Биология кафедрасы


ДӘРІС № 5 Тақырып: Синэкология-қауымдастық экологиясы Жоспары: 1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипатгама



бет14/33
Дата22.09.2022
өлшемі306,97 Kb.
#150413
түріЛекция
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33
Байланысты:
Экология лекция 2021
Қазақстан Республикасының білім министірлігі, 9, Ж мыс ба дарламасы (силлабус) П н Инклюзивті білім беру Маманды, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы, Lekciya.3.Nauchnyj.stil.rechi, МАТЕМАТИКАЛЫҚ САУАТТЫЛЫҚ 32 НҰСҚА-1
ДӘРІС № 5
Тақырып: Синэкология-қауымдастық экологиясы
Жоспары:
1. Синэкологияның зерттеу обьектілеріне жалпы сипатгама
а) Биоценоз
ө) Биогеоценоз
б) Экожүйе
2. Қоректену тізбегі
3. Экожүйедегі энергия және заттар айналымы
4. Экологиялық пирамида және оның типтері
5. Экожүйеніц түрақтылығы мен динамикасы. Экологиялық сукцессиялар
Дәріс мақсаты: Студенттерді «бноценоз» терминімен таныстыру және биоценозға тән ерекшеліктерді көрсету, тұрақтылық, түрдің кездесу жиілігі, түр басымдығы терминдерін түсіндіру.
Дәріс ұзақтығы: 1 сағат

  1. Синэкологияның зерттеу обьектьлеріне жалпы сипаттама:

Синэкология (грек тілінен аударғанда syn-бірге) - әр түрге жататын өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің популяциялық ассоциацияларын (биоценоз), олардың қалыптасу жолдары мен қоршаған ортамен өзара әсерін зерттейтін экологияның бөлімі. Жеке ғылыми бағыт ретінде синэкология 1910 жылы Халықаралық Ботаникалық Конгресте бөлініп шықты. «Синэкология» ұғымын ғылымға енгізген швейцар ботанигі К.Шретер болып есептеледі.
Синэкология әр түрдің популяцияларының макрожүйелерге бірігунен - бірлестіктер немесе биоценоздар түзетін организмдердің тіршілік жағдайларын, өзара және қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасын зерттейді. Синэкология экожүйелердің шекараларын салумен айналысады, сондықтан оны биогеноценологиялық экология деп те атайды.
Табиғатта әртүрлі популяциялар бірігіп ірі бірлестіктерді немесе қауымдастықтарды құрайды. Синэкологиядағы «син» деген сөздің өзі «бірге», яғни бірлесіп, қауымдасып тіршілік ету деген мағынаны білдіреді.
Қауымдастық дегеніміз белгілі ареалда мекендейтін, әртүрлі түрлерден құралған тірі организмдер жиынтығы.
Синэкологияның зерттеу объектілеріне биоценоз, биогеоценоз және экожүйе жатады.
а) Биоценоз
Биоценоз (bios-өмір, koinos-жалпы) - табиғи жағдайлары бірегей жерлерде тіршілік ететін өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдер жиынтығынан тұрады. Биоценоз ұғымын алғаш рет ұсынған неміс зоологы К.Мебиус (1877). Кез келген биоценоз өзімен-өзі жеке дамымайды. Ол әрқашанда өлі табиғатпен бірлестікте ғана өмір сүреді.
Қауымдастық дегеніміз әртүрлі биоценоздардың - фитоценоздардың, зооценоздардың, микробоценоздардың, микоценоздардың өзара байланыстарының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   33




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет