Біртұтас педагогикалық процестегі балалар ұжымы және мұғалімдердің өзара іс-әрекеті мен өзара байланысы



бет4/5
Дата12.12.2023
өлшемі107,24 Kb.
#196627
1   2   3   4   5
Байланысты:
7 апта дәрісі
Мұғалімнің өзі өткізген сабағын талдау. Қазақ тілі Сабақтың тақырыбы «Мамандықтың бәрі жақсы».
Педагогикалық талаптар – ұжымның қалыптасуының маңызды факторы:
- мектепте тәртіп орнатуға ықпал етеді;
- оқушыларды басқару және басшылық құралы болып табылады;
- тәрбиеленушілердің іс- әректіне ұйымдастырушылық сипат береді.
Ұжымдағы қоғамдық пікір – ұжымдық өмір мен әр түрлі құбылыстарға байланысты тәрбиеленушілердің арасындағы жалпыланған бағалаулар жиынтығы. Қоғамдық пікірді қалыптастыру жолдары: практикалық іс -әректті дұрыстау, әңгімелесу формасында ұйымдастырушылық- түсіндірушілік жұмыстар өткізу, жиналымтар, жиындар және т.б.
Перспективті алға жылжушылықты ұйымдастыру - оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі. Перспективалар әрқашанда алға қарай бағытталуы тиіс. Олардың үнемі даму үстінде болуы жаңа жетістіктерге жетудің кепілі болады.
Өзін - өзі басқаруды ұйымдастыру. Оны қалыптастыру төмендегідей алгоритмді қадамдарға байланысты: нақты іс -әрекетті бөліктер мен бөлімдерге бөлу, бөлімдер мен бөліктерге сәйке микротаптар құру, әрбір іс-әретке жауаптын белгілеу, жауаптыларды біртұтас өзін-өзі басқаруға біріктіру, негізгі жауапты тұлғаны, басшыны таңдау.
Дәстүрлер- барлығына ортақ қалыптасқан салттар. Дәстүрлер – ұжымдық қарым – қатынастың сипатын анықтайтын эмоциональды, көрнекі түрде көрініс табатын ұжымдық өмірдің формасы. Ол өз кезегінде ұжымдағы қоғамдық пікірдің қалыптасуына әсер етеді.

7.3 Балалар ұжымының типтері


Балалар ұжымының типтерін төмендегідей сызбаданкөрсетуге болады.



Оқушылардың ұжымдық өмірін ұйымдастыруда әр түрлі бастапқы ұжым формаларын үйлестіре қолдану қажеттілік болып табылады. Олардың біреулері тұрақты болуы мүмкін, кейбірелері уақытша ұжым болуы мүмкін.

А.С.Макаренко кез - келген ұжымды біріктіретін, ұйымдасыратын ядро – белсенділер деп есептеді. Белсенділер ұжымда аға ұрпақтың тәжірибесінің сабақтастығын қамтамасыз етеді, ондағы стильдің сақталуын, дәстүрлердің сақаталуына жағдай жасайды.

Сурет № Сынып белсенділерімен жұмыс бағыттары

Ұжым мен тұлға арсындағы өзара байланыс – тәрбиенің негізгі мәселелерінің бірі болып табылады. Бұл ерекшеліктерді білу ұжымды басқаруды жеңілдетеді. Төмендегі сызбада тұлға мен ұжым арасындағы қарым-қатынас түрлері сипатталған:



Бірінші жағдайда тұлға өзінің қалауы бойынша ұжым талаптарына бағынады, кейде ол сырттай бағыну түрінде көрініс табуы мүмкін, кейінірек тұлға өзінің дербестігін және тәуелсіздігін сақтайды. Егер тұлға ұжымға кіргісі келсе, ол сол ұжымдағы құндылықтар, нормалар, дәстүрлерді сақтауы және қабылдауы тиіс.
Екінші жағдайда ұжым мен тұлға бейбітшілікте өмір сүруге тырысады және олардың арасында ынтымақтастық және өзара көмек орнайды. Тығыз өзара әректтестік үйлесімді өмір сүрудің негізгі жағдайы болып табылады.
Үшінші жағдайда тұлға ұжымды бағындырады, бұл мектеп тәжірибесінде сирек кезедесетін жағдай. Олардың мінез-құлқының негізгі мотвтері басқа адамдарды басқару және өзгелердің арасынан ерекше көрініп тұруға және өзін-өзі жоғарлатуға деген тырысушылық.
Тұлғанның ұжымға кіруі күрделі процесс. Ұжым мен тұлға арасындағы қарым-қатынас тек тұлғаның жеке қасиеттері мен сапаларына байланысты бола бермейді, кейде ұжымның қасиеттері мен сапалары бұл процеске көбірек әсер етеді.
Белгілі бір дәстүрлері қалыптасқан, өзінің басқарушы органы бар, дамудың жоғары деңгейіне жеткен ұжымда тұлғаның ұжымға еркін кіруіне жағдайлар жасалған болып есептеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет