Білім беру бағдарламасының атауы: В10101-жалпы медицина Оқу сағаты мен кредит саны: 150 сағат/5 кредит Курс және оқу семестрі: курс/ семестр


- КЕЗЕҢ Физиологиялық босануды жүргізу



бет5/9
Дата09.01.2023
өлшемі382,5 Kb.
#165216
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
ОСКЭ ОМ2019 каз
049b589d-d451-4b11-b5e3-e64d7588b814, Жеке құндылықтар, Жұман М ІАП 1
2 - КЕЗЕҢ
Физиологиялық босануды жүргізу
Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері



Әр қадамды бағалау критерилері

Балл бойынша бағасы

1

Босанудың 1 кезеңінде партограмманы жүргізуін бастайды. Толғақтардың ауырсынуын азайту үшін медикаментозды емес әдістер қолданады, әйел мен жанұяның психологиялық сүйелдемеуін қамтамасыз етеді. Босанудың ағымын мәліметтеп тұрады. Ұрықтың жүрек соғуын босанудың 1 кезеңінің басында – әр 30 минутта, белсенді фазасында – әр 15 минутта тыңдайды. Қынаптық тексеруді босанудың белсенді фазасында 4 сағат сайын жүргізеді. Толғақтарды бағалайды (әр 10 минутта 20 секунд ұзақтықта екі толғақтан аз болмау керек). Пульсті әр 30 минут сайын санайды. ҚҚ мен дене температурасын әр 4 сағат сайын өлшейді.
Жатыр мойнының толық ашылғанын (төмен жатқан бөлікте жатыр мойнының ұлпасы болмауы керек) анықтау үшін қынаптық зерттеуді жүргізеді. Бастың қондырылуын және оның жамбас сүйегіне сәйкестігін анықтайды. Босанудың болжамын айтады.

0,5

0,4

0,3

0-0,2

2

Босанудың 2 кезеңінде нәрестенің жүрек соғысын әр 5 минут сайын немесе әр күшенуден кейін тыңдап тұру керек. Баланың туылуы әйелдің өзіне ыңғайлы орналасуымен өтеді (мүмкіндігінше - вертикальды). Күшенулер босанушымен реттеледі. Босанудың ағымын мәліметтеп тұрады.

0,5

0,4

0,3

0-0,2

3

Нәресте басының жазықтықтардан жылжуын, босанушы әйелдің күшенулерін басқармайды.
Бастың жарып шығуын бақылайды. Бастың туылғанынан кейін кіндік бауымен оралуы бар немесе жоқтығын анықтайды.

1

0,8

0,7

0-0,5

4

Нәресте басын иық белдеуі туылғанша жәймен ұстап тұрады. Алдыңғы иығы туылғаннан соң б/е 10 бірлік окситоцинді (немесе 5 бірлік окситоцинді т/і). 3 кезеңді белсенді жүргізеді.

1

0,8

0,7

0-0,5

5

Жаңа туылған нәрестені алдын ала жылытқан жаялықтарға қабылдайды. Нәрестені кептіріп сүртеді, содан кейін анасының ішіне жатқызады. Қысқыштар арасында кіндік бауын кеседі. Көздеріне (қыздарға жыныс жолдарына) 1 % тетрациклин немесе эритромицин майын туылғаннан кейін бір сағат ішінде жағады. Нәрестені тығыз орауға болмайды. Нәрестенің салмағын және бойын барлық жылулықты қорғау ережелерін сақтауымен екінші сағаттың соңында жүргізеді.

1

0,9

0,7

0-0,5

Кезең бойынша максималды балл - 4


Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет