Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың


Нұрсұлтан Назарбаев – көрнекті тұлға



бет9/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64
Байланысты:
17.11 акт слайд, 1574233575368
Нұрсұлтан Назарбаевкөрнекті тұлға

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы жайлы «ол халықтан шыққан» дейді. Нұрсұлтан Назарбаев ауылда қарапайым отбасында өсіп, қарапайым адамдардың қажеттіліктерімен жақсы таныс. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бері Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасының қызметі, барлық әлеуметтік-экономикалық реформалар халықымыздың игілігі үшін ғана жүргізіліп жатқанын сеніммен айтуға болады. Қазақстанда барлық деңгейдегі жаңа оқу орындары, ауруханалар салынуда, қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға және әл-ауқатын арттыруға бағытталған бірқатар әлеуметтік бағдарламалар іске асырылуда. Халықпен тұрақты кездесу өткізіп, Нұрсұлтан Назарбаев халықтың өмірін әрдайым бақылауда ұстайды, еліміздің әр өңірін назардан тыс қалдырмайды, республиканың барлық проблемалық мәселелері туралы хабардар.

Тәуелсіздік жылдары еліміздің азаматтары Тұңғыш Президентке сенім білдірді. 2011 жылғы кезектен тыс сайлауда Нұрсұлтан Назарбаев сайлаушылардың 95% - дан астамын жинап, сенімді жеңіске жетті. Халықтық осындай қуатты қолдауы мен тұрғындардың сенімі арқасында Президент өзінің барлық идеялары мен бастамаларын табысты жүзеге асыруда, елді экономикасы дамыған, әлеуметтік кепілдіктері және қоғамдағы тұрақтылығы бар көшбасшы мемлекеттер қатарына қосуда. Биыл барлық қазақстандықтар маңызды дата – «Қазақстан-2030» стратегиясының 15 жылдығын атап өтеді. Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының осы Жолдауында алғаш рет ел дамуының ұзақ мерзімді басымдықтары анықталды: білім беру, медицина, салауатты өмір салты және т. б.

Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының құру және оның жұмысын ұйымдастыру бойынша атқарған еңбегі де орасан зор. Қазақстан халқы Ассамблеясы алаңында жыл сайын түрлі ұлт өкілдері, діни нанымдар мен конфессиялар кездеседі.

Қазақстанның ең өзекті жетістігі ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі және 2010 жылы өткізілген ЕҚЫҰ-ның Астана Саммиті екені сөзсіз. Көптеген елдердің сарапшылары Қазақстанның ЕҚЫҰ-ның төрағасы ретінде басты әлемдік орталықтар арасындағы ұстанымдарды жақындастырудың ең дана және көреген форматын таңдағандығының маңыздылығын атауда.

Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың әлемдік деңгейдегі ықпалды саясаткер және дәйекті, жан-жақты жаңғыртуды жақтаушы екенін тағы да бір көрсетті. Қазақстан басшысы Батыстың да, Шығыстың да президенттерімен бірдей оңай ортақ тілді табады.

Л.Н. Гумелев атындағы Еуразия ұлттық университетінде сөз сөйлегенде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаев «еуразияшылдық – ХХІ ғасырдың басты идеяларының бірі» деген ойға ерекше назар аударды. Еуразиялық идеяның үш негізі Қазақстанның бастамасы бойынша жүзеге асырылды: Еуразиялық экономикалық қоғамдастық (ЕврАзЭС), Азиядағы сенім және қауіпсіздік шараларын әзірлеу жөніндегі кеңес (СВМДА) және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы (ШОС).

https://yvision.kz/post/446608




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   64




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет