Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында шағын жинақты мектептегі мұҒалім шығармашылығының РӨЛІ



бет4/4
Дата06.01.2023
өлшемі5,26 Mb.
#165063
1   2   3   4
Байланысты:
Тематика дипломных работ

Бүгінгі таңда «тұлғаға бағдарланған» оқу үдерісін жүзеге асыру кезінде мұғалімнің өзіндік шығармашылығының орны ерекше. Осы орайда оқу үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану сапалы білім беру негізгі шартының бірі болып табылады. Бұл ретте білім берудің мазмұнын жаңартып, инновациялық технологиялардың ішінен интербелсенді әдістерді өз тәжірибемізде қолданудың маңызы зор.

  • Бүгінгі таңда «тұлғаға бағдарланған» оқу үдерісін жүзеге асыру кезінде мұғалімнің өзіндік шығармашылығының орны ерекше. Осы орайда оқу үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану сапалы білім беру негізгі шартының бірі болып табылады. Бұл ретте білім берудің мазмұнын жаңартып, инновациялық технологиялардың ішінен интербелсенді әдістерді өз тәжірибемізде қолданудың маңызы зор.
  • Интербелсенді әдістер педагогикалық тәсілдердің өзгеруіне алып келіп, тыңдаушылардың өзіндік дамуына, оларды өз мүмкіншіліктері мен ұстанған құндылықтарын түсінуге және бағалауға жетелейді. Осы орайда білім беру үдерісінде мұғалімнің міндеті – тыңдаушылардың неғұрлым белсенділік танытуына жағдай жасау, қажет кезде жол көрсету болып табылады. Бұл ретте мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс істеуі үлкен рөл атқарады.

Білім алушылардың назарын оқу үдерісіне аудару үшін мұғалім интербелсенді оқытудың мынадай шарттарымен таныс болуы керек:

  • Білім алушылардың назарын оқу үдерісіне аудару үшін мұғалім интербелсенді оқытудың мынадай шарттарымен таныс болуы керек:
  • - жағымды психологиялық орта орнату (мысалы, биопоэма, ізгі-тілектер және т.б.);
  • - қызығушылығын арттыру үшін төтесінен қызықты да жұмбақ сұрақтар қою (мотивация, ұмтылыс тудыру);
  • - ұжыммен жұмыс жүргізу (психологиялық ойсергектер, кестелер толтыру). Егер осы шарттарды ретімен орындай алсаңыз, білім алушылардың психологиялық жағдайын анықтауыңызға әбден мүмкіндігіңіз болады.
  • Өз кезегінде интербелсенді оқытуда үйренушілер нәтижеге бірлескен қарым-қатынас пен әрекеттесу арқылы жететіндігін біледі. Сондықтан мұндай сабақтарда жағымды психологиялық климат пен өзара сенім ахуалын орнықтырудың маңызы ерекше. Соған орай мұғалім интербелсенді оқыту кезінде білім алушыларды ынталандырып, оларда ішкі мотивацияның пайда болуына және өзара әрекеттесуіне ықпал жасайды.
  • Сондай-ақ, бүгінгі күні білім беру жүйесі сабақ беру кезінде ақпараттық құралдардың кеңінен қолдануын қажет етеді. Осылайша білім беру үдерісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Оқытудың ақпараттық технологиясы бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар (кино, аудио және бейнеқұралдар, компьютерлер, электрондық оқулықтар телекоммуникациялық желілер). Білім беру үдерісін ақпараттандыру жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқытуды, әр білім алушының қабілетін жан-жақты дамыту үшін қолайлы жағдай туғызуды, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
  • Кез келген сабақта әр түрлі әдемі, жағымды суреттер, сызбалар, тәсілдер арқылы графикалық иллюстрациялар негізінде ақпараттық технологияларды пайдалану білім алушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
  • Қорыта айтқанда, дұрыс құрылған жоспар, нәтижелі сабақ, шығармашыл, ізденімпаз ұстаз ұйымдастырған жұмыстың нәтижесінде шәкірт жаңалыққа бейім болып, қазіргі әлеуметтік сұранысқа сай, өздігінен ғылыми ізденістер мен зерттеулер жасайтын, өзін-өзі дамытатын, белсенді әрекетке түсе білетін, тез шешім қабылдайтын, жүйелі түрде өзіне-өзі баға беріп, рефлексия жасап отыратын, мәдениетті, эстетикалық талғамы бар, білімге, өнердегі жаңалықтарға қызығушылығы басым, шығармашылықпен өзін-өзі үздіксіз дамытып отыратын жан-жақты тұлға болып қалыптасары анық.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет