын ашты, ат қойды – ат қойды, аузы берік – аузы берік.
5. Берілген көп мағыналы фразеологимздердің мәнін ашыңыз.
Бой бермеді: 1) айтқанға көнбеді, жеңістік бермеді; 2) ... . Көзі шықты: 1) соқыр болды; 2) ... . дымы құрыды: 1) діңкеледі, шаршады; 2) ... . Ат үсті: 1) жол-жөнекей, жолшыбай; 2) ... . Сыңар езу: 1) бір жағына бұра тартып жүретін жылқы, ат; 2) Жүзіктің көзінен өткендей: 1) сұлу, әдемі, мүсінді; 2) ... . аузымен құс тістеген: 1) жүйрік, ұшқыр; 2) ... .
6. Фразеологизмдерден өрбіген мақал-мәтелдерді жазыңыз.
Аузымен орақ ору –
Қолынан келу –
7. Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, мақал-мәтелдердің мағынасын түсіндіріңіз.
Абылайдың асында шаппағанда, атаңның ... шабасың ба?. Әйел асқақтаса – жылағаны, еркек асқақтаса ... . Баба бүркіт барлап ұшады, бала бүркіт ... ұшады. Гүлсіз болса – жер мұңды, Күлкісіз болса – ... мұңды. ... қонғанша, молаға қон. ... болмай, ел болмас. Жабулы ... – жабулы күйінде қалсын. Замана – ..., тамаша – көрдікі. ... ерте-кештігі жоқ. Кәрі жілік малды амандамақ түгіл, өз ... сақтап алсын. Қабаған ... қайыр байлайды. «Лақпын» деп ойнайды тоқал ... . Маған тимеген жылан мың ...! Найзаңның ... тисін де сынсын. Озбыр олжа үшін өледі, Күншіл ... өтеді. Өгей шеше – сенімсіз, өгей бала – ... . Пайғамбар да күйеу баласын ... . Рахаттың түбі – реніш, Мехнаттың түбі – ... . Сабасына қарай піспегі, ... қарай – іскегі. Таба жолы – ... . Уайым – ердің ... . Ұғымы жоқтың – ... жоқ. Үйге кірген жыланға да ... құйып шығарады. Халқын сүйген ... да сүйеді. Шабан ат - өршіл, жаман адам – ... . Ықтиярсыз ашқан ... нұры жоқ. Іздеп алған ... емі табылмас.
8. Алдымен мақалдарды, одан кейін мәтелдерді екі топқа бөліп жазыңыз, қалай ажыратқаныңызды түсіндіріңіз.
Көп сөз – көмір, аз сөз – алтын. Ер дәулеті – еңбек. Көппен көрген ұлы той. Ер жігіттің екі сөйлегені – өлгені. Әлін білмеген әлек. Түсі игіден түңілме. Түсіне қарасаң,, күндей, ішіне қарасаң, түндей. Тай атқа, ат мұратқа жеткізер. Ердің ісі – келіс, ездің ісі – керіс. Адамды заман билейді. Жері байдың елі бай. Ер елінде, гүл жерінде. Өтірікшінің шын сөзі зая. Ырыс алды – ынтымақ. Нар жолында жүк қалмас. Палуанға оң, терісі бірдей. Таулы жер бұлақсыз болмас, сулы жер құрақсыз болмас. Ат аунаған жерде түк қалады. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас. Кісідегінің кілті аспанда. Сұлу – сұлу емес, сүйген – сұлу. Жығылсаң, нардан жығыл. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол. Есебін тапқан екі асайды. Көлдің көркі – құрақ, таудың көркі – бұлақ. Ұзын арқан, кең тұсау. Жақсымен жолдас болсаң, жетерсің мұратқа, жаманмен жолдас болсаң, қаларсың ұятқа. Ауырдың астымен, жеңілдің үстімен. Ит тойған жеріне, ер туған еліне. Сұлуынан жылуы. Суық ширатады, жылы жасытады.
9. Жақсы менен жаманды бір-біріне қарсы қойып, салыстырған 10 мақалды жазыңыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет