Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B07105-Химиялық инжиниринг, 6В07106 Электроэнергетика



бет6/27
Дата20.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60402
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27
Байланысты:
2Силлабус Физика каз (1)

Математикалық маятник. Созылмайтын, салмақсыз жiпке iлiнген материялық нүктенi математикалық маятник деп атайды.

Математикалық маятниктiң еркiн тербелiсiн сипаттайтын дифференциалдық теңдеу:



.  Тербелiс периоды: , циклдiк жиiлiгi: .

Математикалық маятниктiң тербелiс периоды тек маятниктiң ұзындығына және еркiн түсу үдеуiне тәуелдi болады.



 Серппелi маятник. Массасы жүк iлiнген, қатаңдығы -ға тең серппеден тұратын жүйенi серiппелi маятник деп атайды.



Серiппелi маятниктiң еркiн тербелiсiн сипаттайтын дифференциалдық теңдеу:

. Тербелiс периоды: , циклдiк жиiлiгi: .

Серппелi маятниктiң тербелiс пероды жүктiң массасына тәуелдi болады.



Әдебиет

  1. Ерсейітов Ү.Е. Жалпы физика. Оқу құралы. -Алматы: Эверо, 2014.

  2. Дуаметұлы Б. Жалпы физика курсының негіздері. Оқу құралы. -Алматы: ҚазҰТУ, 2012.

  3. Каргин Дж. Б., Кенжалиев Д.И., Мухамедрахимова Г.И. Физика. Оқу құралы. -Алматы: Эверо, 2014. -249.

  4. Нуркасымова С.Н. Физика. Оқу құралы. - Алматы : CyberSmith, 2017.

Өткізу форматы: түсіндіру, талдау, формулаларды қорыту.
Тақырыбы: Статистикалық физика және термодинамика.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Физикадағы динамикалық және статистикалық заңдылықтар. Молекула-кинетикалық теория (МКТ) негіздері. Температураның МК-лық мағынасы. Идеал газ молекулаларының орташа кинетикалық энергиясы. Термодинамикалық параметрлер. Тепе-теңдік күйлер және процестер, оларды термодинамикалық диаграммаларда кескіндеу. Газ заңдары. Идеал газ күйінің теңдеуі.



Дәріс тезисі

Термодинамикалық процесс деп қарастырылатын термодинамикалық жүйенің параметрлерінің өзгеруімен сипатталатын жүйенің күйінің өзгеруін айтады.

Берілген жағдайда атомдарының арасындағы өзара әсерлесу күші елеусіз аз болатын газды идеал газ деп атайды.

Қалыпты жағдайдағы газдарды идеал газ деп есептеуге болады. Термодинамикалық параметрлер арасындағы байланысты анықтайтын теңдеуді күй теңдеуі деп атайды.



.

1.     Изотермиялық процесс:

Тұрақты температурада өтетін процесс изотермиялық процесс деп аталады.



.

Изотермиялық процесті сипаттайтын заңды ағылшын ғалымы Бойль мен француз ғалымы Мариот бір-бірінен тәуелсіз, тәжірибе жүзінде алды. Сондықтан бұл заң Бойль-Мариот заңы деп аталады.



Берілген газдың массасы үшін тұрақты температурада газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады.

немесе

  Изотермиялық процесті сипаттайтын графикті изотерма деп атайды. Графикте Т12.



2.     Изобаралық процесс:

Тұрақты қысымда өтетін процесс изобаралық процесс деп аталады.



.

Изобаралық процесті сипаттайтын заңды француз ғалымы Гей-Люссак тәжірибе жүзінде алды. Сондықтан бұл заң Гей-Люссак заңы деп аталады.



Берілген газдың массасы үшін тұрақты қысымда газ көлемінің температураға қатынасы тұрақты болады.

 

немесе .

Гей-Люссак заңын Цельсий шкаласындағы температураны пайдаланып келесі түрде жазылады:





мұндағы: - температурадағы газ көлемі, - температурадағы газ көлемі, - газ көлемінің ұлғаюының температуралық коэффициенті.

Изобаралық процесті сипаттайтын графикті изобара деп атайды. Графикте р12.



3.     Изохоралық процесс:

Тұрақты көлемде өтетін процес изохоралық процесс деп аталады.



.

Изохоралық процесті сипаттайтын заңды француз ғалымы Шарль тәжірибе жүзінде алды. Сондықтан бұл заң Шарль заңы деп аталады.



Берілген газдың массасы үшін тұрақты көлемде газ қысымының температураға қатынасы тұрақты болады.

 

немесе .

Шарль заңын Цельсий шкаласындағы температураны пайдаланып келесі түрде жазылады:



,

мұндағы: - температурадағы газ қысымы, - температурадағы газ қысымы, - газ қысымының температуралық коэффициенті.

Изохоралық процесті сипаттайтын графикті изохора деп атайды. Графикте V12.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет