Білім беру технологиялары: бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы


ұсынылған ақпараттан қажеттіні анықтай алу



бет7/13
Дата08.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#171459
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Білім беру технологиялары бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже
kurmanbekov sim, 808 10075 71926, 1 - ОБСӨЖ,СӨЖ тапсырмасы (3), Оқушылардың оқу нәтижесін бағалау
ұсынылған ақпараттан қажеттіні анықтай алу;

  • жүйелеу, біріктіру, салыстыру, дәлелдеу немесе жоққа шығару;

  • әрекеттің жоспарын құрастыру: нобайлау, себебін анықтау, салдарын анықтау;

  • жаңа қызметін анықтау; қарама-қайшылықтарды шешу; мәселелерді іздестіру; ғылыми заңдылықтар мен теорияларды талдау.

    ТРИЗ-технологиясындағы фокальдiк объектiлер әдiсiне ғана тоқталып өтсек, оны меңгеру төмендегіше жүргiзiлдi:
    1. Жетiлдiрудi талап ететiн объект таңдап алу;
    2. Оған басқа кез келген объектiнiң сапалық белгiлерiн қосады.
    3. Алынған «жаңа объектiнi» түсiндiру кезеңдеріне қатысу.
    Мысалы: объект- ән. Екiншi объект – дәрi. Оның сипаттары ақ, дөңгелек, ерiгiш, емдегiш, т.б. Бұл сапаларды әнге таңғанда – ақ ән, дөңгелек ән, ерiгiш ән, емдегiш ән болып шығады. Нәтиженi түсiндiру үшiн қиялға жол берiледi. Ақ ән «ақ» сөзi бар немесе ақ тiлектер туралы ән. «Ақ маңдайлым», «Ақ сұңқарым», «Ақ мамам», «Ақ тiлек» т.б. Дөңгелек әнге күн, ай, шар, сақина, жер сияқты дөңгелек заттар туралы әндердi жатқызуға болатындығы анықталды. Ерiгiш ән – деп халық арасына кең тарай алмай жоқ болып, ұмытылып кеткен әндер жатады деген, ал емдегiш әндерге керiсiнше адамдардың жан-жүрегiне әсер етiп, жақсы эмоциялар туғызатын, сезiмдерге бөлейтiн әндер жатады деген ұйғарым жасалды. Бұл қиял әлеміне қанат қағып, ұқсамайтын ұғымдарды үйлестіруге, солар арқылы жаңа ойлар тудыру мен тың ұсыныстар жасап ұсынуға машықтандырады. Бұл мүмкіндікті сабақта пайдалану – бала сезамі мен ізденіске құштарлығын арттырар еді.
    Қазақстан мұғалімдері танысып, қолдау көрсетіп, өз тәжірибесіне кіріктірген шетелдік танымал технология, бағдарлама, әдістемелер де бүгін ізденісімізге арқау болуда.
    Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту (RWCT)
    Әлемдiк озық идеялар негiзiнде жасалған жобалардың бiрi – американдық педагог-ғалымдар Чарльз Темпл, Куртис Мередит, Джинни Стилл ұсынған «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» (RWCT) бағдарламасы.
    «Сыни ойлау» түсінігіне анықтама бере отырып белгілі ғалым Дайана Халперн – ол ойлаған нәтижеге жету үшін танымдық техникаларды пайдалану арқылы шығармашылықпен әрі қарай бағыттай ойлану – деген пікір білдіреді. Технологияның философиясын түсіну үшін осы жерде сыни ойлау ұғымының мәнiн ашу қажеттiлiгi туындайды. Сыни ойлау «сын» сөзімен төркiндес болғанымен сынау, сын айту, мінеу деген түсiнiктi бермейдi. Бұл – шыңдалған ойлау үлгiсi. Сыни ойлау –өзiндiк және жеке ойлау. Өйткенi бұл ойлау барысында әркiм өз ойын және пiкiрiн басқалардан тәуелсiз құра алады. Мәселенi өз бетiнше шешудi қамтамасыз етедi. Мысалы: өз пiкiрiн еркін айту, өзгенің пікірін сынамай есепке алу, шыдамдылық сақтай айтылған ойдан қежттілікті табуға ұмтылу, бiрлесе ойланып, ортақ шешiм қабылдау, т.б. Сол себептi бұл бағдарлама өздерiнiң кәсiби әрекетiне өзгерiс енгiзуге ұмтылатын және бiлiм беру жолын әр түрлi тәжiрибе тұрғысынан талдай алатын мұғалiмдерге арналады.
    Сыни ойлауды дамыту технологиясының дәстүрлі оқытудан басты айырмашылығы білімнің дайын күйінде берілмеуі. Нақты жағдайда «мынаны былай жасау керек» деп көрсетпей, оқушының өзінің шығармашылық ойлауының орын алуына мүмкіндік беру, шешім қабылдауға үйрету, жауапкершілігін арттыру.
    Технологияның құрылымы 3 кезеңнен тұрады:
    1. Қызығушылықты ояту;
    2. Мағынаны тану;
    3. Ой толғаныс.
    Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлаудың үш кезеңімен жұмыс

    жасауға болады.

    1. Қызығушылықты ояту






    Мұғалім әрекеті. Бұл кезеңнің міндеттері

    Оқушының әрекеті

    Қолданылатын әдіс-тәсілдер

    Тақырыпқа байланысты білімдерін пайдалана отырып, оқушы белсенділігін арттыру, алдағы жұмыстардың желісін тарту.

    Оқушы осы тақырып бойынша білетіндерін "еске түсіреді" (зейіні бағытталады), мәліметтерді жүйелеп, өзіне қажет мәліметтерді білуге ұмтылады.

    "Өзіне мәлім ақпараттар" тізімін жасау, әңгімелеу:
    - тірек сөздер арқылы мәліметті жүйелеу;
    - материалды (графикалық нұсқада: кластер, сызба-кесте) жүйелеу;
    - дұрыс немесе бұрыс пікірлер;
    - орны ауысып кеткен қисынды ойлар,т.б.




    1-кезеңде алынған мәлімет жазылады, тыңдалады, талқыланады, жұмыстар жеке - жұптаса – топтаса орындалады.

    2. Мағынаны тану






    Жаңа ақпаратармен жұмыс барысында қызығушылық пен қажеттілікті айқын сезіну мүмкіндіктерін тудыру, білім мен мәліметтер қорын "ескіден" "жаңаға" молайтуды мақсат тұту.

    Оқушы мұғалім ұсынған әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып мәтінді оқиды (тыңдайды), жаңа мәліметтерді белгі қою немесе ойын қорыта жазу арқылы меңгеру қадамдарын жүзеге асырады.

    Оқытудың белсенді әдістері:
    - "v", "+", "-", "?" белгілерін пайдалана (оң жағына) белгілеп отыру;
    - екі түрлі күнделік, борт журналын толтыру секілді түрлі жазба әдістерін қолдану;
    - сабақтың бірінші кезеңінде туындаған сұрақтарына жауап қарастырып, жазу, т.т.




    Жаңа ақпараттарды шын мәнінде тұшыну мүмкіндіктерін жасау: әр балаға мәтінді таратып беру, фильм, дәріс, параграф материалдарын слайд түрінде беру, жұмыс жеке немесе жұптасқан түрде жүзеге асады.

    3. Ой толғаныс






    Оқушыны бастапқы жазғандарына оралтып, болжамдары ойларын нақты ақпаратпен салыстыра өзгерістер, толықтырулар енгізу, тақырыпқа байланысты шығармашылық пен ізденіске жетелер практикалық тапсырмалар орындату.

    Оқушы өз қорындағы "жаңа" мәліметтерді "ескілерімен" салыстыра қарап, мағынаны тану кезеңіндегі алынған ақпараттарды пайдалана отырып, жаңа игерілген материалды тапсырмаларды орындау барысында қолдану мүмкіндігіне ие болады.

    - Кластерлер, сызба-кестелерді толтыра отырып, ақпараттық топтамалар арасындағы байланысты бағамдау;
    - тірек сөздерге оралу, дұрыс пен бұрысты қарастыру;
    - қойылған сұрақтарға жауап;
    - ауызша және жазбаша пікірлерді ұйымдастыру;
    - пікіралмасу түрлерін ұйымдастыру;
    - шығармашылық жұмыстар (синквейн, эссе, суретті бейнелеу) жасату;
    - тақырыптың жеке мәселелерін талдатуға мүмкіндік, т.б.




    Шығармашылық ізденіс, талдау, интерпретация және т.б. ақпаратты зерделеу жұмыстары жеке - жұппен – топпен атқарылады.







    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет