Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет3/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
2 сабақ Алғашқы адамдардың өмірі
Инновациялық менеджменттің пәні болып инновациялық үрдісті зерттеу табылады. Инновациялық үрдіс – бұл зерттеме, жаңалықты жасау және енгізу бойынша жылдам дамушы комплексті үрдіс.
Инновациялық менеджменттің әдістері – жаңалықты жасау және енгізу кезіндегі зерттеудің теориялық құралдары мен практикалық басқару үрдісінің жиынтығы.
Инновациялық менеджментте келесі әдістер қолданылады:

  1. Жалпы әдістер:

  • Анализ (графиктік, салыстырмалы, баланстық және т.б.);

  • Жоспарлау;

  • Болжау (нормативті, экспертті, индексті, параметрлік);

  • Стратегиялық және тактикалық маркетинг (Моделдеу, сегменттеу, бағалау және анализ, зерттеу);

  1. Спецификалық әдістер:

  • Жүйелік анализ;

  • Факторлық анализ;

  • Экономика-математикалық моделдеу;

  • Функционалды-құндық анализ.

Жүйелік анализ – жүйелік подход негізінде объектінің қызмет етуінің екже-текжейлі анализі.
Аталған анализ түріне келесілер жатады:

  • компания менеджменті және оның бөлімшелерінің сапасы;

  • сыртқы ортаның компанияға әсері;

  • тауардың және ұйымның бәсекеге қабілеттілігі;

  • нарықтық позиция;

  • компанияның ғылыми потенциалы.

Факторлық анализ – ұйымның ішкі және сыртқы ортаның нақты факторларын анықтау және бағалау.
Экономика-математикалық моделдеу – ұйымның дамуының үлгілерін жасау кезінде олардың сипаттауына математикалық функцияларды қолдану.
Функционалды-құндық (функционально-ценавой) анализ - объектілер мен процестерге кеткен шығындарды өтеп алу мақсатында жобаға салынған қаражаттың қайтарылымын жоғарылату мақсатында объектілер мен процестердің құрылымын кешенді зерттеу.
Аталған анализ түрінің тәсілдеріне жатады:

  • топтастыру;

  • жүйелендіру;

  • іріктеу;

  • детализазия;

  • жалпылау;

  • бақылау;

«Инновациялық менеджмент» пәнінің басқару пәндерінің теоретикалық және практикалық сұрақтарының арасында алатын орны 1-суретте көрсетілген:



Менеджмент

1-сурет – Менеджмент бойынша пәндер жүйесі.


Инновация капиталды жаңа техника немесе технологияға, еңбек өндірісін ұйымдастырудың жаңа формаларына, қызмет көрсетуге, басқаруға және т.б. салуының іске асырылған нәтижесі.


Кәсіпорындардың кейбіреуі әлде қайда сәттірек, ал кейбірі – жоқ. Мұндай айырмашылық, біріншісінің инновацияны енгізе алатын және одан пайда ала шығаратын ерекеше ұйым құра алуы, ал екіншісі бұндай ұйымды құру қолынан келмеуінің нәтижесінде туындайды.
Бизнестегі жетістіктер кәсіпкердің сабырлық және қанағаттық (қанағаттану) сезімінің пайда болуын болдыртпауы қажет. Прогрессивті технологиялармен басқарылатын қазіргі әлемде кез келген бизнес экспоненциалды түрде жедел дами түсуде. Мұнымен қоса, инновациялық басқарудың негіздері практикалық түрде тексерілуі әрқашанда өзекті. Бұл жағдайда кәсіпкер әр уақытта өзгермелі нарықтың коньюктурасынан яғни, жаңа технологиялардың пайда болуы және адам ресурстарының дамуына қарағанда бір қадам алдыда жүруге ұмтылуы қажет.
Бәсекеге қабілетті болып қалу үшін, компанияларға нарыққа бәсекелестерінің тауарлары мен қызметтеріне қарағанда жақсырақ немесе аналогына қарағанда арзан тауарлар мен қызметтерді жеткізіп қана қоймай, сонымен қатар, өнім мінездемесінің спектрін кеңейтуге, өндірістік-шаруашылық қызметінің нәтижелілігін көтеру және бағаны бәсекелестеріне қарағанда жылдам түсіру керек. Олар жаңа өндірістік бағытты іске қосуда көшбасшы болуы қажет. Өсу үшін оларға мүмкін мүлдем жаңа нарық құру немесе венчурлік стратегияларды дамыту керек болады.
Инновация – бұл бір мезеттік оқиға ғана емес, ол үнемі өзгеріп тұратын жағдайларға әсері. Тұрақты инновациялық жүйе мәселені шешуге көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар ол жаңа қуаттар құрады, инновацияның болашақтағы мүмкіндіктерін ашады.
Инновация, жаңа бизнесті құру және венчурлік инвестициялар нарықтық көшбасшылардың тексерілген корпоративтік стратегиясы болып табылады.
Бұрын инновация жаңа білімнен жаңа өнімге дейінгі ара қашықтығы сызықтық траектория болып табылатын, ал қазіргі уақытта инновация бірліктік емес, сызықтық емес керісінше жүйелі болып табылады. Бұл дегеніміз, көптеген адмдардың арасында, ұйымдардың және қоршаған орта факторларының арақатынас кешенінің нәтижесі болып табылады.
Инновация бөлінбейді: «бөлшектерінің жақсы» екені, «жалпы жақсы» дегенді білдірмейді. Осы орайда, Питер Друкер – «Сізде тек ара немесе балға бар болса және сіз ешқашан тістеуік туралы естімесеңіз, сіз балташы бола алмайсыз. Тек осы барлық құралдарды бір жәшікке салған кезде ғана іс оңға басады», деп көрсетті.
1-кестеден байқап тұрғанымыздай, әртүрлі авторлардың «инновация» туралы түсініктері көрсетілген, экономист ғалымдар инновация деп нені санау керек екені туралы бір қөзқарасты ұстанбайтынын көруге болады.

1-кесте- «Инновация» түсінігіне деген көзқарастар эволюциясы





Автор

«Инновация» түсінігі

Ескерту


Й.А. Шумпетер [1]

Өндірісте жаңа нарық және ұйымдастырылуы формасын, жаңа тұтыну тауарларын, жаңа өндірістік және транспорттық құралдарын қолдану және енгізу негізінде болған өзгерістер

Кадрлардың сандық және сапалық құрамына өзгерістер енгізу мүмкіндігі ескерілмеген, өндірістің нәтижелілігін көтеру міндеттілігі көрсетілмеген


Х. Хартман[2]

Практикада жаңа идеяларды, ұсыныстарды, ғылыми-зерттеу шешіміндерін және моделдерді іске асыру және қолдану

Идеялардың нарыққа дейінгі қозғалысы, ұйымның кадрлар құрамының құрылымында өзгерістердің болу ықтималдылығы таңдалған идеяның міндетті нәтижелілігі қаралмаған


В.П. Лапин [3]

Адамдардың белгілі қажеттіліктерін неғұрлым жақсы қанағаттандыру мақсатында жаңа практикалық амалды қолдану, тарату және құру негізінде туындаған кешенді үрдіс

Инновацияның нақты бір материалды объект, басқару-ұйымдастырушылық, әлеуметтік және т.б. инновация ретінде қарастырылмауы


Ф.Валента [4]

Өндіріс механизімінің құрылымында бастапқы кезеңіндегі өзгерістер, яғни, оның ішкі құрылымы жаңа жағдайға ауысуы (өнім, технология, өндіріс құралдары жатады)

Жаңа өткізу нарығы мен жаңа шикізат түрлерін қолдану мүмкіндігі туралы айтылмаған. Инновацияның нәтижесі (қорытынды) оның мәнінің жоғалу (кері нәтиже) ықтималдылығы көрсетілді


Т. Брайн [5]

Интеллектуалды тауардың – өнертабыс, ақпарат, ноу-хау немесе идеяның экономикалық мазмұнының пайда болу үрдісі

Оң әсер және идеяның нарықта өтуі міндетті болу керек екендігін атап көрсетуге болады





Автор

«Инновация» түсінігі

Ескерту


Л. Водачек [6]

Кәсіпорынның жүйе ретіндегі қызметінің біртұтас өзгерісі (сандық немесе сапалық; кәсіпорынның кез келген қызмет саласында)

Сонымен қатар: жаңа шикізат, тауар мен қызметтердің жаңа түрлері, жаңа өткізу нарығы және енгізілген өзгерістерге әсері


Б.Санто [7]

Қоғамдық, техникалық, экономикалық үрдіс, идеяларды, өнертабыстарды практика жүзінде қолданылуы, ал олар өз кезегінде өнімнің, технологияның өзіндік қасиетін әлде қайда жоғары болуға әкеледі; экономикалық пайдаға, кіріске, қосымша кіріске икемделген

Өнімнің нарық бойынша қозғалысы қарастырылмаған, өндірістік және транспорттық құралдар, өндіріс құрылымы ескерілмеген


Ф.Никсон [8]

Нарықта жаңа және жақсартылған үрдістер мен құрал жабдықтардың пайда болуына әкелетін техникалық, өндірістік және коммерциялық іс шаралар жиынтығы

Аталған шараларға дейін келесі іс әрекеттерге итермелейтін идеялар туындауы керек; одан басқа жаңа шикізатты пайдалану мүмкіншілігін ескеру керек


В. Медынский [9]

Өнімнің, технологияның өзіндік қасиетін әлде қайда жоғарылатуға негізделген қоғамдық, техникалық және экономикалық үрдісті, өнертабыстарды практика жүзінде қолдану

Туарлар нарықта өтуі керек


П. Завлин [10]

Үрдісті немесе оның нәтижесін жетілдіруге негізделген қоғамның кез келген саласында интеллектуалды қызметтің нәтижесін қолдану (өндірісте, экономиалық, құқықтық, әлеуметтік қатынастар, ғылым, мәдениет, білім беру және қоғамның т.б. қызмет саласы)

Бұндай қолданыс нарықта өткізу арқылы экономикалық пайда алуға болады


С. Валдайцев [11]

Нарықта бар сұранысты қанағаттандыра алатын арнайы жасалған жаңа технология арқылы жаңа өнімдік бағытты игеруге негізделген өнімді нарыққа шығару

Басқарушылық, әлеуметтік, ақпараттық инновациялардың белгіленбеуі идеяның нарыққа дейінгі жолдың қарастырылмауы, кадрлар құрамындағы және өндіріс құрылымындағы өзгерістердің ескерілмеуі





Автор

«Инновация» түсінігі

Ескерту


Р. Фатхутдинов [12]

Басқарылатын объектіні өзгерту және әр түрлі әсер (эффект) алу мақсатында жаңалық енгізудің соңғы нәтижесі (қандайда бір саладағы нәтижелілікті жоғарылату мақсатында фундаментальді, қолданбалы зерттеулер мен зерттеме жұмыстарының нәтижесі)

Аталған шараларға дейін келесі іс әрекеттерге итермелейтін идеялар туындауы керек; қарастырылып отырған ұстаным өте тар, себебі инновация нысаны болып басқарудағы жүйелердің өзгеруі болып табылады


Р.М. Айтмамбетов [13]

Коммерциялық табыс табу мақсатында сәйкес технологиялық үрдісті оптимизациялау негізінде тұтыну қасиетін жетілдіруге, өзіндік құнын төмендітуге және өнімнің басқа мінездемесін жақсартуға бағытталған инновациялық идеяны генерирлеу және технико-технологиялық мүмкіндіктерін жасау кезіндегі ұйымдастыруышылық жұмыстар үрдісі

Басқару-ұйымдастырушылық, әлеуметтік және басқа инновациялардың қарастырылмауы


У.Б. Баймуратов [14]

Өндірістегі өзгерістер техника мен технологияға, өндірстің ұйымдастырылуы мен басқару түріне қатысты болуы мүмкін

Идеяның нарықтағы өтіліміне дейінгі жолдың қарастырылмауы


А.К. Кантарбаева [15]

Жаңа өнімдерді алумен, жаңа материалдарды, технологияларды қолданудан, өндірістің, еңбектің, басқарудың жаңа ұйымдастырылуын енгізудің негізінде туындаған жаңалықты қолдану және таратуды жасау кезіндегі кешенді үрдіс

Сату нарығының келісілмеуі


Р.С. Каренов [16]

Кәсіпорын стратегиясының мазмұны, сапалық жаңа шешімдердің практика жүзінде іске асуы

Инновацияны қолданудың мүмкіншілігіндегі сұрақтардың қарастырылмауы

Отандық және шетелдік ғылыми әдебиеттерде жариаланған инновация мәселелерінің теориялық зерттемелеріне жалпылай анализ жасайтын болсақ, келесі түрде қорытынды жасауға болады, зерттеу нысаны мен пәніне қарай инновацияны келесі түрде қарастыруға болады:


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет