«Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер», бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары



бет2/2
Дата27.02.2023
өлшемі171,95 Kb.
#170276
1   2
Байланысты:
8-сынып №6БЖБ
6-сынып кмж 26
Балл қою кестесі


Бағалаукритерийі

тапсырма

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Прозалық және поэзиялық шығармалардың композициялық құрылымын анықтап, кейіпкердің іс-әрекетіне бағабереді.



1

Шығарманың композициялық құрылымын анықтайды:
Басталуы
Дамуы
Шешімі

1
1
1



2

Кейіпкердің іс-әрекетіне баға береді.



2

Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтап, эссе жазуда тиімді қолдану.

3



Тақырып бойынша мәліметтерді жинақтайды.

1

Эссе құрылымын сақтайды:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қорытынды бөлім
Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібін сақтап жазады.
Сауатты жазады.

1
1
1


1
1


Жазба жұмыстарында себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырады.

Cебеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді құрастырады.



1

Барлығы

12



«Биоалуантүрлілік. Жойылып бара жатқан жануарлар мен өсімдіктер», бөлімі бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары
8«Б» сынып оқушысы_________________________________________ Күні: _________

1-тапсырма.Мәтінді мұқият оқып, шығарманың композициялық құрылымын анықтаңыз.


...Тұтқын болып кеткен көк күшік ауыл тұрғыны болды.
Көзін ауылға келгесін екі күннен соң ашты. Жұрт асырауға көнеді десті. Кішкене Құрмаш Көксерек деп ат қойып алды. Ертенді-кеш айналасынан шықпайды. Өзіне жеке асқұйғыш — итаяқ әзір болды. Бауырын көтеріп, тырбанып жүруге айналған соң, мойнына жіп тағылды.
Үй ішінен шықпайды. Түн баласында Құрмаш қасына алып жатады. Сол үшін кәрі әжесінің қойнынан да шығып кетті. Бөлек жатады. Қасында не аяқ жағында, көрпенің астында Көксерек жатады.
Көксерек құйрығын артқы екі аяғының арасына тығып алып, аш белі бүгіліп, іші қайта-қайта солқ-солқ етіп ұлып тұр еді. Бір мезгілде дәл жанынан өзінің дауысындай дауыс естілді. Ол да дәл осы сияқты ұлиды...
Қасен қолына келгелі Аққасқа барлығы үш қасқыр алды. Бұның екеуін бір күнде күздігүні жер қарада алған. Үшіншісін қар түскеннен кейін ауыл үстінен алып еді.
Аққасқаның бойы қасқырдан кіші емес. Аяқтарының жуандық сомдығы да содан кем емес. Өзінің барлық тұлғасында қасқырға ұқсайтын бітім бар. Түсі тазылар түсіндей емес, қасқыр түс. Дене жүні ақ сарылау келгенде, мандайы шаңқиған ақ маңғыл қасқа болатын.
Ес жиған соң жұрт көк шолақтың құлағына қарап отырып, бұрынғы кеткен Көксерек атты күшікті таныды. Құрмашты ойлап, кейбіреулердің көздерінен жас та шықты. Ауылға әкелгенде, Құрмаштың әжесі боздап келіп:
— Қуарған-ай, ненді алып ем?!.. Не жазып едім?.. Баурына салып өсіргеннен басқа не қып еді менің құлыным?!.. — деп елді тегіс еңіретіп, Көксеректі басқа тепті.

Шығарманың композициялық құрылымы:

Басталуы




Дамуы




Шешімі




[3]
2-тапсырма.Шығармадағы кейіпкердің іс-әрекетіне баға беріңіз.

Құрмаштың бөлтірікті асырап алғаны дұрыс па?

Пікір

Себебі....





[2]
3-тапсырма. «Адамзаттың табиғатқа кері әсер тигізуін қалай азайтуға болады?» тақырыбы бойынша өз пікірлеріңді білдіріп, эссе жазыңдар. Мәселені шешудің 2 жолын ұсыну шарт. Эссе жазу барысында себеп-салдар салалас құрмалас сөйлемдерді қолданыңыз. [7]
_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет