Білім және ғылым министрлігі


-дәріс. Тақырыбы: Араланған, соғылған ағаш материялдарының және ағаш өнімінің басқа түрлерінің таксациясы



бет5/6
Дата01.04.2017
өлшемі1,1 Mb.
#12900
1   2   3   4   5   6

11-дәріс.

Тақырыбы: Араланған, соғылған ағаш материялдарының және ағаш өнімінің басқа түрлерінің таксациясы.

Жоспар:

1. Аралау материялдарының таксоциясы.

2. .Аралау материялдарының негізгі түрлері.

3. Аралау материялдарының көлемін анықтау.

4. Сүректің шығындары мен қалдықтары.

1.Аралау материялдары пластиналарға төрттіктерге брусыларға кесектерге тақтайларға шпалдарға горбылдерге бөлінеді. (сурет 47)

Пластиналар бөренені бойлық осімен екі симметриялық бөліктерге аралауда ал төрттіктер әрбір пластинаны бойық осі бойымен екі симметриялық бөліктерге аралауда алынады.

Брусье – деп 10 см-ден артық ендікті және қалыңдықты аралау материялдарын айтады. Араланған жақтарының санына сәйкес екі үш және төрт кантты брусыларды көлденең қиманың формасы бойыншы үшкір және тұйық кантты ажыратады.

Кесектер - қалыңдығы 10см-ден аспайтын, ал ені еселенген қалыңдығынан аспайтын аралау материялдары болып табылады.

Тақтайлар – қалыңдығы 10см-ден аспайтын бірақ ені қалыңдығынан 2 есе және одан артық асып түсетін аралау материялдары болып табылады. Тақтайлар мен кесектердің кең жақтарын пласттар жақтарын жиектер пласттардың жиектермен қиылысқан сызықтарын қабырғалар деп атайды. Аралау материялдарында жиектер араланбаған немесе екі пласттарға перпендикуляр ұзындықтың бөлігінде немесе бүкіл ұзындықпен араланған болуы мүмкін. Осыған сәйкес аралау материялдарын, барлық жақтары бүкіл ұзындықпен немесе ұзындықтың жартысынан кем емес араланған кесінділерге және жиектерге мүлдем араланбаған және ұзындықтың жартысынан кем араланған кесінді еместерге бөледі. Геометриялық дұрыс паралепипедтің формасына ие аралау материялдарыын таза кесінділер деп атайды.

Аралау материялдарының жиектеріндегі бөренелердің дөңгеленген бүйір беттерінің қалдықтарын обзолдар деп атайды. Тақтайлардың пласттармен обзолдар тұйық бұрышпен және үшкір бұрышпен түйісуі мүмкін. Шпалдар ірі көлденең қимаға ие аралау материялдарының ерекше түрі болып табылады, және темір жол рельстерін қалауға қызмет етеді. Шпалдарды екі негізгі санатқа бөледі:кесілген, кесілмеген. Кесілмеген шпалдарды тек бір шпал кесіндісінен аралайды, ал кесінділер екі және одан артықтан. Қалың кряжалардың ортасынан діңнің өзекшесі кететін тақтайды аралайды. Көлденең қималардың өлшемдері мен формасы бойыншы шпалдар топтарға бөлінеді. Белгіленуіне байланысты шпалдар үш топта жасалынады.1.Басты жолдарға арналған. 2. Станциялық және кірме жолдарға арналған.3. Өнеркәсіптік кәсіпорындардың кірме жолдарына арналған. Басқа беті өңдеусіз қалатын бөрененің кесілген сыртқы бөлігін горбыль деп атайды. (сурет 47)

2.Аралау материялдарының негізгі түрлері:

1-пластина, 2-төрттік, 3-екі кантты брус, 4-үш кантты брус, 5- төрткантты брус, 6- кесек, 7-тақтай, 8,9- шпалдар, 10-горбыль.

Қатты жапырақты жыныстардан араланатын ұсақ тақтайшалар паркет деп аталады, олар еден төсеуге қолданылады. Паркет квадратты метрлерде есептелінеді. Ағаш қоймаларында және биржаларды аралау материялдарын штабелдерге қалайды. Үлкен қоймаларда және биржаларда әртүрлі ендікті және қалыңдықты тақтайларды әртүрлі штабелдерге қалайды. Әрбір штабелге жеке нөмір беріледі және есеп ведомстерінде штабелдегі тақтайшалардың санын жазып отырады. Тақтайшаларды қалаудың және сұрыптаудың осындай тәртібі олардың есебін және аралау материялдарын өткізкмен байланысқан, барлық қойма операцияларын жеңілдетеді. Шпалдарды даралап кейде көлем бойынша есептейді. Шпалдарды өткізу қабылдау барысында әрбір топқа белгіленген қималарға сәйкес формалары мен өлшемдерін трафареттердің көмегімен топтарын анықтау қажет. Жаңа ғана жасалған шпалдарды қабылдау барысында белгіленген өлшемнің үстінен кем дегенде 5мм-ден кептіруге припусктер беруі қажет. Қоймаларды өткізу барысында шпалдар барлық шпалдарды екі бүйірден қарауға және топтары жыныстары бойынша сұрыптауға болатындай етіп төсемдерде штабелдерге қалануы тиіс. Штабелдерді құрылыс қоқыстарынан ескі ағаш материялдарынан т.б. алыста ойпатта орналасқан, құрғақ жерлерде қалау қажет.Штабелдердің арасындағы қашықтықтың әрбір бес қатардан кейін 4м ажыраумен 1м болу керек. Шпалдар қаланған алаңқайлар тиеуге ыңғайлы болуы тиіс.

3.Аралау материялдарының көлемін анықтау.

Дөңгелек ағаш материялдарына қарағанда аралау материялдарының көлемін анықтау өте қажет. Аралау материялдары көбінесе геометриялық дұрыс формаға ие болады, сондықтан олардың көлемі қалыңдығы мен еніне ұзындығын көбейту жолымен табылуы мүмкін:

V=stl (94)

Мұндағы s - аралау материялдарының ені,см,t - қалыңдығы,мм,l – ұзындығы, м. Тәжірибеде әрбір жағдайда осындай есептеулерді жүргізу қиынға соғады, сондықтан әртүрлі ұзындықты қалыңдықты ендікті аралау материялдарының көлемдері берілген кестелер құрылған. Аралау материялдарының көлемің анықтауға арналаған кестелер жалпыодақ стандарты (МСТ 5306-64) ретінде бекітілген. Осы кестенің бөлігі мысал ретінде 12 кестеде берілген.

Кесте 12. 45мм қалыңдықты, 10-15см ендікте , 9 м-ге дейін ұзындықты кесектер мен тақтайлардың көлемі.(ОСТ 4552 бойынша)


  1. Тақтайлар мен кесектердің ені, мм; тақтайлар мен кесектердің ұзындығы,м;3)көлемі, м; 4) тақтайлар мен кесектердің ені,мм.)

Бөрененің көлемдер кестесінің алдында аралау материялдарының көлемдер кестесінің артықшылығы олар бойынша кестеде көрсетілмеген өлшемдерге ие,аралау маиериялдарының көлемдерін кейбір қосымша есептеулермен табуға болады. Егер, мысалы, 3м ұзындықты тақтайлардың көлемінен 4мм ұзындықты тақтайдың көлемін алу немесе 1м ұзындықты тақтайлардың көлемін 3 есе ұлғайту жеткілікті болады. Есептеу жұмыстарын қысқарту үшін әртүрлі өлшемдердегі қанша тақтайлар 1м-те болатыны көрсетілген, қосымша кестелер қолданылады.

Аралау материялдары үшін ені және қалыңдығы бойынша кептіруге әдіп белгіленеді, бұл қабылдауда ескерілуі қажет. Бұл әдіптің шамасы 2,5-7% арасында тербеледі, әлде аралау материялдарының ені мен қалыңдығы ұлғаюмен әдіп азаяды. Аралау материялдарының кубатурасын есептеуге әдіптің аралау материялдарының кубатурасын есептеуге әдіптің шамасы кірмейді. Мысалы, нақтылы 205 мм ендікке ие тақтайлар 200мм ендікті деп есептелінеді. Бұл жағдайағы 5мм айырма кептіруге келетін әдіп.

Аралау материялдарының стандарттарында қабылданған өлшемдері, 15 пайыз абсолютті ылғалдыққа ие сүрекке белгіленген. Стандарт өлшемдердің үстінен аралау материялдарын кептіруге кететін әдіптер үшін жеке стандарттар белгіленген. Кесілмеген тақтайлардың кубатурасын анықтау үшін олардың енін ұзындықтың ортасында өлшеу керек. Кесілмеген тақтайлардың ені оң және сол жақтарда бірдей емес болуы мүмкін болғандықтан, оларды өлшеу барсында екі жақтағы еннің арасындағы орташасын алу керек. Кесілмеген тақтайлардың көлемін таза кесілген аралау материялдарына арналған, кестелердің көмегімен ұзындығы ені қалыңдығы бойынша анықтайды. Үшкір кантты брусылерде көлденең қима квадратты немесе тікбұрышты сондықтан сондай көлденең қималардың көлемі сәйкесті квадраттан немесе тікбұрыштан кем болады. Тұйық кантты брустың көлденең қимасын анықтау үшін қалыңдығын а еніне в көбейтеді және алынған туындыдан бір жағы е гипотенуза болып табылатын жетіспейтін төрт бұрышты тең қабырғалы үшбұрыштардың ауданын алады. Бұл үшбұрыштардың ауданы қосындыда Л квадратқа тең.

Үшкір кантты брустың көлемі аралау материялдарының кәдімгі көлемдік кестелері бойынша немесе формула бойынша анықталуы мүмкін. Тұйық кантты брустардың көлемдерін анықтау барысында ортаңғв қима ауданынын орнына сондай тәсілдермен табылатын төменгі және жоғарғы қималардың жартылай қосындысын алуға болады. Бұл алмастырудың артықшылығы өлшеулерді брустердің ортасынан гөрі бүйірлерде жүргізген ыңғайлы. Кесілген және тік бұрышты шпалдар көлемдерін анықтау тәсілдері жоғарыда көрсетілген тұйық және үшкір кантты брустер болып табылады. Кесекті шпалдардың көлемдерін анықтау үшін ортаңғы және орта қималардың формулаларын қолданады.

Көлденең қималардың аудандарын табу үшін бүйір кесіндіні жеке бөліктерге бөледі және осы бөліктердің әрқайсысынын ауданын табады. Ең тиімді шпалдың бүйір кесіндісіне трапецияны салу.

Сүректің шығындары мен қалдықтары.

Аралау материялдарын өңдеу сүрек шығындарымен және қалдықтарымен еріксіз байланысқан. Аралау өнімінің шығымы аралаудың рационалдық дәрежесіне аралау тәсіліне бөренелерлің өлшемдеріне олардың сапасы өңделетін аралау материялдарының өлшемдеріне т.б көптеген себептерге байланысты болады. Профессор А.Н.Песоцскийдің мәліметтері бойынша таза кесілген бүйірленген тақтайларға 20-22см қалыңдықта бөренелерді аралау барысында аралау өнімінің шығуы бөренелердің жалпы көлемінен небары 61 пайызды кұрады, қалдықтар – 33 пайыз, қайтымсыз шығындар – 6 пайыз құрады. Өнімдер мен қалдықтардың жеке түрлері бойынша, 100 пайыз деп қабылданған бөрененің көлемі келесі түрде таратылады.

4м және одан артық ұзындықты тақтайлар 50,1-3,5 м ұзындықты тақтайлар – 5; ұсақ түржиындар (ыдысты тақтайшалар және планкалар) -6; үгінділер – 11; отындық горбылдер мен рейкалар – 20; бүйірлердің кесінділері – 2; сүректі тозаңдату және кептіру – 6.

Аралау материялдарының шығуы араланатын бөренелердің диаметріне байланысты болады. С.М.Киров атвндағы Ленинград орман техникалық академиясының зерттеулері бойынша әртүрлі қалыңдықты бөренелерден таза кесілген тақтайлардың келесі шығымы алынады.


  1. Бөренелердің диаметрі, см...2) Таза кесілген тақтайлардың шығымы, шикізат көлемінен пайызбен.

Тағы есте ұстайтын пиловочникті кубатураға кірмейтін және аралау барысында қалдықтарға кететін қабықты дайындайды. Одан кейін ескертетіні бөренелердің көлемінен шамамен 1 пайыз кұрайтын ұзындық бойынша припуск. Бөренелерде жіберілетін припуск алынатын аралау материялдарының кубатурасына кірмейді. Шпалдарға бөренелерді аралау барысында шпалдардың шығымы 52-60 пайыз, тақтайлар 8-15 пайыз, горбылдар 7-15 пайыз кұрайды. 1м шпалдық кряждан орташа алғанда 5 кряж өндіріледі.

12-дәріс.

Тақырыбы:Соғылған, жонылған, аршылған ағаш материялдарының таксоциясы.

Жоспар:

  1. Соғылған ағаш материялдарының көлемін анықтау және есептеу бірліктері.

2. Ағаш өнімдерінің басқа түрлерінің таксоциясы.

1.Соғылған түржиындарға клепка, болванкалар, дөңгелек обод-ы, сымдар, шана табаны және түржиындарға арналған кесектер жатады. Осы түржиындардың барлығын соғылған деп шартты түрде ғана айтуға болады, өйткені олардың үлкен бөлігін аралау жолымен өңдейді. Ойып алу – өте күрделі үдеріс, шикізат көлемінен 88 пайызға жететін қалдықтардың үлкен мөлшерімен қатар жүреді (мысалы болванкаларды жасау )

Клепка – бұл бөшкелерді жасауға арналған, тікбұрышты тақтайшалар мен кесектер. Бөшкелердің бүйір бөлігін жасауға арналған клепка – бүйірлік, табан жасауға арналған – түпкі деп аталады. Соғылған клепканың шығымы шикізат көлемінен шамамен 30-40 пайызды кұрайды.

Болванка – алынатын бұйымдардың формасына ие болатын балтамен шабылған діннің кесінділері.

Обод – бұл сымдар қамтитын дөңгелектің сыртқы ағаш бөлігі. Обод бүтін иілген, яғни бір соғылған кесектен өңделген немесе бірнеше ойылған немесе араланған бөліктерден құралған жақтаулар түрінде болуы мүмкін. Шана табаны пластиналар мен төрттіктерден жасалады.

Соғылған ағаш материялдарының көлемін анықтау және есептеу бірліктері. Клепканы өткізу қабылдау барысында бүйірлік пен түпкі қиысатын қатарлар мен жеке торларға қалануы тиіс. Өткізуге ұсынылатын партияның 10 пайызына дейін тұратын сынамаын тексеру және өлшеу жолымен қабылдауды жүргізеді. Клепка даралай және тығыз кубты метрлерде есептелінеді. Көлемін арнайы кестелер бойынша анықтайды. Кубатураны анықтау барысында клепка енін 1 см-ге дейін дәлдікпен ескереді, әмбе 0,5 см-ден кем үлестерді алып тастайды, 0,5 см және одан артық үлестерді тұтас сантиметрге қабылдайды. Дұрыс емес формаға ие басқа бұйымдар сияқты, болванкалардың көлемі де салмақтық тәсілмен табылуы мүмкін:бұйымның салмағын осы ағаш жынысының тығыздығына бөледі; бұл куб метрлерде бұйымның көлемін береді. Күрделі қимаға ие түржиындарды қатаң белгіленген өлшемдерді қарастыратын белгіленген стандарттарға сәйкес өңдейді. Осындай бұйымдардың жеке бөліктерін бөлшектей өлшеу жолымен тұрақты шама болып табылатын және стандарттың өзінде көрсетілетін көлемдерін есептейді. Ободтың қабылдануын даралап тексеру және өлшеу жолымен жүргізеді. Сондай-ақ өткізілетін партиядан 5 пайыз кем емес болатын сынаманы өлшеуге іріктеп қабылдауға жол беріледі. Обод-ты есептеу бір дөңгелек бойынша жұп дөңгелектер бойынша стандарт бойынша жинақтармен жүреді. Шана табаны жұппен есептелінеді.

2. Ағаш өнімдерінің басқа түрлерінің таксоциясы.

Қатты жапырақты жыныстардан алынатын өнімнің құнды түрлерінің бірі – жонылған шпон. Ол арнайы білдектерде чурактарда жону жолымен жасалады және жиһазды қаптауға қызмет етеді.

Жонылған шпонның кептірілген парақтарын түрдері және сұрыптары бойынша бумаларға жинайды. Фанера парақтарының енін орамдағы орташа парақ ұзындығының ортасында 1 см-ге дейін дәлдікпен өлшейді, әмбе 0,5 см-ден кем емес үлестерді алып тастайды, ал 0,5 см және одан артық үлестерді тұтас сантиметр ретінде қабылдайды. Шпонның ұзындығын 0,1 м-ге дейін дәлдікпен өлшейді, 5 см кем ,емес үлестерді алып тастайды, ал 5 см және одан артық үлестерді 0,1 м-ге дейін қабылдайды. Шпонның қалыңдығын парақ ұштарымен 25 см қашықтықта өлшейді. Шпонды квадрат метрлерде есептейді.

Кең тараған түржиын фанера болып табылады. Оны текше және шаршы метрлерде есептейді. Жеке парақтардың көлемін 0,00001м дейін, ал фанера партиясының көлемін 0,01м дейін дәлдікпен анықтайды. Жеке фанера парағының ауданын 0,01 м-ге дейін парақтар партиясының ауданын 0,5м-ге дейін дәлдікпен есептейді. Өлшеулердің нәтижесін бөлшек түрінде жазады:алымда-көлемі, бөлімде-фанера парағының ауданы.

Сүректен сондай-ақ металлургиялық өнеркәсіпте ұста горындарына газогенераторларға және тұрмыстық қажеттіліктерге қолданылатын ағаш көмірді де алады. Көмірдің шығымы жандырылатын сүректің көлемінен 50-60 пайызын құрайды. Қарағайдың үйінді куб метрі 135-145 кг, шыршаның куб метрі 120-130 кг салмаққа ие.

Көптеген ағаш жыныстарының қабығы да кең қолданыста:теріні дублдеу үшін (емен қабығы), ыдыс материялдарын (қайың және басқа жыныстар), тығындау материялдарын жылуоқшаулау плиталарын (тығынды еменді, амур барқытын) жасау үшін жөке (мочалка) алу үшін. Кейбір ағаш жыныстарының қабықтарын құнды химиялық заттарды өңдейді: қарамай (қайың қабығы), т.б.

Теміржолмен жіберуге белгіленген қабықты 80 кг-ға дейін салмақпен пиптерге баспа қалыптайды. Есептеу салмақ бойынша (тонналарда) жүреді. Қабықтың ылғалдылығы 20 пайыздан аспауы керек.

Әртүрлі жыныстардың 1м сүрегінен қабықтың орташа шығымы келесі түрде болады (кг).

(1.Еменнен, 2. шикі күйде, 3. ауа құрғақ күйде, 4. шыршаның, 5. қарағайдың (жоғарғы қабат береста), 6. жөкенің, 7. лубтың, 8. ауа құрғақ мочал-дың, 9. амурлық барқыттың.)

1м емен қабығының салмағы балғын күйде 0,22 т, ауа құрғақ күйде 0,13т, шырша қабығының салмағы сәйкесті түрде 0,56 және 0,28 т.құрайды. 1м тығынның салмағы 25 кг болады.

13-дәріс.

Тақырыбы:Сүрек және ағаш отындар.

Жоспар:

1. Ағаш биіктігін өлшеу әдістері.



2. Бұтақтарды,шөптекті және хмызды,томарларды және тамырларды есептеу.

3. Басқа орман ағаш материалдарын есептеу.

4. Ағаш жоңқаларын есептеу.

1.Ағаш биіктігін өлшеу әдістері.

Таксациялық техника дамуының 200-жылдық кезеңінде,геометриялық және тригонометриялық құрылыстарға негізделетін,биіктік өлшегіштердің тұтас қатары құрылған.

Биіктік өлшегіштердің көне конструкцияларын толық сипаттау Удо Мюллердің орман таксациясы бойынша оқулығында берілген(Muller U.,LehrburchderHolzmesskunde,Berlin,1915).

19 биіктік өлшегіштердің өндірушілігін және дәлдігін зерттеудің нәтижелерін чехословакиялық «Орман ғылыми сөздігінде», «Биіктігі өлшегіш» мақаласында Ф.Корсунь келтірген.Бұл мақалада барлық биіктік өлшегіштер екі топқа бөлінеді:

А)база өлшемін (ағаштан бастап бақылаушыға дейінгі қашықтығы) талап ететін биіктік өлшегіштер;

Б)бұл өлшемді талап етпейтін биіктік өлшегіштер.

Осы екі топтық әрқайсысы өз кезегінде топ ішіне бөлінеді.Соңғы нәтижесінде Ф.Корсунь биіктік өлшегіштердің тым күрделі топтастырылуын береді.

Оның есептеуінше, екінші топтық биіктік өлшегіштері ең өндірушілікті болып табылады.Оның пікірінше,болашақ осы топтық биіктіктік өлшегіштеріне тиесілі.Төменде қарастырылатын биіктік өлшегіштердің конструкциясыларына (Блюме-Лейстің,Метрдің,т.б.)Ф.Корсунь жоғары емес баға береді.Оның есептеуінше,бұл биіктік өлшегіштер күрделі,қымбат және тек теориялық мәнге ғана ие.Ағаштар биіктіктерін өлшеуге Ф.Корсунь эклиметрлерді (еңіс өлшегіштерді) пайдалануға болады деп санайды.Бірақ,оның бақылаулары бойынша,база өлшемін талап ететін,бірінші топтық биіктік өлшегіштеріне қарағанда,эклиметрлермен биіктіктерді өлшеудің өндірушілігі төмен болады.

Профессор Жан Парде биіктік өлшегіштерге келесі топтастыруды береді:

1.Ағаштардың биіктігіне тең қашықтықтан өлшеулер жүргізілетін биіктік өлшегіштер (олар ұқсас және теңжақты үшбұрыштар қағидасына негізделген).

2.Ағаштан кез-келген қашықтықта биіктердің өлшемін жүргізуге болатын биіктік өлшегіштер (Блюм-Лейсстің биіктік өлшегіші,Флустманның айналы биіктік өлшегіші,Вейзе биіктік өлшегіші,т.б.).

3.Ағаштан қашықтықты өлшеу талап етілмейтін биіктік өлшегіштер (Христеиннің биіктік өлшегіші).

4.Ағашқа қойылатын рейка қажетсіз болатын және ағашқа дейінгі қашықтықты өлшеу талап етілмейтін биіктік өлшегіштер (бұл тәсіл үшбұрыштардың тригонометриялық шешіміне негізделген).Ол сонда да тәжірбиеде қолданыс үшін күрделі болып табылады.

2. Бұтақтарды,шөптекті және хмызды,томарларды және тамырларды есептеу.

Ағаш дайындау және шабу үдерісінде бұтақтар мен шөпшектің мәнді көлемі дайындалады,ұсақ шөпшек (2 м-ге дейін ұзындықты) пен бұтақтар хмыз деп аталады.Бұл сүрек отын ретінде,сондай-ақ технологиялық жоңқаларды және басқа өнімді алу үшін де пайдаланылады.Бұтақтар мен шөпшек толық көлемде тізбекті ауысумен жинақтау өлшемінде есептеледі.Олар хмызға 20,шөпшекке 10 кептіруге және шөгуге үстемемен 1-2м биіктікпен алқалардың екі жұбымен бүйірлерден бекітілетін,бір жаққа комлялармен үймеге үйіледі.Үстеме үйменің көлеміне енгізілмейді.

Алқалардың алдыңғы жұптарының арасындағы үйменің енін,үстемесіз биіктігін,орташа ұзындығын өлшейді.Үш өлшемдерді көбейтумен жинақтама көлемді алады,ол ауыспалы коэффициенттердің көмегімен тығыз коэффициенттерге ауысады,шөпшектің диаметріне және ұзындығына,діңдердің тарамдалуына,діңдердің бұтақтардан тазартылуына тәуелді болады.

Томарлар мен тамырлар отын ретінде қолданылады және томарлық осмалды алуға шикізат болып табылады.Олардың салмағы діңді сүрек қорының 25-ына дейін жетеді.Томарлар мен тамырларды көбірек немесе азырақ дұрыс формадағы бөліктерге өңдейді және үймеге үйеді.Осындай үймелердің жинақтама өлшемдегі көлемін ұзындығын,енін және биіктігін көбейтумен табады.Алынған көлемді тығыз шамаға ауыстыру үшін,орташа алғанда 0,5-ке тең болатын толық ағаштықтың коэффициентін пайдаланады.

3. Басқа орман ағаш материалдарын есептеу.

Алауларда көмірлендіруге ағаштарды есептеу.

Көмірлендіруге арналған ағаштарды екі түрлі алауларға жинайды:тұрып тұрған,шөркелер тік орналасқан,жатқан шөркелердің көлденең орналасуымен.Жатқан алауларда ағаштардың есебін поленницалардағы сияқты жүргізеді.Осындай түрмен есептелген көлем жинақтама болып табылады.Оның тығыз шамаға ауысуы,ағаш поленницаларға пайдаланылатын(МСТ 3243-88),толық ағаштық коэффициентінің көмегімен жүзеге асады.

Ағаш көмірді есептеу.

Ағаш көмір үйінді және салмақ бойынша есептеледі.Көлем бойынша көмірді есептеуде ағаш көмірдің шығу коэффициенттерін пайдаланады.Ол үшін,ағаштарды(алаулық пештік) қалаудың тәсіліне және ағаштың тұқымына тәуелді болатын,сәйкесті коэффициентке,көмірді күйдіруге арналған алауға немесе пешке салынған,ағаштардың көлемін көбейтеді.Үйінді кубометрдің салмағын пайдалана отырып,ағаш көмірдің көлемін алуға болады.Ол үшін,ағаштарды (алауларда,пештерде) қалаудың тәсіліне және тұқымға байланысты болатын,1 үйіндінің салмағына күйдіруде алынған көмірдің салмағын бөледі.Егер алынған көмірдің көлемін өлшеусіз салмақ бірліктерінде өрнектеу қажет болса,онда коэффициенттердің көмегімен табылған,көмірдің көлемін 1 үйіндінің салмағына көбейтеді.

Қыртысты есептеу.

Қабықтың есептелуін,қабық сынатын,бірақ иілмейтін,ауа құрғақ күйде салмақтың тәсілмен жүргізеді.Тұтынушыға дубильный қабықты жіберу үшін 80кг-ға дейін салмақпен байламдарға баспаққалыптайды және сымтемірмен байлайды.Шырша қабығын жинақтама -пен есептеуге болады,оларды тығыз шамаға ауыстыруа 0,4 коэффициенті пайдаланылады.Қабықтан алынатын,соңғы өнімнің әр түрлі түрлерін есептеу салмақтың тәсілмен жүргізіледі.

Жұқа өлшемді ағаш шикізатын есептеу.

МСТ 23827-78 бойынша жұқа өлшемді ағаш шикізатын дөңгелек түрде қылқан жапырақты тұқымдардан жасайды,ол технологиялық жоңқа өндірісіне арналған.Шикізаттың өлшемдері 0,5м сайын градациямен 1,0-3,0м ұзындықпен, 2-6см қалыыңдықпен.Ұзындық бойышнша шекті ауытқулар см .

Жұқа өлшемді ағаш шикізаттың көлемі тығыз өлшемге тізбекті ауысумен жинақтама өлшемде анықталады.Тығыз шамаға ауысу коэффициенті ағаштың тұқымына,ұзындығына тәуелді болады және 0,44-0,54 шектерде тербеледі.

Бумаларға байланған және штабелдерге қаланған,жұқа өлшемді шикізатқа арналған толық ағаштылық коэффициенті МСТ 2292-88 (2м-ге дейін ұзындықты дөңгелек ағаш материалдарына) бойынша анықталады.

Технологиялық жоңқаны есептеу.

Технологиялық жоңқа,МСТ 15815-83-ке сәйкес ,целлюлоза қағаз және гидролиз өндірісіне,сондай-ақ плиталар өндірісіне арналған.5-60мм ұзындығы бойынша және 5-30 мм қалыңдығы бойынша жоңқа 8 таңбаларға бөлінеді.Есептеу 0,2ке дейін жуықтаумен тығыз салмақта жүргізіледі.Теміржол көлігімен тасымалдау барысында жоңқаның үйінді көлемін тығызға ауыстыру үшін,тасымалдау қашықтығына және тиеу тәсіліне (механикалық тиеу,пневмотиеу) тәуелді болатын,коэффициенттерді пайдаланады:тұтынушыға жіберу үшін 0,36;50 км-ге дейін қашықтыққа жеткізуден кейін -0,40;50км-ден артық қашықтыққа жеткізуден кейін - 0,42.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет