Білім берудегі менеджмент



бет9/41
Дата18.10.2022
өлшемі276,86 Kb.
#153595
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41
Байланысты:
Менеджмент Арай
Жоспар және методика, Молекулалық физика[122], Кәсіби бағытталған шет тілі МАТЕМ (2) (1) (1), Funktsionalnye materialy O, Сыныпта социометриялық зерттеу жүргізу
Бақылау сұрақтары:

      1. Менеджмент терминіне анықтама беріңіз

  1. Менеджментке кәсіби қызмет түрінде анықтама беріңіз

  2. Менеджмент басқару туралы ғылым ретінде қалай дамыды?

  3. Менеджменттің америкалық типі

  4. Менеджменттің жапондық типі

  5. Менеджменттің батыс еуропалық типі



Тақырып 2. Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде
Жоспар

  1. Білім берудегі басқару түсінігі

  2. Педагогикалық менеджмент теориясының негізгі түсініктері

  3. Педагогикалық менеджмент мақсаттары мен міндеттері

  4. Педагогикалық менеджмент әдістері

Негізгі түсініктер: білім беруді басқару, педагогикалық менеджмент, білім берудің сапасы, жүйе құраушы факторлар, мемлекеттік-қоғамдық басқару

Өндірісті шоғырландыру мен жаратылыстану техникалық білімдері жетістіктері нәтижесінде басқаруға ғылыми жүйе ретінде қызығып көңіл бөлу 20 ғасырдың басынан орын алды. 1911 жылы жарияланған Фредерик У.Тейлордың «Ғылыми басқару қағидалары» атты еңбегі осы үлкен ғылыми бастаманың ұйытқысы еді. Тейлордың пікірінше тиімді ғылыми басқару ұдайы бақылау, тәжірибе жасау және ой- саналық, топшылау арқылы анықталған көрсеткіштер көмегімен бизенсті жпандандыратын қызмет саласы болып саналады. Тейлор өз теориясын тұжырымдай келе, мынадай тоқтамға келеді: «дәстүрлі әдістің орнына – ғылым, қарама- қарсылықтың орнына – үйлесімділік, дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық, еңбек өнімділігін арттыру, өте қажетті барынша қолайлы жағдай жасау...»


Басқару ол біздің айналамыздағы дүние элементтерінің бірі болып табылады. Бірақ басқару процестерін тарихтан тыс және басқаруды жүзеге асыру саласынан қол үзген деп қарастыруға болмайды.
Басқарудың анықтамалары көп. Олардың кейбіреулері мынандай:

  • Басқару дегеніміз жүйенің жаңа сол жүйеге арналған күйге көшуі (академик Берг);

  • Басқару – не істеуге тура келетінін және мұны қайткенде, мейлінше жақсы және арзан істеуге болатынын білу өнері (Тейлор).

Басқарудың екі жағы бар. Бірінші жағы еңбек бөлінісінің қажеттігіне байланысты. Екінші жағы басқару қашанда билігі бар өкілеттікпен (әлеуметтік экономикалық аспект), белгілі бір мақсатты іске асырумен байланысты.
Барлық қоғамдық жүйелер ішінен зерттеу үшін басқару ғылымы қоғамдық өндірісті басқаруды таңдап алады. Ол мынандай буындардан: жалпы қоғамдық өндірісті басқару, материалдық игіліктер өндіруді басқару, рухани игіліктер өндіруді басқару және қызмет көрсетуді басқару буындарынан тұрады.
Бұл арада олардың арасында көлбеу байланыстар бар екені әбден айқын көрінеді. Материалдық игіліктер өндіру басым болады, өйткені басқарудың басты объектісі сол. Ол материалдық негіз ретінде рухани игіліктер өндіру мен қызмет көрсетуді алдын – ала анықтайды, ал сонымен қатар, олар материалдық игіліктер өндіруге ықпал жасайды.
Басқарудың бастапқы негізі басқарудың қалыптастырылуы мен мақсатын таңдап алу болып табылады. Адамның кез- келген қызметінің басты белгісі – нысаналы қызмет. Сондықтан да ерекше әлеуметтік қызмет ретінде басқаруға нысаналық тән.
Әлеуметтік басқарудың айырмашылығы мынада: басқару субъектісі басқару объектісіне қызметтің мақсатын анықтау жолымен ықпал жасайды.
Кең мағынасында алғанда, басқару дегеніміз - қоғамдық ұдайы өндірісті нысаналы түрде үйлестіріп отыру. Басқару табиғаттың барлық құбылыстарына тән. Бүкіл айналадағы дүниеден оның үш компонентін: өлі табиғаттағы тірі табиғатты және адам қоғамын бөліп көрсетуге болады. Мұның өзі басқару процестерін былайша ірі көлемде саралауға мүмкіндік береді: өлі табиғаттағы басқару процестері техникалық жүйелер (техникалық жүйелерді басқару), Ф. Энгельс еңбек құралдарын басқаруға «заттарды басқару» деген анықтама берген:

  • тірі организмдерді (биологиялық жүйелердегі) басқару процестері;

  • қоғамдағы (әлеуметтік жүйедегі) басқару процестері

Кәсіби педагогикалық іс-әрекет педагогикалық жүйелерді басқару мәнін, принциптерін, мазмұнын толық білуді қажет етеді.
Педагогикалық үрдісті басқару – қойылған мақсатқа сәйкес шешім қабылдау, ұйымдастыру, бақылау, басқару объектісін зерттеу, алынған ақпараттарды талдау және қорытындылау іс-әрекеті болып табылады.
Басқару объектісі биологиялық, техникалық, әлеуметтік жүйелер бола алады. Білім беру әлеуметтік жүйеге жатады және елдің, өлкенің, облыстың, қаланың және ауданның аумағында қызмет етеді. Сондықтан басқару субъектілері министрлік, облыстық, қалалық, аудандық білім беру басқармалары болып бөлінеді.
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.
Білім беру ұйымының тиімді қызмет атқаруы менеджментті ішкі басқару жүйесінің тұжырымдамалық негізі ретінде пайдалануға негізделеді, соның нәтижесінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда адамға бағдарланған тәсіл іске асырылып, ұйым қызметінің күтілетін нәтижелеріне қол жеткізуде барлық ресурстар жұмылдырылады.
Басқару әдісі - педагогикалық менеджмент оның негізгі функцияларының іске асыруындағы қойылған мақсаттарының іске асуы. Педагогикалық менеджмент әдістерінің төрт түрі. Ынталандырудың экономикалық әдістері. «Әркімнің қабілетіне,әркімге еңбегіне қарай» маңызды ұстаным. Педагогикалық қызметкерлердің санға және еңбек сапасындағы сәйкестіктеріне орай экономикалық ынталандыру әдістерін жетілдіру. Әкімшілік әдістер. Орындау қызметіндегі уақыттың шектелуін нұсқаулау, бұйрықтар талаптар және т.б. түрлеріндегі орындаушыларды инструкциялау және нормаға келтіру. Басқарудың автократиялық стилін қалыптастыру. Психология – педагогикалық әсерлердің әдістері.
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);
- əкімшілік – ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);
- психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау).

Бақылау сұрақтары:

    1. Педагогикалық менеджмент дегеніміз не?

    2. Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері қандай?

    3. Педагогикалық менеджменттің қандай әдістері бар?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   41




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет