Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6B07105-Химиялық инжиниринг, 6В07106 Электроэнергетика



бет8/27
Дата20.03.2020
өлшемі0,68 Mb.
#60402
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27
Байланысты:
2Силлабус Физика каз (1)

Жылу өткізгіштік құбылысы. Жылу өткізгіштік кезінде заттың бір көлемінен екінші көлеміне энергия тасымалданады.

 

- температура градиенті.

Температура градиенті деп белгілі бағытта температураның өзгеру шапшаңдығын айтады. Жылу өткізгіштік құбылысын сипаттайтын заңды француз ғалымы Фурье ашты.



Сондықтан бұл заң Фурье заңы деп аталады:

Жылу өткізгіштік құбылысы кезінде аудан арқылы t уақытта тасымалданатын жылу мөлшері температура градиентіне тура пропорционал болады.

 , мұндағы: - жылу өткізгіштік коэффициенті, өлшем бірлігі .

Ішкі үйкеліс құбылысы. Сұйық немесе газ қабаттары бір-біріне қатысты қозғалған жағдайда олардың арасында үйкеліс күші пайда болады. Бұл құбылыс ішкі үйкеліс құбылысы деп аталады.




Ішкі үйкеліс кезінде газдың бір қабатынан екінші қабатына импульс (қозғалыс мөлшері) тасымалданады.

- жылдамдық градиенті. Ішкі үйкеліс құбылысын сипаттайтын заңды ағылшын

ғалымы Ньютон ашты. Сондықтан бұл заң ішкі үйкеліс құбылысы үшін Ньютон заңы деп аталады: немесе мұндағы:-кернеу, -ішкі үйкеліс коэффициенті немесе тұтқырлық, өлшем бірлігі

Әдебиет

  1. Ерсейітов Ү.Е. Жалпы физика. Оқу құралы. -Алматы: Эверо, 2014.

  2. Дуаметұлы Б. Жалпы физика курсының негіздері. Оқу құралы. -Алматы: ҚазҰТУ, 2012.

  3. Нуркасымова С.Н. Физика. Оқу құралы. - Алматы : CyberSmith, 2017.

  4. Трофимова Т.И. Курс физики. -М: Академия, 2004.

Өткізу форматы: түсіндіру, талдау, формулаларды қорыту.
Тақырыбы: Электростатика. Кулон заңы. Электр өрісіндегі өткізгіштер. Электр өрісіндегі диэлектриктер.

Сағат саны: 1

Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:

Электр зарядтарының өзара әсерлері. Электр зарядтарының сақталу заңы. Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі. Электрлік диполь. Вектор ағыны. Гаусс теоремасы. Электр өрістерінің кернеуліктерін есептеу үшін гаусс теоремасын қолдану. Электростатикалық өрістің жұмысы. Электростатикалық өрістің циркуляциясы. Потенциал. Потенциалдың электр өріс кернеулігімен байланысы. Электростатикалық өрістегі өткізгіштер. Өткізгіштегі және өткізгіш бетіне жақын маңдағы электр өрісі. Өткізгіш-вакуум шекарасындағы шекаралық шарттар. Электр сыйымдылығы. Конденсаторлар. Геометриялық конфигурациясы әр түрлі конденсаторлардың сыйымдылығы. Электростатикалық өрістегі диэлектриктер. Поляризацияланған зарядтар. Поляризациялану. Диэлектриктердің түрлері. Заттың диэлектрлік қабылдауы және оның температураға тәуелділігі. Электрлік ығысу. Екі диэлектриктердің бөліну шекарасындағы шарттар және өткізгіш-диэлектрик. Электр зарядтарының өзара әсерлесу энергиясы. Зарядталған конденсатор және өткізгіш жүйесінің энергиясы. Электростатикалық өрістің энергиясы. Электростатикалық өрістің энергиясының көлемдік тығыздығы.



Дәріс тезисі

 Электр зарядының сақталу заңы. Сыртқы денелермен заряд алмаспайтын немесе әсерлеспейтін электрлік денелердің жиынтығын электрлік тұйық немесе оқшауланған жүйе деп атайды.

Тұйық электрлік жүйедегі зарядтардың алгебралық қосындысы тұрақты болады:





Кулон заңы. Берілген жағдайда өлшемі мен пішінін ескермеуге болатын зарядталған денені нүктелік заряд деп атайды. Электростатиканың негізгі заңын 1785 жылы француз ғалымы Ш. Кулон тәжірибе жүзінде алды. Сондықтан бұл заң Кулон заңы деп аталады.

Вакуумдегі екі нүктелік зарядтың өзара әсерлесу күші олардың зарядтарының көбейтіндісіне тура пропорционал және ара қашықтықтарының квадратына кері пропорционал:





мұндағы: пропорционалдық коэффицент - , - электр тұрақтысы.

Оқшауланған өткізгіштегі зарядтың оның тудыратын электр өрісінің потенциалына қатынасы осы өткізгіштің электр сыйымдылығы деп аталады:



,

Өлшем бірлігі

Өткізгіштің электр сыйымдылығы - өткізгіштің пішініне және өткізгіш орналасқан ортаның электрлік қасиетіне тәуелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   27




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет