Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары



бет5/8
Дата20.11.2023
өлшемі102,22 Kb.
#192208
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Биосфера экологиялық жүйе ретінде. Биосфера шекаралары.
Жансыздандыру, 1 чек лист қаз, Өсімдікті өсірудің биотехнологиялық әдістері, 1Компьютердің қосымша құрылғыларын баптау және орнату, Blue modern marketing proposal presentation 20231205 183920 0000 compressed organized, Black Modern Company Profile Presentation 20231205 175020 0000 compressed
20.1-суретЭнергия ағыны және биогенді элементтер айналымы
Энергия ағыны және биогенді элементтер айналымы
Көміртек айналымы. Атмосферада СО2 түрінде кездесетін көмір­тек өсімдіктер органикалық зат құрамына фотосинтезде енеді және қоректік тізбектер арқылы беріледі. Көміртектің атмосфераға қайта босатылуы организмдер тыныс алуы арқылы жүреді. Көміртектің негізгі массасы өлі органикалық заттан оның редуценттермен қайта өңдеуі арқылы босатылады. Сонымен қатар мұхитта өлі органикалық зат құрамындағы
көміртектің негізгі массасы қалдық жыныстарда жинақталады. Көміртек­тің көп бөлігі айналымнан шығып, торф, көмір, мұнай, газ түрінде жинақталады.
Азот айналымы. Атмосферада азот мөлшерінің көптігіне қарамастан, оның өсімдікке қолайлы формада болуы табиғатта өте сирек кездеседі. Аммиак және аммоний иондары азотфиксаторлар деп аталатын бактериялар әрекетінен түзіледі. Оларға кейбір өсімдіктермен симбиозда тіршілік ететін түйнек бактериялары, көк-жасыл балдырлар жатады. Сонымен қатар өзіне қолайлы азот аммонификаторлар деп аталатын ерекше бактериялар тобының тіршілігін жоюы барысында түзіледі. Нитрификаторлар бактерияларының әрекетінен аммиак нитриттерге айналады, ары қарай нитраттарға айналады. Атмосфералық тоқтың әсерінен атмосфералық азоттың бір бөлігі нитраттарға айналады. Азоттың атмосфераға оралуы топырақтың денитрофикатор бактериялар әрекетінен болады, нитраттарды нитриттерге дейін тотықсыздандырады. Азоттың қазіргі кездегі айналымына өндірістік жолдармен алынатын аммиак, нитраттар және нитриттер қосылған, олар тыңайтқыштар түрінде ауылша- руашылығында, тұрмыстық химияда пайдаланылады.
Фосфор айналымы. Фосфор айналымында газ тәрізді фаза болмайды. Себебі оның қосылыстары ұшпайды. Фосфор айналымы жер- топырақ қабатында жүреді. Сілтілі, жақсы аэрацияланатын топырақтарда фосфордың көпшілік бөлігі каль­ций және темірмен бірге ерімейтін қосылыстар түрінде болады. Өсімдіктер оны фосфат иондар түріндегі су ерітінділерінен игереді. Сол себептен фосфордың өсімдіктің игеруіне тиімді түрде үнемі жеткіліксіздігі осыдан. Өсімдіктермен ассимиляцияланған фосфор экожүйенің барлық консументтері бойымен таралады және олардың экскременттері түрінде топыраққа қайта оралады. Фосфордың жартысы беткейлік және грунт сулары түрінде су бассейндеріне шығарылады. Бұл жерде фосфор­дың екінші айналымы жүреді. Фос­фордың орны тау жыныстарының желденуінен, теңіз түптерін көтеру арқылы толықтырады. Топырақтағы фосфор жеткіліксіздігі минералды тыңайтқыштар ендіру арқылы жүре­ді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет