Биология кабинетінің төлқұжаты 2022-2023 оқу жылы



бет1/5
Дата24.11.2023
өлшемі103,64 Kb.
#193424
  1   2   3   4   5
Байланысты:
2 5460710948727698646
k p 01, 0 дік срез 8, 8 зертх жұм қортындысымен, Биология 8 -сынып. 1-тоқсан., 9 сын КМЖ, қан топтары ашық сабақ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ОҚУ –АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ

_________________________ жалпы орта мектебі.


БЕКІТЕМІН
Мектеп директоры:
«___» __________ 2022 жыл


Биология кабинетінің төлқұжаты

2022-2023 оқу жылы


1. Биология кабинетінің мақсаты:
Оқу кабинетінің мүмкіншіліктерін білім беру стандартының талаптарына сай қамтамасыз етуге дайындығын талдау, оқу үрдісінде оқу-әдістемелік қамсыздандыру талаптарына сәйкес оқу кабинетінің жұмысының негізгі бағыттарын анықтау.


Оқу кабинетінің міндеттері:
Кабинеттің техникалық құралдарымен, оқу құралдарымен және оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуін жақсарту;
Оқыту әдістемесін жетілдіру, оқу үрдісіне оқушылардың сабақта белсенділігін арттыратын алдыңғы қатарлы формаларды, әдістерді, оқыту құралдарын енгізу;
Оқушының оқыту жағдайына бейімделуіне, оның қабілетінің ашылуына және дамуына, мәдени деңгейінің артуына ықпал ету;
Өзіндік білім алуды, танымдық және шығармашылық қабілеттерін өзіндік бағалауды ынталандыру;
Фунциональдық сауаттылықты тәрбиелеу және оқушының оқу-танымдық, іздеу-жобалау қызметін ұтымды ұйымдастыру;


Биология кабинетінің ережесі:
1.Биология кабинеті – бұл мектептегі арнайы жабдықталған оқу кабинеті, ғылыми – әдістемелік, психикалық-педагогтік оқу және тәрбие үрдісін жүргізуге арналған. Кабинеттегі жұмыс осы көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
2.Биология кабинеті Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын, Қазақстан Мемлекетінің Білім туралы Заңын, жалпыға бірдей орта білім беру мемлекеттік стандартын жүзеге асыруға арналған.
3.Биология кабинетінде өткізілетін сабақтар:
-Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға;
-Анықтамаларды қолдану дағдысы, оқылған тақырыпты жүйелеу және талдау дағдысын қалыптастыру;
-Күнделікті өмірде алған білімдерін практикамен ұштастыра отырып, пән бойынша терең білім қалыптастыру;
-Оқушылардың өзін – өзі басқару, өзіне баға беру, өз ісіне талдау жасай білу қабілетін дамыту;
-Қоршаған орта туралы көбірек білім дағдыларын дамыту.
-Ұйымдастыру қабілеті жоғары тұлға тәрбиелеу;
4.Кабинет демонстрациялау, зертханалық жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал – жабдықтарымен, жиһазбен, техникалық құралдармен,көрнекіліктерімен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады.
5.Кабинет жабдықталуы оқушыларға рухани – танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған, сонымен қатар биология кабинетінің санитарлық жағдайы да талапқа сай қалыптасқан.
6.Кабинет сабақ басталардан 15 минут бұрын ашық тұруы тиіс.
Оқушылар оқу бөлмесінде ауысым аяқ киімдерімен жүруі керек.
Оқушылар оқу бөлмесінде тек қана оқытушымен бірге ғана болуға тиіс.
Оқу бөлмесі әр үзіліс сайын желдетіліп отыруы тиіс.
Әрбір сабақтан кейін оқытушы тазалық жұмыстарын жүргізуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет