Біз экономикамыздың өсуі, өндіруші сектордың арқасы екенін түсінеміз. Біз экономикамыз экстенсивті түрде дамып отырғанын мойындауға тиіспіз



бет4/106
Дата18.10.2023
өлшемі1,35 Mb.
#186411
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106
Байланысты:
529805538241 дәріс ИННОВАЦИЯЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ
2 сабақ Алғашқы адамдардың өмірі
үрдіс ретінде (Б.Твисс, А.Койре, И.П. Пинингс, В.Раппопорт, Б. Санта, Г.М. Гвиашини, В.Л. Макаров, Р.М. Айтмамбетов, А.К. Кантарбаева және т.б.);

  • жүйе ретінде (Н.И.Лапин, Й. Шумпетер, С.Б. Абдыгаппарова, М.Б. Кенжегузин, Ф.М.Днишев);

  • өзгеріс ретінде (Ф.Валента, Ю. Яковец, Л. Водачек, У.Б. Баймуратов және т.б.);

  • нәтиже ретінде (А. Левинсон, С.Бешелев, Ф. Гурвич, Р. Фатхутдинов, Р.С. Каренов және т.б.).



    1.2 Жоғарғы технологиялар – кәсіпкерліктің дамуы мен интенсивті экономикалық өсу негізі ретінде
    Технология - өнімді өндіру кезінде қолданылатын шикізат формасын, материалды немесе жартылай фабрикатты өңдеу, дайындау, жағдайын өзгерту әдістерінің жиынтығы.
    Әрбір нақты жағдайда технология әр түрліше түсіндіріледі.
    Заттанған (жабдықтар, агрегаттар, технологиялық бағыттар және басқалар) және заттанбаған формадағы (әр түрлі тектегі технологиялық құжаттама, білім, тәжірибе, ноу-хау және басқалар) интеллектуалдық қызмет нәтижелері әлемдік технологиялар нарығының объектілері болып табылады.
    Мемелекеттер, университеттер, фирмалар, пайда әкелмейтін ұйымдар, қорлар және жеке тұлғалар – ғалымдар мен мамандар әлемдік технологиялар нарығының субъектілері болып саналады.
    Технология өздігінен тауар болып саналмайды, ол белгілі бір жағдайда сатылғанда ғана тауарға, өнімге айналады.
    Идеядан бастап нарыққа дейінгі технологияның өтетін жолы өте ұзақ.
    Идеяны коммерциялаудың шынайы мүмкіндігі сезініп, сараптау жүргізіліп, оны пайдалану аясы айқындалғанда, технология сонда ғана тауарға айналады.
    Технология – тауар патенттер түрінде, өндірістік тәжірибеге, «ноу-хауға», жабдықтардың аппаратуралардың, сондай-ақ өндірістің, технологиялық процестердің (оның ішінде химиялық, биотехнологиялық және т.б.) тәсілдері ретінде тар шеңберде түсетін технологиялардың тәжірибелік немесе өнекәсіптік үлгілеріне ие бола алады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   106




    ©www.engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет