Фонетикалық құбылыстар



Дата07.02.2022
өлшемі185,63 Kb.
#92768
түріҚұрамы
Байланысты:
Фонетикалық құбылыстар
fizika emtihan suraktar , matematika 1var, тариих

Фонетикалық құбылыстар.

Дайындаған: Байбусинова Жасмин,

КЯиЛ 20-11 тобы

Тексерген: Нұрмұхаметова Қ.Т.


Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
  • Фонетикалық құбылыстар – сөздің құрамында болатын әр алуан дыбыстық өзгерістер. Тіл білімінде мұндай өзгерістердің әрқайсысының атауы бар. Олар: протеза, эпитеза, редукция, абсорбция, синкопа, гаплология, эпентеза, метатеза, апакопа, элизия т.б. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.

Протеза

  • Протеза (грек. prothesis – алдында тұру) – сөздің алдынан басы артық дыбыстың қосылуы. Бұл кірме сөздің айтылуын жеңілдету үшін, тілдің табиғатымен үйлестіру үшін қажет. Мұндай дыбыс дауысты да, дауыссыз да болуы мүмкін. Қазақ тілінде протеза болатын негізінен қысаң дауыстылар. Олар л, р дыбыстарынан басталатын кірме сөздердің алдына жамалады. Олай болатыны қазақ тілінде лақ, лап, лау, лық, лып, лоқ-лоқ, лүп-лүп сияқты он шақты еліктеуіш болмаса, байырғы атауыш сөздер бұл дыбыстардын басталмайды

Эпентеза 

  • Эпентеза (гр. tpenthesis – қыстырылу) – сөз ішінде дауыссыздардың арасына дауыстының қыстырылуы. Бұл да сөздің айтылуын жеңілдетуге негізделген. Ертеректе тілімізге еніп, айтылуына орай жазылатын бөрене (бревно), жеребе (жребий), кереует (кровать), көпене (копна), кінәз (князь), пүліш (плюш) сөздеріндегі дауыстылар соның айғағы 

Редукция

  •  Редукция (лат. reductio – қайта оралу, кейін ысыру) бұл да дауыстыларға байланысты құбылыс. Сөз ішіндегі дауыстының көмескіленуі. Редукцияға ұшырайтын да қысаң дауыстылар.
  • Қазақ тіл білімінде әдетте, редукцияға орны (орын-ы), ерні (ерін-і), мұрны (мұрын-ы), қарны (қарын-ы) сияқты сөздердің құрамындағы қысаң дауыстылардың түсіп қалуын жатқызады

Элизия

  • Элизия (лат. elisio – ығыстыру) – бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы.
  • Мысалы: қарала (қара ала), сарала (сары ала), торала (торы ала), алалмады (ала алмады), айталмады (айта алмады), жоғаріл (жоғары іл), жақсөнер (жақсы өнер), жақсөлөң (жақсы өлең), жыйырмалты (жиырма алты), екайғыр (екі айғыр), мынадам (мына адам), алешкі (ала ешкі). Мұны контактілі элизия дейміз. Ал осы уақытқа дейін редукция түрінде танып келген орны (орын-ы), ерні (ерін-і), мұрны (мұрын-ы), қарны (қарын-ы) сияқты құбылысты контактісіз элизия дейміз. Өйткені екінші буындағы (орын, ерін, мұрын) дауыстының түсуі тек қосымшаның басындағы дауыстымен байланысты болып келеді 

Диэреза, Апокопа

  • Диэреза (гр. diairesis – ажырау, бөліну) – айтуға ыңғайлы болу үшін жеке дыбысты немесе буынды ығыстыру, шығарып тастау.
  • Орфография бойынша сс, лл, мм, тт, ст, сть, зд дыбыстар тіркесіне біткен сөздерге қосымша жалғанғанда түбірдегі соңғы дауыссыз түсіріліп жазылады: прогреске, класқа, металы, грамы, текстер, тресіне, поезға т.б.
  • Апокопа (гр. apokope – шолтию) – сөздің соңындағы дыбыстың түсіп қалуы. Орыс тілінен енген: алимент (алименты), газет (газета), консерв (консервы), минут (минута), пар (пара), секунд (секунда), шахмат (шахматы), шпал (шпалы) сияқты сөздердің соңындағы екпінсіз дауысты түсіп қалған

Метатеза, Эпитеза 

  • Метатеза ( гр. metathesis – орын ауыстыру) – сөз ішіндегі дыбыстардың не буындардың өзара орын ауысуы.
  • Қазақ тілінде қатар келген пк, пқ дыбыстары кп, қп түрде орындарын ауыстырып айтылады:
  • тепкі текпі
  • тепкішек текпішек
  • түпкір түкпір
  • әпке әкпе
  • әпкел әкпел
  • әпкіш әкпіш
  • Бұлар осылай айтуда да, жазуда да жарысып жүреді. Ал өкпе (өпке), қақпа (қапқа), қақпан (қапқан) осылай қалыптасқан. Әдеби тілдегі лағынет, нағылет те метатезаның ісі.
  • Эпитеза протезаға қарама-қарсы, дыбыстың сөздің соңында қосылуы.
  • Мысалы: қаса батыр (қас батыр), тапа тал түсте (тап тал түсте), тұпа-тұра (тұп-тура), немесе сазай (саза)

Аферезис, Гаплология

  • Аферезис ( гр. aph airesis ) алдынғы сөздің сонғы дыбысының әсерімен келесі сөздің басындағы дауысты дыбыстынтүсіп қалуы. Бірен-саран сөз тіркестерінде болмаса, қазақ тілінде сирек кездеседі. Мысалы: нестейміз? — не істейміз?. Элизияға қарама- қарсы құбылыс.
  • Гаплология (гр. haploos – жеке, жай – логия) – сөз ішіндегі біркелкі (ұқсас) буындардың бірінің түсіп қалуы.
  • Мысалы: балдар (ба-ла-лар), арластыр (а-ра-лас-тыр), минералогия (минералология), трагикомедия (трагикокомедия)

Назарларыңызға рақмет!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет