Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың


Қазақстан Республикасы Президентінің Өкілеттігі



бет7/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64
Байланысты:
17.11 акт слайд, 1574233575368
2. Қазақстан Республикасы Президентінің Өкілеттігі:

1) жыл сайын Қазақстан халқына елдегi жағдай және Республиканың iшкi және сыртқы саясатының негiзгi бағыттары туралы ауызша не жазбаша жолдау арнайды;

2) Парламентке және оның Палатасына кезектi және кезектен тыс сайлау тағайындайды;

3) Парламент Мәжілісінің келiсiмiмен Республиканың Премьер-Министрiн, Үкімет мүшелерін, сыртқы істер, қорғаныс, ішкі істер, әділет министрлерін қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады;

4) Парламент Сенатының келiсiмiмен Республика Ұлттық Банкiнiң Төрағасын, Республиканың Бас Прокурорын және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасын қызметке тағайындайды, оларды қызметтен босатады.

5) Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкiлдiктерiнiң басшыларын тағайындайды және керi шақырып алады;

6) мемлекеттiк бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды бекiтедi;

7) республикалық референдум өткiзу туралы шешiм қабылдайды;

8) келiссөздер жүргiзедi және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды;

9) Республика Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы Бас Қолбасшысы болып табылады, Қарулы Күштердiң жоғары қолбасшылық құрамын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

10) Республиканың мемлекеттiк наградаларымен марапаттайды;

11) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау, оны сақтау және одан шығу, Республика азаматтығын қалпына келтiру туралы шешiм қабылдайды; саяси баспана беру мәселелерiн шешедi;

12) Қазақстанның бүкiл аумағында не оның жекелеген жерлерiнде төтенше немесе әскери жағдай енгiзу туралы шешім қабылдайды;

13) Республика Конституциясына және заңдарына сәйкес басқа да өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасының Президенті Конституция мен заңдардың негізінде және оларды орындау үшін Қазақстанның бүкіл аумағында міндетті күші бар жарлықтар мен өкімдер шығарады.

https://kodeksy-kz.com/ka/konstitutsiya/44.htm




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет