Білім беру технологиялары: бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы


Шеберхананы ұйымдастыру төмендегі кезеңдерден тұрады



бет9/13
Дата08.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#171459
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Білім беру технологиялары бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже
kurmanbekov sim, 808 10075 71926, 1 - ОБСӨЖ,СӨЖ тапсырмасы (3), Оқушылардың оқу нәтижесін бағалау
Шеберхананы ұйымдастыру төмендегі кезеңдерден тұрады.

  • «Индукция» – қатысушылардың жұмыс алдындағы эмоционалдық көңіл-күйін көтеру, сезімдеріне әсер ете отырып, проблемаға бетбұрыс жасау. Бұл кезеңде шебер ашық-жарқын пікір айтуға лайық атмосфера жасауға мұмкіндік орнатуы қажет. Білім алушының мотивтерін оятуға бағытталған әрекеттер ұйымдастырылады.

  • «Социоконструкция» – барлық қатысушылардың элементтерін топта біріктіру.

  • «Афишалау» – шеберханада туған графикалық жұмыстарды ( кестені, модельді т.б.) іліп, аудиторияға таныстыру. Бұдан соң барлық қатысушылар аралап көріп өз ойларын айтады немесе жазады.

  • «Ағынан жарылу» – шеберханаға қатысушылар өздерінің білімдеріндегі олқылықтарды тұсініп, жаңа білім мен ескі білім арасындағы келіспеушілікті сезінуге келу сәті. Бұл білімді толықтыру ұшін әдебиеттер мен ғылыми еңбектерді оқуға ынталандырады.

  • «Рефлексия»– жұмыс соңындағы өзіндік баға. Жасалған әрекеттен туған сезімдерді бастан өткізу. Қорытындылар жасау, болашақты бағдарлау.

Білім сапасын арттыру мақсатын көздеген ғалымдарымыз бен әріптестеріміз қолданыстағы педагогикалық технологиялардың тиімділігін зерттеп, жан-жақты қарастырып, шетелдік және қазақстандық ғалымдар жаңашылдығын тәжірибе-сынақтан өткізуде. Осы тұста американдық ғалым Б.Блум таксономиясына тоқтала кетіп, жас әріптестерімізді хабардар етуді жөн көрдік.
Б.Блум таксономиясы – өз бойында таным өрісінің мақсаттарын жинақтай бейнелейтін жүйе. Блум таксономиясының оқуға ынталы әрі қабілетті әр шәкірттің оқу материалын толық меңгеру жүйесіне (ТМЖ) қажет психология-педагогикалық шарттарын жасайтынын білуіміз де қажетті мәлімет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет