Біріккен Ұлттар Ұйымы БҰҰ



Дата09.12.2022
өлшемі21,18 Kb.
#162068
түріҚұрамы
Байланысты:
сож 13 политология
169-182 фил, МПС нефрология

  1. Ең ірі халықаралық экономикалық саяси, әскери және т.б. ұйымдардың атауын, құрылған жылын, мақсатын және қатысушы елдер құрамын көрсетіңіз.

Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) — халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтауға, халықтар арасындағы достық қатынастарды дамытуға, халықаралық ынтымақтастыққа қол жеткізуге және мемлекеттердің іс-әрекеттерін үйлестіру орталығы болуға бағытталған үкіметаралық ұйым. Бас кеңсесі – Нью-ЙоркАҚШ-та орналасқан. Қазіргі уақытта БҰҰ-ның құрамына 193 мемлекет кіреді.
«Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президентіФранклин Делано Рузвельт ұсынды. 
Декларациясы Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. Сол күн БҰҰ күні деп жарияланды.


ЮНЕСКО (United Nations Educational, Scientific and Cultural Organization — UNESCO) — Біріккен Ұлттар Ұйымының Білім, Ғылым және Мәдениет жөніндегі Ұйымы. Ұйым 1945 жылы 16 қарашада құрылды, штаб-пәтері Францияның Париж қаласында орналасқан. Ұйым құрамына әлемнің түкпір-түкпірінде орналасқан 67 бюро мен бөлімшелер кіреді. ЮНЕСКО қаулысы Лондон конференциясында 1945 жыл қарашасында қабылданып 1946 жыл 4-ші қарашасында, қабылдауы туралы қол қойған 20 мемлекет актілерін сақтауға өткізгеннен кейін күшіне енеді. Бүгінгі күні Ұйымға 193 мемлекет мүше. 


МАГАТЭ (Атом Қуаты Халықаралық Агенттігі) – ядролық қаруды таратпау тәртібін қолдау, атом қуатын бейбіт мақсатқа қауіпсіз пайдалану жолындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен кеңейту мәселелерімен айналысатын үкіметаралық тәуелсіз ұйым. БҰҰ жүйесіне кіргенімен онымен арнайы келісім негізінде қарым-қатынас орнатып, өз қызметі туралы БҰҰ Бас ассамблеясы мен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне жыл сайын мәлімет береді. Қазір оған 125 ел мүше. Қазақстан Агенттікке 1994 жылы мүше болып кірген. Ұйым бюджеті – 256 млн АҚШ долларынан астам. 


Халықаралық валюта қоры (ХВҚ)— әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қатысты туындайтын түйткілдерді зерттейтін және қажет болған жағдайда мүше елдерге қаржылық және техникалық қолдау ұсынатын халықаралық ұйым. Оның штаб-пәтері АҚШ астанасы Вашингтонда орналасқан. Құрамына 184 мемлекет кіреді.ХВҚ — мүше мемлекеттер арасындағы валюта несие қатынастарын реттейтін, төлем теңгерімінің тапшылығынан валюталық қиындықтар туындаған кезде оларға шет ел валютасымен қысқа және орта мерзімді несие беру жолымен қаржы көмегін көрсететін халықаралық ұйым.


Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы (БСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым, ол 1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастады. Алғашқы кезеңде БСҰ-ға 77 мемлекет кірсе, 2015 жылғы 30 қарашадағы соңғы мәлімет бойынша оған 162 ел мүше болды. Бұрынғы кеңестік елдерден оның қатарында Литва, Латвия, Эстония, Грузия, Армения, Молдова, Қырғызстан, Украина Ресей және Қазақстан бар. БСҰ-ға кіретін елдердің үлесі әлемдік тауар айналымның 95% құрайды


Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (МЭЕҰ, ОПЕК) - табысының негізгі көзі мұнай және мұнай өнімдерін шығару мен экспорттау болып табылатын, құрамына 11 ел кіретін халықаралық ұйым; Азия, Африка және Латын Америкасының негізгі мұнай өндіруші мемлекеттерінің бірілестігі. Мұнай шығарушы елдердің мұнайды сыртқа шығару саласындағы саясатын үйлестіру мақсатындағы алғашқы қадамдары 1949 ж. Венесуэланың бастамасымен жүзеге асты. Өзара ықпалдасу және пікір алмасу барысында 1960 ж. қыркүйекте Бағдаттағы конференцияда МЭЕҰ құру туралы шешім қабылданды, ол конференцияға Венесуэла, Ирак, Иран, Кувейт және Сауд Арабиясы (осы мемлекеттер ұйымның негізін қалады) елдерінің өкілдері қатысты. 

  1. Сіз қазіргі жаһандану процесіне қалай қарайсыз? Өз жауабыңызды дәлелдеңіз

Жаһандану – бір мезгілде мемлекетаралық жəне трансұлтшылдық нысандарда дами алатын екіжақты үрдіс. Оны иеленушілердің көптілігі де осы тұстан: мемлекеттер, олардың коалициялары, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар. Актерлердің көп болғандығына қарамастан, олардың арасындағы өзара əрекеттесу еркін бəсекелестік ережелері бойынша өту үшін қажетті санындай болмайды. Ол одан гөрі олигополистік сипатқа ие болады.


. Жаһандану, кейбір ғалымдардың айтуынша, əлемдік сипатта дамып, бүкіл адамзат қоғамында түбегейлі бұрын-сонды болмаған өзгерістер мен жаңғырулар əкелуде. Жаһанданудың басты типтік жəне сапалық көрсеткіштеріне транстерриториялық сипаттағы экономикалық-шаруашылық, сауда- қаражаттық, мəдени, ақпараттық байланыстармен өзара əрекеттердің интенсивті түрде дамуын, қаржы-экономикалық нарығының пайда болуы мен тауар, капитал, жұмыс күшінің интернационалдық сипат алуын, трансұлттық корпорациялардың пайда болуын жатқызуда.
Нарықтық қатынастар мен демократиялық құндылықтарды игерудегі икемділік таныту астарының көзі де осы аталған архетиптермен байланысты. Дегенмен де тек пайда мен табысты мұрат тұтқан қоғамда шектен тыс жомарттық пен кеңдік танытудың да шегі, өлшемі болуы керек. Мұндай құбылыстар, əсіресе ұлттық мүдделерімізді əлем алпауыттарының алдында қорғауға келгенде сезіліп қалынып жүрді. Ұлттық мүддені қорғау барысында шамадан тыс жомарттық танытудың өзі ұлт менталитетінің нарық заманына бейімделмегенін, экономикалық, саяси тəжірибенің аздығын көрсетті.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет