Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01 Білім Пән циклы атауы және коды Ped 1701 Педагогика



бет9/34
Дата07.02.2022
өлшемі125,63 Kb.
#93374
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34
Байланысты:
Педагогика. СИЛЛАБУС
32 (2)
6. Тақырыбы: Ғылыми дүниетаным – оқушының интеллектуалды дамуының негізі
Сағат саны 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1.Оқушылардың дүниетанымының мәні мен қызметтері.
2.Дүниетанымның құрылымы: білім, көзқарастар, сенім, идеалдар, өмірлік ұстаным.
3.Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары.
Дәріс тезисі *Дүниетаным – бұл ақиқатты дүниеге және ондағы адамның алар орнына, оны қоршаған болмысына және өз-өзіне қатынасына деген көзқарастар жүйесі, сонымен қатар, адамдардың осы көзқарастар арқылы қалыптасқан негізгі өмірлік ұстанымдары, наным-сенімдері, мақсат-мұраттары, таным мен қызмет принциптері, құндылық бағыттары. Дүниетаным қоғамдық және жеке адам санасының ұйтқысы болып табылады. Дүниетанымды қалыптастыру – тек жеке тұлғаның ғана емес, сонымен қатар белгілі бір әлеуметтік топтың, қоғамдық таптың жетілуінің елеулі көрсеткіші. Болашақтағы болмыс шынайылығының тәсілдерін анғара отырып, дүниетаным өзіне өмірлік қағидаларды енгізеді, адамдардың іс-әрекетінің сипаттамасымен байланыстырады. Дүниетаным қоғамдық сананың жалпы және жоғарғы түрі болып табылады. Ол өз түрлеріне тән бірнеше элементтерден қалыптасады (философия, ғылым, эстетика, мораль, т.б.) Осылардың ішінде философиялық, ғылыми, саяси, адамгершілік және эстетикалық көзқарастар үлкен рөл атқарады. Философиялық көзқарастар мен сенімдер бүкіл дүниетаным жүйесінің негізін құрайды. Философияның өзі таным қызметтерінің ұтымды-ұғымды мәнерін және дүниетаным бағдарын негіздейді: ол ғылыми деректер мен тәжірибе жиынтығын теориялық тұрғыда ұғындырады және шындық бейнесін объективті және тарихи тұрғыда айқындауға ұмтылады. Ғылыми білім дүниетаным жүйесіне ене отырып, адамды қоршаған әлеуметтік және табиғи орта шындығына бағыттау мақсатында, сондай-ақ шындыққа қатысты тиімділікке, адасулар мен ескілік көзқарастардан арылуға қызмет етеді. Адамгершілік қағидалар мен өлшемдер адамдардың мінез-құлқы мен өзара қарым-қатынасын реттеуге және эстетикалық көзқарастармен бірге қоршаған ортаға қарым-қатынасын анықтауға, іс-әрекет түрлеріне, мақсаттары мен нәтижелеріне қызмет етеді.
Бекіту сұрақтары:
1. Дүниетаным және оның негізгі компоненттері дегеніміз ?
2. Дүниетанымның қызметі қандай
3. Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру құралдары деп ?
Әдебиет:

  1. Подласый И.П. Педагогика. Учебник для бакалавров. Гриф УМО.Юрайт, 2012.-574с.

  2. Коджаспирова Г.М. Педагогика: учебник.- М.КНОРУС. 2010.-744с.

  3. Коркина В.И. Дидактика. В схемах и таблицах. – Караганда, 2004 – 209 с.

  4. Краевский В.В. Методология педагогики: новый этап: Учеб. пособие для студентов высш.учеб.заведений М. Академия, 2006.

  5. Мынбаева А.К, Садвакасова З.М. Инновационны методы обучения или как интересно преподавать.- Алматы, 2009 – С.341.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   34




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет