Бірінші топ аниондарының жеке реакциялары


ҮШІНШІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ



бет7/8
Дата14.11.2022
өлшемі60,48 Kb.
#158081
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Аниондар (1)
қазақ тілі нед тап, 9 Лекция-презентация (1), «Иррационал те деулер мен те сіздіктер», 1тапсырма, элект Жұман М, Гаухар Презентация, Тема 6, Тапсырма 3, 3тапсырма, 4 тапсырма, Новый практический курс китайского языка. Учебник. Часть 1 ( PDFDrive ), 14 лекция, срсп 12.03, Гүлдана дүниетану, лекция 4
ҮШІНШІ АНАЛИТИКАЛЫҚ ТОП АНИОНДАРЫНЫҢ
ЖЕКЕ РЕАКЦИЯЛАРЫ

Үшінші аналитикалық топ аниондарына нитрит-ионы NO2-, нитрат-ионы NO3- және ацетат-ионы CH3COO- жатады. Бұл аниондардың күміс және барий тұздары суда ерімейді, соның салдарынан AgNO3, не BaCl2 үшінші топ аниондарының тұнбаға түсірмейді. Бұл топтық реактиві жоқ.


Ауыз суды зерттеу үшін нитреттер мен нитраттарды анықтауда үлкен маңызы бар. Нитреттер мен нитраттардың көп мөлшерде болуы судың лас және жарамсыз екендігінің көрсеткіші болады.

NO2- нитрит иондарының реакциялары
NO2- ионы азотты қышқылдың анионында HNO2 жатады. Азотты қышқыл тұрақсыз және әлсіз қышқыл. Азотты қышқылдың нитриттері тұрақты. Олардың барлығы суда жақсы ериді.
Темір (II) тұзы қышқылдық ерітіндіде нитриттердң азот (II) оксидіне дейін тотықсыздандырады:
2KNO2 + 2FeSO4 + 2H2SO4 = Fe(SO4)3 + 2NO↑ + K2SO4 + 2H2O
Азот (II) оксиді FeSO4–пен қоңыр түсті тұрақсыз комплексті қосылыс түзеді:
FeSO4 + NO = [Fe(NO)] SO4
Калий иодиді KI қышқылдық ортада нитриттермен бос иодқа дейін тотығады:
2KNO2 + 2KI + 2H2SO4 = I2 + 2NO↑ + 2K2SO4 + 2H2O
Реакцияны басқа тотықтырғыштар қатысында жүргізуге болмайды.
Калий перманганаты KMnO4 күкірт қышқылды ортада 50-60 ͦ С қыздыру кезінде нитриттерді нитраттарға дейін тотықтырады:
5NaNO2 + 2KMnO4 + 3H2SO4 = 5NaNO3 + 2MnSO4 + K2SO4 + 3H2O
Реакция калий перманганаты ерітіндісінің түссізденуімен аяқталады. Осы реакция көмегімен нитриттерді нитраттардан жеңіл айырып алуға болады. Соңғысы KMnO4–пен реакцияға түспейді.
NO3- нитрат-иондарының реакциялары
NO3- ион азот қышқылының анионына жатады, минералды күшті қышқылдардың бірі. Азот қышқылы күшті тотықтырғышқа жатады. Бардық нитраттар суда ериді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет