Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары


Тірі заттың биосферадағы қызметі



бет2/8
Дата20.11.2023
өлшемі102,22 Kb.
#192208
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары.
Жансыздандыру, 1 чек лист қаз, Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері, 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
Тірі заттың биосферадағы қызметі
Тірі зат (тірі организмдер жиынтығы) биосферадағы барлық заттың 0,01-0,02%-ын құрайды. Бірақ ферменттермен катализдейтін химиялық реакциялардың жоғарғы жылдамдығына байланысты тірі зат географиялық процестер мен жер қыртысын құруда үлкен роль атқарады. Қоршаған ортадан энергияны қозу арқылы тірі организмдер маңызды био- геохимиялық функцияларды атқа­рады: энергетикалық, концентрациялық, газдық, тотығу-тотықсыздану және т.б.
Энергетикалық функция — күн сәулесін сіңіруші өсімдіктердің, органикалық қосылыстардың есебінен химиялық энергияға айналуы салдарынан жүреді.
Концентрациялық функция қоршаған ортада таралған химиялық элементтерді тірі организмдердің денесінде жинақталуы. Осының салдарынан кейбір элементтер клетка құрамында бірнеше жүздеген мөл- шерге артуы мүмкін. Мысалы, микроорганизмдер клеткаларында
темір мөлшері қоршаған ортамен салыстырғанда 65 000 есе, марга­нец 1 200 000 есе, ванадий 420 000 есе көп. Микроорганизмдер тіршілік әрекеті салдарынан теңіз рудасының қабаттары пайда болған, теңіз омыртқасыздарының ізбесті қаңқалары бор және әктас жыныстарын түзеді.
Газдық функция — өсімдіктерде болатын фотосинтез арқылы жүреді, ал жануарлар мен өсімдіктер тыныс алуда көмірқышқыл газын бөледі. Кейбір бактериялар азот және басқа элементтерді жинақтайды.
Газдық функциямен Жер атмосферасында оттегі түзілуі және көмірқышқыл газы мөлшерінің сіңірілуі тән. Екі газ арасындағы тепе- теңдіктің сақталуы, атмосфераның газдық тұрақтылығын сақтайды.
Тотығу-тотықсыздану функциясы тірі организмдер көмегімен тотығу және тотықсыздану процестерінің қарқындылығы салдарынан жүреді. Олардың әрекетінен өлі биомассаның органикалық заттарының жинақталуы және минералдануы жүреді. Мысалы, бактериялар, балдырлар, топырақ организмдерімен түзілген бейорганикалық және органикалық заттар минералдарды бұзады, әр түрлі қосылыстарға айналады.
Көрсетілген функциялар орга­низмдердің қазіргі табиғи ортаның құраушылары ретінде зат және энер­гия алмасуды жүзеге асырады.
Тірі материяның ерекше химиялық әрекеті салдарынан бірнеше миллиондаған жыл бойы айналымға түсіп, биосфераны құрушы барлық географиялық табиғи ортаны тұрақты сақтап келеді. Атмосфера және биосферада энергия түзілу жылдамдығы тірі организмдер санының артуына байланысты көбейіп отырады. Адам қоғамының пайда болуымен табиғи ортаға әсер ету процестері күшейе келіп, адамның өзі Жер келбетін қайта құрушы факторға айналды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет