Білім берудегі менеджменттің теориялық әдістемелік негіздері Кіріспе. Сабақтың мақсат-міндеттері


Анри Файоль ұсынған басқарудың 14 принципі (қағидасы)



бет6/9
Дата13.12.2022
өлшемі0,95 Mb.
#162502
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
менеджмент

Анри Файоль ұсынған басқарудың 14 принципі (қағидасы):
Анри Файоль ұсынған басқарудың 14 принципі (қағидасы):
8. Орталықтандыру және орталықсыздандыру. Орталықтандыру және орталықсыздандырудың ара қатынасы ұйым қызметінің тиімділігін қамтамасыз ететіндей болуы қажет;
9. Басшының иерархиясы. Ұйымды басқарушы лауазымды тұлғалардың нақты иерархиясы болуы тиіс. Бірақ бұл иерархия қатып қалған құрылым емес, ол қажет жағдайда өзгеріп отыруы тиіс;
10. Тәртіп. Әрбір адамға - өз орны, әр адам –өз орнында.
11. Әділдік. Әкімшіліктің бағынушыларға әділдігі мен сыйластығы. Мейірімділік пен төреліктің үйлесімділігі;
12. Қызметкерлер құрамының тұрақтылығы. Кадрлардың жоғары ағымы ұйым нәтижелігін кемітеді. Кадрлардың тұрақсыздығы нашар менеджерден.
13.Ынтагерлік. қызметкерлердің ынтасы – жұмыстың тиімділігін артырады және жанында жұмыс атқаратын адамдарды да ынталандырады, ұйымға күш пен қуат береді;
14. Қызметкерлерді біріктіру (корпоративтік рух-дем). Қызметкерлерді біріктіру оларға үлкен қауым мүшелері екенін сезіну мүмкіндігін беріп, қатыстылықты қажетсіну, бірлік – ортақ күш.
Джордж Элтон Мэйо (1880-1949). американ әлеуметтанушысы, психологы
Ол 13 жыл бойы жүргізген (4 кезеңнен тұрады) Хоторн эксперименттерінің негізінде, «адами қатынастар» мектебінің негізін қалаған.
Эксперимент қазіргі уақытта қызметкерлер менеджментіне жатқызылатын;
- жұмысшылардың еңбек уәж деңгейін арттыру міндетін шешумен;
- қызметкерлерді өндірісте жаңалықтарды жағымды қабылдауға психологиялық даярлау;
- қызметкерлердің ынтымақтастығын және олардың еңбек моралін дамыту;
- қызметкерлердің жеке дамуына ықпал ету факторы ретінде ұйымдастыру мен басқару шешімдерінің сапасын жақсарту мәселелеріне байланысты болды.
«Адам - «социобильдік жан», ол белгілі бір топқа қатыстылыққа бағдарланған және топтық тәртіп контекстіне енгізілген».
- қатал иерархиясы бар бюрократиялық ұйым адамның табиғаты және оның еркіндігіне үйлеспейді;
- кәсіпорын басшылары өнімге қарағанда, адамдарға көбірек бағдарлануы тиіс. Адамдарға жағымды жағдай жасау қажет;
- бір адамды марапаттауға қарағанда бүкіл топттың еңбегін марапаттау тиімдірек.
- Басшылықтың демократиялық стилі, еңбек және өзара қарым-қатынастарды қанағат тұту деңгейін арттыру, ынтымақтастық атмосферасын жасау - әлеуметтік марапаттау элементтері болып табылады.
Басқарушылардың назарын адамдардың еңбек қызметінің әлеуметтік және психологиялық аспектілеріне шоғырландыру – қоғамдағы қарама-қайшылықтарды шешудің және қоғамның әлеуметтік тұрақтылығын қамтамасыз етудің негізгі амалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет