Білім беру технологиялары: бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже Боранбаева Ғалия Тұрсынқызы Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы


Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдістемесі



бет8/13
Дата08.03.2023
өлшемі0,8 Mb.
#171459
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Білім беру технологиялары бағдар, ізденіс, сапалы нәтиже
kurmanbekov sim, 808 10075 71926, 1 - ОБСӨЖ,СӨЖ тапсырмасы (3), Оқушылардың оқу нәтижесін бағалау
Эдвард де Бононың «Ойлаудың алты қалпағы» әдістемесі
Жұмыс кезеңдерін нақты белгілеп, жүйелі де ретті жұмыс істеуге бағыт береді. Бұл адамның ойлау сатыларына бағдар берумен қатар, мұғалімнің де жұмыс барысындағы дирижерлік, яғни басқара білу шеберлігін шыңдайды. Мұндағы түстер адамның ойлау қабілетінің қыры мен сырын таныту мақсатында бейімдей алынған. Ол ұлттық ұғымымызға орай да пайдалануға болады.

  • Ақ қалпақ. Алғаш көргенде бұл перденің ішінде не барын сезіне алмайсың. Ал үңіле қарасаң – қайнап жатқан ақпараттар мен араласқан мәліметтер берер алаң. (Бабаларымыз ақ түсті турашылдық, адалдық, шындық белгісі деп таныған.)

  • Қызыл қалпақ. Қызыл түс – эмоция, интуиция, сезіну (қазақта «қаны басына шапты», «ұяттан өртенді» және т.б. тұрақты тіркестер бар).

  • Қара қалпақ. Ақиқатты көру, сақтану мен ойлану, келесіде алдын алуға ұмтылу (халқымыздың қара түс – тылсым, өз бойына құпиялар сыйдырған деген ұғымына сай)

  • Сары қалпақ. Оптимизм, сәулелі өмірге талпыныс, позитивті ой, жетістіктер мен пайдалы нәтиже. (Ғалымдар көне түркі тілінде Зарина есімі сары яғни алтын деген сөзден шыққан деп түсіндіреді. Байлық ұғымымен байланысты болса керек, сарғайған сағынышқа да теңейді, алайда сағыныш та ұмтылу, іздеу емес пе?! )

  • Жасыл қалпақ. Жаңа идея, альтернативті ойлар туындауы. (Қазақта өсіп-өркендеу, жайқалып өркен жаюды білдіреді.)

  • Көк қалпақ. Көк түс – байсалды да сабырлы салқындық. Ізденісті басқару, идеяларды таразылай қорыту, күтілетін нәтижені ойластыру, болашаққа бағдар. (Көк түс – аспан, заңғар биік, ал жоғарыдан бүкіл атырап алақандағыдай көрінеді емес пе?!)

Педагогикалық шеберхана
Бұл технологияның идеясы Францияның озық педагогтарының ЖФЭН («жаңа білім») қоғамының мүшелерінің еңбектерінде қарастырылады.
Шеберхана – оқу үрдісін ұйымдастырудың жаңа формасы. Шеберхананың мақсаты – оған қатысушыларды шығармашылық үрдіске тарту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет