Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептегі мұҒалім шығармашылығының РӨЛІ


Республиканың білім беру мазмұнын жаңарту барлық білім беру жүйесін, сондай-ақ, шағын жинақты мектептерді де қамтиды. Сондықтан ШЖМ мұғалімдеріне төмендегідей талаптар қойылады



бет3/4
Дата06.01.2023
өлшемі5,26 Mb.
#165063
1   2   3   4
Байланысты:
Тематика дипломных работ

Республиканың білім беру мазмұнын жаңарту барлық білім беру жүйесін, сондай-ақ, шағын жинақты мектептерді де қамтиды. Сондықтан ШЖМ мұғалімдеріне төмендегідей талаптар қойылады:

  • Республиканың білім беру мазмұнын жаңарту барлық білім беру жүйесін, сондай-ақ, шағын жинақты мектептерді де қамтиды. Сондықтан ШЖМ мұғалімдеріне төмендегідей талаптар қойылады:
  • - өздігінен білім жетілдірудің тиімді әдіс-тәсілдерін таңдау;
  • - оқытудың оңтайлы әдістерін іріктеу, таңдау және құрастыра білу;
  • - әр түрлі жастағы оқушылар ұжымын басқара білу;
  • - оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасын іздестіру;
  • - үздіксіз кәсіби деңгейін көтеру және жетілдіру;
  • - оқытудың жаңа технологиялары мен интерактивті әдістерді кеңінен оқып-үйрену, практикаға ендіру.
  • Бұл талаптар мұғалімдерден үлкен шығармашылық еңбекті қажет ететіні анық. Шығармашылық – бұл мұғалімнің күнделікті өмірде өзін - өзі тануға ұмтылуы, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі.
  • Ғылыми әдебиеттерде шығармашылықтың төмендегідей түрлері анықталған:
  • 1) материалдық-техникалық;
  • 2) рухани-теориялық; 
  • 3) әлеуметтік-ұйымдастырушылық;
  • 4) педагогикалық;
  • 5) көркем-шығармашылық т.б.
  • М.М.Поташник мұғалімнің шығармашылығы мына жағдайларда көрінеді деп санайды:
  • 1) мәселені шешудегі тапқырлықта;
  • 2) жаңа формалар, әдістер, тәсілдер, технологиялар жасап, оларды тиімді қолдана алуда;
  • 3) белгілі тәжірибені жаңа жағдайда тиімді пайдалана алуда;
  • 4) жаңа міндеттерге сәйкес белгілі ақпаратты жетілдіріп, өзгерте алуда;
  • 5) жоғары интиуциямен нақты есеп негізіндегі сәтті импровизацияда;
  • 6) бір мәселені шеше алудың бірнеше жолдарын көре алуда;
  • 7) нақты педагогикалық іске әдістемелік нұсқаулар мен теориялық ережелерді трансформациялап жасай алуда.
  • Шығармашылық әрекетте мұғалімнің өз еңбегіне сыни тұрғыдан қайта қарауы, қанағаттануы, оны орындаудағы дербестігі, жағымды түрткінің қалыптасуы тағы басқалар маңызды орын алады. Сонымен қатар, шығармашылық қабілеттерді жетілдіруде мұғалімнің жалпы білімнің тереңдігі, сараланған арнайы білімдер, дамыған ақыл-ой қабілеттері мен оның икемділігі, өнертапқыштыққа және еңбектегі жаңалыққа қуана білу, мәселені терең түсіне білу және оны шешудің ең тиімді жолын таңдап алу, көңіл-күйінің бір қалыптылығы, шыдамдылық, бастаған істі аяғына дейін жеткізе алу, тәуекелге бел байлай білу, саналылық, белсенді өмірлік ұстаным тәрізді сапалары дамиды.
  • Ал, озат ұстаз оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту барысында оқыту мен тәрбиелеу әдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі шығармашылықты тұлға болып дамиды. Бұл ретте ізденімпаз мұғалім оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін төмендегідей шарттарды орындауы тиіс:
  • - шығармашылық қабілетін дамытуды ерте бастан қолға алу;
  • - оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай туғызу; - жүйелі түрде шығармашылық әрекет жағдайында болуы; - ойлау мүмкіндігінің ең жоғарғы деңгейіне жету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет