Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептегі мұҒалім шығармашылығының РӨЛІ



бет1/4
Дата06.01.2023
өлшемі5,26 Mb.
#165063
  1   2   3   4
Байланысты:
Тематика дипломных работ

БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ

  • «ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ –
  • рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген,
  • педагогикалық құралдардың барлық түрлерін
  • шебер меңгерген білікті маман, өзін - өзі әрдайым
  • жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға.
  • Ол жоғары білімді шығармашыл тұлғаны
  • қалыптастырып, дамыту үшін жауапты»
  • Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев
  • Еліміздің барлық аймақтарындағы шағын жинақты мектептер білім беру саласының басты ерекшелігінің бірі болып отыр. 
  • Шағын жинақты мектеп - бiлiм алушылар контингентi шағын, сынып-жинақтары бiрiктiрiлген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзiндiк нысаны бар жалпы білім беру мекемесі [1].
  • Статистикалық деректер бойынша, жалпы республика бойынша біріктірілген 1-4 сыныптар 4398 (33250 бала), 5-9 сыныптар - 2012 (15201), 10-11 сыныптар – 17 (110). Қазақстанның 7576 жалпы білім беретін ұйымының 4288-і - ШЖМ. Бұл жалпы санның 56,5 %-ын құрайды. Ауылдық жерлерде 6032 жалпы білім беретін мектеп бар. Оның 4139-ы ШЖМ. Бұл барлық санның 68,6 %-ы. 1913 қала мектебінің 149-ы - ШЖМ. Бұлар оқушы санының аздығымен, сыныптарды біріктірумен, мұғалімдердің көп пәннен сабақ беруімен сипатталады.
  • Қазақстан Республикасындағы халық тығыздығының әркелкілігі аталған проблеманың өңірлік аспектісіне негізделген: ШЖМ-ның басым көпшілігі Солтүстік Қазақстан (облыстағы барлық мектеп санының 88,1 %-ын құрайды), Ақмола (81 %), Қостанай (77,5 %), Павлодар (76,5 %), Батыс Қазақстан (72,9 %), Ақтөбе (67,5 %), Шығыс Қазақстан (67,9) Қарағанды (58,9 %) облыстарында [2].
  • Жалпы елімізде шағын жинақты мектептердің үш типі жұмыс істейді:
  • - бастауыш шағын жинақты мектептер;
  • - негізгі сатыдағы шағын жинақты мектептер;
  • - жоғарғы сатыдағы шағын жинақты мектептер.
  • Шағын жинақты мектептің өзіндік ерекшеліктері және қиындықтары бар. ШЖМ мұғалімдерінде кездесетін көптеген қиындықтарды оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда міндетті түрде ескеру қажет, атап айтсақ:
  • -материалдық-техникалық базасының әлсіздігі және инфраструктураның нашарлығы;
  • - параллель сыныптардың болмауы;
  • - оқушылар санының аздығы;
  • - біріктірілген сыныптарда оқытудың қиындығы;
  • - оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз етілудің жеткіліксіздігі.
  • Міне, осылайша, қазіргі таңда шағын жинақты мектептердің ерекшеліктері:
  • - біріктірілген сыныптармен;
  • - біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасауы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет