Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың



бет55/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64
Байланысты:
17.11 акт слайд, 1574233575368
Талқылауға арналған сұрақтар

1. Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси стилінің басты ерекшелігі неде?

2. Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси стилінің негізі, оның бірегей саяси ерекшілігі не?

3. Нұрсұлтан Назарбаевтың отандастары үшін нағыз ұлттық көшбасшы болған саяси қайраткер ретінде негізгі сипаттамасы не болып табылады?




«Мен үшін елімді дамыған елдердің сапына тұрғызып,

санатына қосудан үлкен мақсат жоқ».

Н.Ә. Назарбаев

11-кейс

«Ел ертеңін ойлаған Елбасы»
Мақсаты мен міндеттері:

  1. Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, батылдыққа, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;

  2. Елбасының азаматтық,патриоттық портретін баяндай білу дағдысын қалыптастыру.

  3. Елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу;

Сабақ түрі: Топтық жұмыс

Мұғалімнің негізгі функциясы ол бағыттаушы, сабақ үстіндегі процесті ұйымдастырушы, ой қозғаушы. Оқушылардың пікірін қолдап, тақырыптың аясында сұрақтар қойып қорытындылап отырады. Сыныпта дисскусиялық жағдай орнатып, сол арқылы оқущылардың қызығушылығын оятуға, белсенділігін арттыруға тырысады.


САБАҚ БАРЫСЫ:

1 КЕЗЕҢ (5 минут)

Бастапқы кезеңде мұғалім оқушыларды топқа бөліп, мәтіндерді үйлестіреді. Әр топ өзі таңдаған мәтін бойынша жұмыстанады. Мұғалім оқушыларға мәтінмен танысуын сұрап, негізігі ойды немесе бүгінгі тақырыпты анықтауды ұсынады.


ІІ КЕЗЕҢ (20 минут)

Оқушыларға мәтінмен жұмыс кезінде төмендегі сұрақтар аясында талдау жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Оқушылар топтық жұмыс кезінде өз ролдерін бөліп алады. Мұғалім оқушылардың пікірі аясында қосымша сұрақтар қойып, ойларын қорытындылап, баға беріп отыруға және оқушылардың өздеріне кері байланыс жасауға мүмкіндік жасап отырады.



Тапсырма:

  1. Берілген мәтін тақырыбы мен идеясын неде?

  2. Елдің перзенті болу деген сөзді қалай түсінесіз? (мәтін бойынша мысалдармен дәлелде)

  3. Ежелден ер тілегі – ел тілегі.

  4. Адал ұл ер боп туса – ел тірегі

Мына афоризмді мәтінмен қалай байланыстырасын («Елім үшін не істей аламын?»- деген ситуациялық сұраққа жауап беріп анализ жаса)
1. Жаһандық жасампаз істердің бастауы

«Ата-бабамыздың ғасырлар бойы асыл арманы болып келген егемен Қазақстанды құру жөніндегі тарихи аманаты 1991 жылғы 1 желтоқсанда бірауыздан Мемлекет Басшысы болып сайланған Тұңғыш Президент - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың басшылығымен іске асты.. Бұл даусыз шындық. Ғасырлар бойы бабалар армандаған тәуелсіздіктің туы көкте желбіреді. 150-ден астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас орнатып, өзге мем­лекеттердің даму жолдарын саралай келе, өзінің даңғылын таңдады. Қазақстанның шынайы егемендігін қамтамасыз еткен маңызды мемлекеттік актілерге қол қойылды. Мәселен, 1991 жылдың 29 тамызында Нұрсұлтан Назарбаевтың Семей ядролық полигонын жабу туралы Жарлығы шықты. Бұның өзі Елбасының ерлігін жер-жаһанға паш еткізіп, кейіннен әлем мойындаған бастамаға ұласты. Ядролық қарусыз әлемге қарай қадам басқан жаһандық қозғалыстардың да бірден бір бастауы осындай Президент шешімінен туындаған еді. Сондай-ақ 1991 жылдың 25 қазанында Президенттің Жарлықтарымен Қауіпсіздік кеңесі және мемлекеттік қорғаныс комитеті құрылды. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конс­титуциялық заңы 1991 жылғы 16 желтоқсан күні қабылданды. Осы заң негізінде Қазақстан өзінің Тәуелсіздігін жария етті.
2. Елін сүйген, елі сүйген Елбасы

«Қазақстан-2030», «Қазақстан-2050» стратегиялары, «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» даму бағдарламасы, «Мәңгілік ел» патриоттық актісі, «Әлем. XXI ғасыр» манифесі және Қазақстан тәуелсіздігін жариялауға, еліміздің бас қаласын Ақмолаға (қәзір - Нұр-Сұлтан) көшіруге, Президентті ұлықтау рәсіміндегі, әлемдік деңгейдегі форумдар мен конференциялары еліміздің жарқын келешекке жетелейді. Тұңғыш Прези­дентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жетекшілі­гімен елімізде экономикалық, әлеуметтік, құқықтық және саяси түбегейлі өзгерістер жүзеге асырылғандығын бөле-жара атап көрсету қажет. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы Елбасы белгілеген және батыл жүргізген бағыт өзін-өзі ақтады және алдағы уақытта да өміршең болатындығын дәлелдеп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүр­гіз­ген бұл саясаты мен бағыты қазіргі уақытта «Қа­зақ­станның даму жолы» ретінде дүниежүзі қауымдастығынан мойындалды. 2012 жылдың 13 қарашасында Қазақстанның БҰҰ адам құқықтары бойынша Кеңесінің мүшесі болып сайлануы да Елбасының қоғамды реформалауға қатысты іс-шараларының әлем тарапынан танылғанын көрсетеді. Қазақстанның Тәуелсіз­дігі мен Елбасы еңбегінің бір-бірімен тығыз ұштасып жатқандығын, олардың бір-бірімен ажырағысыз егіз ұғым екендігін ақиқат есебінде тарих алдымызға тартып отыр. 
3 Н.Ә.Назарбаевтың кітаптары:



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет