«Биологиялық экология» пәнінің оқу-әдістемелік материалдары №3 басылым ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешені



бет2/66
Дата07.02.2022
өлшемі230,51 Kb.
#90852
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66
Байланысты:
2c908bb6-082b-11e7-bfa7-a692e7d05c5eбиологи экология лекция

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ


Дәріс №1


Тақырып -1
КІРІСПЕ. ЭКОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫНЫҢ АНЫҚТАМАСЫ, ҚАЛЫПТАСУ ТАРИХЫ, МІНДЕТТЕРІ МЕН ӘДІСТЕРІ.


Мақсаты: Алған білімдерін жадында сақтауға және оны өмірде көргендерімен салыстыра білу арқылы білімдер арттыру.
Жоспар:
1.Биологиялық экологияның қалыптасу тарихы және қазіргі кездегі күйі.
2. Экологиялық зерттеулердің мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері.


"Экология" гректің оіkos - үй (тұрақ, түрғылыкты жер, баспана) ,1оgоs - ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің дәлме-дәл мағынасы экология - "өз үйіңдегі" организмдер туралы ғылым дегенді білдіреді, яғни "организмдер мен қоршаган орта арасындағы жиынтықты" немесе олардың бір-бірімен байланысының синаттамасына ерекше баса назар аударатын ғылым екендігін көрсетеді. Қазіргі кезде көптеген зерттеушілер экология - ол тірі организмдер мен қоршаған ортаның қатыстылығын оқып-үйрететін немесе тірі организмдердің ортадағы өмір сүру шарттарының жағдайын, бір-бірімен өзара қарым-қатынастық байланысын зерттейтін ғылым деп санайды. Қоршаған ортаны танып-білуге деген кұштарлық сонау адамзат дамуының ақ таңы атқан кезден басталды деуге болады. Алғашқы қауымдастық қоғамының өзінде-ақ адамдар өздерімен бірге қатар өмір сүріп келе жатқан кейбір аңдардың қарсылығына тап келгені белгілі. Оларды адамдар жеке-жеке емессні белгілі. Оларды адамдар жсс, бірлесіп, қауымдасып күрескеңде ғана жеңе алатындығына, сөйтіп өздеріне азык етуіне болатындығына көздері жетті. Осылай қай аңды қай кезде, қандай жерде, қандай қару қолданғанда қолдарына түсіре алатындығын сезіне бастады. Олардың бұл әрекеттерін біз бүгінде таныс, тас бетіне түсірген суреттерінен және археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу барысында тастан, ағаштан т. б. жасаған қаруларын табу арқылы көзімізді жеткізіп отырмыз. Сондай-ақ мұндай деректер ежелгі египет, үнді, тибет, тағы басқа да мәдениет ескерткіштерінде сақталғаны мәлім. Экологияның элементтері сонымен қатар келе жатқан халықтардың этикалық шығармаларында да кездеседі. Қазір елімізде халық шаруашылығының әр салаларының тез дамуы нәтижесінде табиғатқа орны толмас зиян келіп отырғанда, жастарды экологиялық жағынан тәрбиелеудің зор маңызы бар. Себебі, табиғатты ластаудың шегі бар деп айтуға болмайды. Ауа да, су да мол мөлшерде ластануда. Ал олар бұдан былай да осы дәрежеде ластана беретін болса, болашақ ұрпақтардың өмір сүруіне үлкен нұқсан келетіні сөзсіз. Сондықтан да, табиғатты корғау жастардың тек міндеті ғана емес, абыройлы борышы. Табиғаты қорғау, жөндеп білімдерін жетілдіру, кәсіптік-техникалық оқу орындары үшін басты міндеттің бірі. Себебі бұл оқу орнының түлектері ауыл шаруашылығын құрылыстарда, жаңа кен байлықтарын игеруде т. б. экологиялык ортаны өзгертуге байланысты жұмыстармен шұғылданатын болады. Осындай халық шаруашылығын дамытуға керекті жұмыстарды жүргізе отырып, экологиялық жағдайды сақтауды ұмытпаулары керек. Тек осы жағдайда ғана еліміздің табиғаттың және табиғат байлығын сақтап қала аламыз. Бұл жерде тағы бір айта кететін жәй: табиғат корғау мәселесін тар көлемде бір республика, немесе ел тұрғысынан қарауға болмайды. Егерде бір елдің (судың, ауаның т. б.) экологиялык жағдайы өзгерсе, оның зиянды әсері баска елдерге де жететін болады, оларға көптеген шығын келтіреді. Дәлірек айтканда табиғат байлығының бір елде, немесе бір континентте зардап шегуі, барлық жер жүзіне әсер етеді. Сол себепті табиғат қорғау мәселесі комплексті каралып, әрбір мекемеде, мектепте, орта және жоғары оқу орнында калыптасуы тиіс. Тәрбие мен білім беру жүйесінің, мәдениет пен өнердің барлық мекемелерінің, кәсіподак т. б. коғамдык ұйымдардың қызметі табиғат қорғау жұмысына бейімделгені жөн.
Экология – ағзалардың тіршілік ету жағдайларын және ағзалардың тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарын зерттейтін биологиялық ғылымның бір бөлімі (биоэкология).
Ең алғаш бұл терминді 1866 жылы неміс зоологы Эрнст Геккель ұсынған (ойкос – үй, тұрақ, мекен; логос – білім, ғылым; яғни өзімнің тұратын мекенімді, жерімді зерттеп танимын деген мағынаны білдіреді).
Кез келген ғылым сияқты экология да зерттелетін процестердің жүру заңдылықтарын айқындап, оларды шағын логикалық және тәжірибе жүзінде тексеріп ережелер-заңдар түрінде қалыптастырады.
Экологияның басты зерттейтіні – экологиялық жүйелер. Экологиялық жүйе – қоректік байланыстар мен энергияны алу тәсілдерінің негізінде бір тұтастықты құрайтын тіршілік ету орталары мен тірі ағзалардың қауымдастығы. Бұл терминді ең алғаш 1935 жылы ағылшын ғалымы Э.Тэнсли енгізген.
Экологияда зерттелетін тірі заттардың дене құрылысының деңгейіне сәйкес аутэкология, дэмэкология және синэкология сияқты тараулар бөлінеді. Бұл тараулар жалпы экологияны құрайды.
Аутэкология – жеке ағзаның тіршілік ету ортасымен өзара қарым-қатынасын зерттейтін экология бөлімі.
Аутэкологияның (грек. autos- өзім) мақсатты – даралардың тіршілік етуінің шегін және физико-химиялық факторлардың ағза олардың мағынасының барлық көлемінен таңдап алатын шектеулерін нақтылау болып табылады. Орта факторларының әсеріне ағзалардың реакциясын зерттеу осы шектеулерді ғана емес, берілген түрлерге тән физиологиялық, сондай-ақ морфологиялық өзгерістерді шығаруға мүмкіндік береді.
Демэкология (популяциялар экологиясы) – бір тектес даралардың табиғи топтамаларын, яғни популяциялардың зерттейтін экология бөлімі (популяциялар, ішкі популяциялық топтар мен олардың өзара қатынасы қалыптасатын жағдайларды, популяция санының динамикасын, дене құрылысын).
Синэкология (бірлестіктер экологиясы) - өсімдіктердің, жануарлардың, микро-ағзалардың қауымдастықтарын және олардың мекен ету ортасымен қатынасын зерттейтін экология бөлімі.

  • Биосфера немесе түраралық деңгейін бағалау әдісімен теориясын жасау;

  • популяциялық экология, биоталық бірлестіктер экологиясы, табиғаттағы биотүрлілікті сақтау сияқты проблемаларды зерттеу, биотаның сыртқы ортаға әсер етуін реттейді;

  • табиғат және антропогендік факторлар әсерінен биосферада болатын өзгерістерді болжау және зерттеу, осы өзгерістердің салдарын бағалау;

  • табиғат ресурстарының күйі мен динамикасын бағалау және оларды пайдаланудың экологиялық салдары;

  • қоршаған орта сапасын басқару әдістерін жасау және жетілдіру;

  • адамдарда биосфералық ойлау және экологиялық сананы қалыптастыру, экологиялық этика мен мораль нормаларын жасау;

  • экономикалық, әлеуметтік және т.б. қоғам мен мемлекет қауіпсіздігін және тұрақты дамуын қамтитын шешімдерді оптимизациялау.

Негізгі әдебиеттер:
1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. А., 2003
2. Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Экология., А., 2001.
3. Ақбасова А.Ж., Саинова Г.Ә. Экология А., 2003.
4. Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология., А., 2002.

БИОЛОГИЯЛЫҚ ЭКОЛОГИЯ






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   66




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет