Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01 Білім Пән циклы атауы және коды Ped 1701 Педагогика



бет7/34
Дата07.02.2022
өлшемі125,63 Kb.
#93374
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34
Байланысты:
Педагогика. СИЛЛАБУС
32 (2)
4. Тақырыбы: Тұтас педагогикалық үрдістің (ТПҮ) мәні мен құрылымы
Сағат саны 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Біртұтас педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі ретінде.
2. Біртұтас педагогикалық процесс белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары.
3. Қарама-қайшылық - педагогикалық процестің қозғаушы күші.
Дәріс тезисі* Педагогикалық үдеріс  - бұл оқыту процесінде білімдік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерді шешудегі арнайы ұйымдастырылған мақсатқа бағытталған мұғалім мен оқушының өзара әрекеті болып табылады.
Тұтас педагогикалық үдеріс  – бұл бірлік пен оның барлық компоненттерінің үйлесімді өзара әрекетіне тән болып табылатын, педагогкалық процестің жоғары деңгейде дамуы.
Кез келген мамандықтың кәсіби іс - әрекетінің объектісі болады, сол кәсіби іс - әрекеттің объектісінің өзіндік ерекшеліктеріне байланысты белгілі бір талаптар қойылады. Мұғалімнің кәсіби іс - әрекетінің объектісі біртұтас педагогикалық үдеріс болып табылады. (Оқыту мен тәрбиенің бірлігі П.В.Каптерев, М.А.Данилов). Орта, жоғарғы оқу орындары мен мектептен тыс мекемелер жүйесінде білім беру және тәрбие мақсатын жүзеге процесін педагогикалық процесс немесе оқу-тәрбие процесі деп атайды. Білім беру мен тәрбие міндеттерін толық шешу үшін сабақ үстінде әрбір тақырып бойынша оқуды тәрбиемен үйлестіріп өткізу- оқу-тәрбие процесінің басты шарты. Педагогикалық процесті ұйымдастыру барысында оқушы және оқушылар ұжымы бір жағынан тәрбие объетісі, екінші жағынан тәрбие субъектісі болады. Осыған орай, оқу-тәрбие процесінде мұғалімдер мен балалар ынтымақтастығы, олардың творчестволық еңбек етулеріне зор сүйеніш болады. Тәрбиенің субъектісі мен объектісі арасында әр түрлі байланыстар пайда болады. Мұндай байланыстар педагогикалық процестің табысты болуына игі әсер етеді. Тұтас педагогикалық процестің өзіне тән компоненттері бар.
Бекіту сұрақтары:
1. Педагогикалық үдеріс дегеніміз?
2. Біртұтас педагогикалық үдеріс дегеніміз?
3. Біртұтас педагогикалық үдеріс - мұғалім іс-әрекетінің объектісі және субъектісі болып қарастырылады неге?
4. Біртұтас педагогикалық үдеріс белгілері, сапалары және өзіндік сипаттары қандай?
5. Қарама-қайшылық педагогикалық үдерісте не себептен туындайды?
Әдебиет:

  1. Әбенбаев С.,Әбиев Ж. Педагогика. Оқу құралы.- Астана: Фолиант, 2009. – 336б

  2. Бабаев с.Б., Оңалбек Ж.К. Жалпы педагогика: оқулық. – Алматы, 2011.-228 с.

  3. Педагогика: Учебник.- Алматы: Print-S. 2005.-364 c.

  4. Подласый И.П. Педагогика в 2 т.: Учебник для академического бакалавриата М.: 2015

  5. Хмель Н.Д. Теория и технология реализации целостного педогогического процесса: учебное пособие. – Алматы, КазНПУ им.Абая, 2008.- 176 с.

  6. Школьная педагогика: Учебник /Под ред. Г.Т.Хайруллина.- Алматы: 2012.- 640с.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет