Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы


АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕСІ



бет4/6
Дата08.06.2018
өлшемі4,56 Mb.
#41524
1   2   3   4   5   6

АКАДЕМИЯЛЫҚ АДАЛДЫҚ ЕРЕЖЕСІ

Назарбаев Зияткерлік мектептері – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, зияткерлік әлеуетін жетілдіру мақсатында ұйымдастырылған білім беру мекемелері.

Мектеп академиялық адалдық саясатын қатаң түрде басшылыққа алады. Академиялық адалдық академиялық жұмысты орындауда өзге оқушылардың жұмыстарын өз мүдделігінде қолдану мен көшіруге жол бермей, жауапкершіліктің жоғары деңгейін талап етеді. Егер оқушы (мұғалім) өзгенің сөзін, жұмысын, идеясын қолданатын болса, ол міндетті түрде сілтемелерін көрсетуі немесе оны пайдаланылған әдебиеттер тізіміне енгізуі тиіс.

Академиялық адалдықтың негізгі принциптері:


  • емтихан жұмыстарының өткізілу барысында тәртіп ережелерін сақтау;

  • бағалау жүргізілетін, емтихандық немесе өзге жұмыстарды орындауда академиялық адалдық принциптерін сақтау;

  • авторлық құқықты бұзбау: қандай да бір мәліметтерді қолдануда төлтума автор көрсетілуі қажет;

  • пайдаланылған әдебиеттер тізімін ұсыну;

  • өз жұмыстарында тек түпнұсқа, сенімді ақпараттарды қолдану;

  • көшіруге және сыныптастарына орындалған әрі бағаланатын жұмысты көшіруге ұсынуға тыйым салынады.

Ата-аналарға академиялық адалдыққа тәрбиелеу үдерісінде не істеу қажет?

Академиялық адалдық ережелері мен принциптерімен танысу шарт. Баланың бойында академиялық адалдықты тәрбиелеу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу қажет, нәтижесінде оқушы оның сақталуының маңыздылығын өздігінен түсінетін болады.



ОҚУЛЫҚТАР

Оқу жылының басында оқушылар кітапханаға оқу жылының соңында жақсы жайкүйде қайта тапсырылатын мектеп мүлкіндегі оқулықтарды алады. Жоғалтып алынған немесе бүлінген оқулықтар оқушылар мен олардың ата-аналарының көмегімен қалпына келтіріледі.



ҮЙІРМЕЛЕР

Үйірме жұмысы – оқушылардың шығармашылық қабілетін, өз бетінше зерттеу жасау дағдысын қалыптастыратын, техникалық ойлауын дамыта отырып, сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын қызметі.

Үйірмелерді жүргізуде оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне басымдық беріледі. Оқушылар үшін кем дегенде бір спорттық және бір шығармашылық немесе техникалық үйірмеге қатысу міндетті.

Оқушылардың оқу жылының басында таңдалған үйірмені қалауы бойынша жартыжылдық аяқталысымен өзгертуге құқығы бар.



ЭЛЕКТИВТІ КУРСТАР

Элективті курстар – 7-11-сынып оқушылары үшін таңдау бойынша, пәндік білімін тереңдету және кәсіби бағдар беру мақсатында жүргізілетін міндетті курстар. Курстар оқу жоспарының компоненті болып табылады және оқушы үшін элективті курсқа қатысым жасау міндетті саналады. Курсты таңдау бекітілген талаптарға сәйкес жүргізіледі. Элективті курстарды ұйымдастыруда онлайн-тіркелудің нәтижесі бойынша анықталған оқушылардың жеке қызығушылықтары мен қабілеттеріне басымдық беріледі. Таңдалған курстарды өзгертуді оқушылар қалауы бойынша, жартыжылдық аяқталысымен жүзеге асыра алады.

Элективті курстар аясында IELTS, SAT, NUFYPET халықаралық емтихандарына дайындық және т.б. жүргізілуі мүмкін.



«ОЛИМПИАДАЛЫҚ ҚОРДЫ» ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҮЙЕСІ



1-кезең - 7-8-сынып оқушыларының жеке қабілеттерін саралау.

Саралау

  1. Оқушылардың мектепке түсу кезіндегі нәтижелері.

  2. 7-8-сыныптардағы пәндер бойынша мониторингілер (математика және тілдер бойынша жылына 2 рет).

  3. Әрбір оқу жылының басында (барлық сыныптар) пәндер бойынша (мониторинг өткізілмейтін пәндер) білімдерін анықтау тест нәтижелері.

  4. Мектепішілік пәндік олимпиадалар нәтижелері (оқу жылының басында, 25 қыркүйек).

  5. Оқушылардың бейімділігін анықтауға арналған психологиялық тест нәтижелері.

  6. «Баланы жұмысқа ал» және «Екі апта ауылда» әлеуметтік тәжірибесі нәтижелері.

  7. Академиялық үлгерім мен қосымша сабақтар нәтижелері (Бақылау парағы).

Іс-шаралар

  1. Пәндік олимпиадаларға қатысуға үміткер оқушыларды анықтау мақсатында сауалнама жүргізу.

  2. Мектепішілік олимпиадаларға (онлайн олимпиадаларға) қатысу.

  3. Жоба, элективті курс, үйірмелерді таңдау (қатысым және нәтижелілік).

  4. Жыл сайын наурыз айында 8-сынып мұғалімдерінің ұсыныс хаттарын жинау жүзеге асырылады (салыстырмалы талдау әдісін ескере отырып, оқушылардың қабілеттері мен пәндік білімі бойынша).

  5. 8-сынып оқушыларының ынталандыру хаттары жыл сайын наурыз айында тапсырылады (мен бұл пәнді неге таңдадым және ол менің болашақ мамандығыммен қалай байланысады?).

  6. Ерекше қабілетті оқушыларға тьюторлар бекіту.

2-кезең – 8-сыныпты аяқтаумен байланысты пәндер бойынша олимпиадалық қорды қалыптастыру.





  1. Олимпиадалық қормен жұмыс жүргізу бойынша пән мұғалімдерін анықтау.

  2. Ерекше қабілетті оқушыларға тьюторлар бекіту.

  3. Оқу жылының басында тьюторлардың жеке даму бағдарламаларын құруы.

  4. Олимпиадаға дайындық бойынша элективті курстар кестесін бекіту.

  5. Аталмыш тізімді қысқа мерзімді жоспарлауды жүргізуде басшылыққа алу.

  6. Нәтижелілікті бақылай отырып желілік олимпиадаларға қатысу.

  7. 9-сыныпты аяқтау барысында тізімді қайта қарау және өзгеріс енгізу (таңдаған пәні мен олимпиадаларға белсенді қатысу арасындағы байланысты қадағалау).

  8. Жазғы мектепте олимпиада қорындағы оқушыларды жеке назарға алуды ұйымдастыру.

  9. Жоғары сыныптарда пәндерді таңдау кезінде олимпиадалық қор қызметінің тиімділігін талдау.

  10. КХЕК (МЭСК) нәтижелері бойынша олимпиадалық қор қызметін бағалау.

  11. Қыркүйек айында 9-сыныпқа өту кезінде «Үміт» айрықша белгісін (оқушылар ант береді) табыстай отырып, «Олимпиадалық қор» құрамына қабылдау.



«Үміт» айрықша белгісінің артықшылықтары:

  1. оқушыларды оқу курстарына, байқауларға, конференцияларға іріктеу кезінде (Қазақстан ішінде, шет елдерге);

  2. мектепішілік іс-шараларды өткізу кезінде жиындағы құрметті орындарға ие болу;

  3. «Жазғы мектепте» жеке бағдарламамен оқуға мүмкіндік алу;

  4. айрықша белгі иегерлері туралы ақпараттарды мектеп сайтына, оқушылар тізімін мектептің 1-қабатындағы стендке және ӘБ кабинеттеріне ілу;

  5. белгінің бір АКТ-ке теңестірілуі (бір оқу жылына);

  6. «Үміт» айрықша белгісінің жыл сайын расталуы;

  7. оқу жылының аяғында мектеп әкімшілігімен бірге өткізілетін салтанатты дастарқанға шақырылу.





  1. Олимпиадалық қормен жұмыс жүргізу бойынша пән мұғалімдерін анықтау.

  2. Олимпиадаға дайындық бойынша элективті курстар кестесін бекіту.

  3. Аталмыш тізімді қысқа мерзімді жоспарлауды жүргізуде басшылыққа алу.

  4. Нәтижелілігі бақыланатын республикалық және халықаралық олимпиадаларға қатысу. 5. Олимпиадалық қор қызметін ЖОО-ға түсу нәтижелері бойынша бағалау.



ОҚУШЫЛАРДЫ ЖОЛ САПАРЛАРЫНА ІРІКТЕУ



  1. Ағылшын тілін жоғары деңгейде меңгеру (7-8-сыныптар – Intermediate, 9-10-сыныптар – Upper-Intermediate, 11-12-сыныптар - Advanced);

  2. Жоғары үлгерім (GPA «5»-ке жақын, «3»-тік бағаның болмауы);

  3. Белсенді жобалық қызметі (ғылыми, шығармашылық, әлеуметтік жобалар);

  4. Олимпиадалар мен жарыстардан алған жүлделі орындарының болуы (желілік, республикалық және халықаралық); 5. Мектеп өміріне белсенді қатысымы;

  1. Мектеп саясатын ұстануы (тәртіп бұзушылық актілерінің болмауы);

  2. Пән мұғалімдерінің оң мінездеме ұсыныстарының болуы.



Оқушыларды шетелдерге сапарға шығуға іріктеуді жүзеге асыру тәртібі:

    1. Оқушыларды шетелдерге сапарға шығуға іріктеу бойынша педагогикалық кеңес отырысында толтырылған хаттамада көрсетіледі:

      • Критерийлерге сәйкес оқушылар тобы анықталады;

      • Кеңес отырысынан бір апта бұрын мұғалімдерге танысу үшін жіберіледі.

    2. Отырыстың өткізілетін күні мен орны белгіленеді:

      • Оқушылар тізімін талқылау және бекіту (портфолио);

      • Пед.кеңес мүшелерінің дауыс беру арқылы шешім қабылдауы, ПК хаттамасын толтыру.



«Үздік оқушы» номинациясын тағайындау критерийлері

1. Оқушылар оқу үдерісінде ғана емес, сонымен қатар өз өмірінде де мектеп миссиясы мен құндылықтарын басшылыққа алуы тиіс; 2. Жоғары академиялық үлгерімінің болуы;



  1. Мектеп өміріне белсенді қатысушы ретінде таныла алуы;

  2. Ғылыми олимпиадалардан, спорттық жарыстардан, шығармашылық байқаулардан жетістіктерінің болуы;

  3. Ағылшын тілін меңгеру деңгейінің 6,5-тен кем болмауы;

  4. Шаңырақтың өзге мүшелері үшін тәлімгер бола алуы;

  5. Мектепте белгіленген тәртіп ережелері мен нормаларын қатаң сақтауы.

Мектептің өзін-өзі басқару кеңесіне оқушыларды таңдау критерийлері



  1. GP бойынша үлгерім 4,8-5-тен кем емес;

  2. Мектепте өткізілетін іс-шараларға/байқауларға/әлеуметтік жобаларға белсенді қатысым;

  3. Ұйымдастырушылық дағдыларының және тіл табысқыш қасиетінің болуы;

  4. Мектеп өмірін жақсартуға мүмкіндік беретін жаңа идеяларының болуы;

  5. Мектептің ішкі тәртібі ережесінің критерийлеріне сәйкестілігі (мектеп формасы).

«Туған елге тағзым» экспедициясы аясында жол жүруге сыйлықақы беру бойынша

Шаңырақтан оқушыларды таңдау критерийлері



  1. GP бойынша үлгерім 4,8-5-тен кем емес;

  2. Ғылыми-жобалық/олимпиадалық жұмыстар бойынша жүлделі орындар (желілік, облыстық, республикалық, халықаралық);

  3. Спорттық/шығармашылық қызметтегі жүлделі орындар (желілік, қалалық, облыстық, республикалық, халықаралық);

  4. Мектепте өткізілетін іс-шараларға/байқауларға/әлеуметтік жобаларға белсенді қатысым;

  5. Мектептің ішкі тәртібі ережесінің критерийлеріне сәйкестілігі (мектеп формасы).

«Үздік ата-ана» номинациясына үміткерлерді таңдау критерийлері

1. Бала тәрбиесінде мектеп миссиясын, құндылықтарын түсінуі және басшылыққа алуы; 2. Ата-ананың Назарбаев Зияткерлік мектебімен өзара байланыста болуы (жиналыстарға үнемі қатысым жасау);



  1. НЗМ-де өткізілетін спорттық, мәдени-көпшілік шараларға белсене қатысуы;

  2. Сынып және шаңырақ өмірінде белсенділік танытуы;

  3. Педагогикалық-психологиялық білімін жетілдіріп отыруы және заманауи мектептердің білім беру бағытын түсіне білуі (мектеп ішінде педагогикалық-психологиялық семинарлар, тренингтер, тимбилдинг ұйымдастыру);

  4. Ата-ананың мектеп пен қоғамды байланыстырудағы рөлінің айқын болуы (БАҚ, конференцияларда, семинарларда мектеп атынан сөйлеуі).

ҒАЛЫМДАРМЕН БІРГЕ ЖҰМЫС

Ерекше қабілетті оқушылардың ғылыми-зерттеушілік дағдыларын дамыту мақсатында Қазақстанның және шет елдердің ғалымдарымен келесідей өзекті ғылыми тақырыптар бойынша жұмыстар ұйымдастырылады: балама қуат күші және қуатты үнемдеу, мұнай мен көмірді өндірудің жаңа әдістері, молекулярлық биология, гендік және биоинженерия, биотехнологиялық өнім, нанотехнология, жасанды мүшелерді трансплантациялау саласындағы медицина және медициналық технологиялар, ғарыш саласындағы инновациялар, ауыл шаруашылығы және тағам өндіру саласындағы инновациялар, шөптен жасалған дәрі-дәрмектер жасау және өндіру. Жобаға жаратылыстануматематикалық бағытындағы пәндер бойынша үздік нәтижелері, көшбасшылық қасиеттері, ғылыми жобаларға қызығушылығы бар 7-12 сынып оқушылары қатыстырылады. Ғалымдармен бірге жұмыс жасайтын оқушыларды іріктеу мектептің Педагогикалық кеңесінде жүргізіледі.



БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР, ТӘЖІРИБЕЛЕР

Ата-аналар жиналысы. Жыл сайын мектепте оқу тоқсандарының нәтижелері бойынша жылына 4 рет жоспарлы ата-аналар жиналысы өткізіледі. Сонымен қатар қажеттілікке байланысты тақырыптық жиналыстар да өткізіледі: 1 қыркүйекте 7-сынып атааналарына арналған, жыл ағымында 9-12-сынып ата-аналарына кәсіби бағдарлау мәселелері, сыртқы жиынтық бағалауды ұйымдастыру және өткізу бойынша және т.б.

Экскурсия оқушылардың қызығушылығы мен зерттеушілік дағдыларының дамуына ықпал ететін оқу үдерісінің негізгі құрамы болып табылады. Оқушылардың экскурсияға қатысуы үшін ата-аналарының жазбаша рұқсаты қажет. Барлық экскурсиялар оқу жылының басында жоспарланады. Кейбір жағдайларда экскурсиялар ақылы негізде болуы мүмкін. Виртуалдық мектеп Қазақстан Республикасының әртүрлі білім беру ұйымдарында білім алатын, жаратылыстану-математикалық бағытындағы ғылымдарды игеруге қабілеттері бар 5 және 6-сынып оқушыларын анықтауға бағытталады.

«Виртуалдық мектеп» веб-сайты арқылы үміткерлер аймақтық Зияткерлік мектепке оқуға тіркеледі, тапсырмалар мен оларды орындау бойынша нұсқаулықтар, сонымен қатар педагогтың жеке кеңесін де ала алады.

Виртуалдық мектеп тапсырмаларын табысты орындаған оқушылар Каникулдық мектепке шақырылады. Виртуалдық мектеп веб-сайты: www.vs.nis.edu.kz.

Каникулдық мектеп Зияткерлік мектептерге түсуге дайындықты ұйымдастыруға бағытталған.

Каникулдық мектепте сабақтар өткізетін мұғалім келесідей критерийлерге сәйкес келуі тиіс:



  • 3 тілде сөйлейтін (қазақ, орыс, ағылшын);

  • «мұғалім-модератор» деңгейі бар;

  • пән бойынша оқу бағдарламаларының авторы;

  • дарынды балалармен шығармашылық жұмыс жүргізу тәжірибесі бар;

  • Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалім ретінде 1 жылдан астам еңбек өтілі бар.

Жазғы мектеп оқушылардың алған білімдерін тәжірибеде қолдануға арналған кезең ретінде жыл сайын өткізіледі. НЗМ оқушылары үшін жазғы мектепке қатысу міндетті болып табылады. Жазғы мектеп НЗМ оқушылары үшін ақысыз және ақылы негізде де өткізіледі. «Баланы жұмысқа ал» әлеуметтік тәжірибесі (7-8-сынып) еңбекті бағалау дағдысын қалыптастыру, ата-аналар мен балалардың арасындағы түсіністікті нығайту, мамандық таңдау мәселесіндегі ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға бағытталған.

«Ата-ана кәсіпорнындағы 10 күн» әлеуметтік тәжірибесі (9-11-сынып) болашақ мамандықты анықтау, кәсіпкерлікке ынталандыру және іскерлік ынтымақтастыққа бағытталған.

«2 апта ауылда» әлеуметтік тәжірибесі (7-8-сынып) мемлекеттік тілді дамыту және ұлттық салт-дәстүрлер туралы білімдерін арттыру, денсаулықты нығайту, еңбек дағдыларын, күнделікті және коммуникативтік қиындықтар арқылы өмірлік табандылықты дамытуға бағытталған.

«Туған елге тағзым» өлкетану-зерттеу экспедициясы (7-10 сыныптар) оқушыларға өз елін және ондағы ерекше таңғаларлық орындарды, олардың ерекшеліктерін жобалық жұмыстар арқылы тануға мүмкіндік береді. Экспедицияға оқу жылы ішінде «Шаңырақ» қауымдастығы аясында ерекше белсенділік танытқан оқушылар қатыстырылады.

«Discover Kazakhstan» байқауы - Назарбаев Зияткерлік мектептері мен жалпы білім беретін мектептер оқушылары арасындағы ағылшын тілінде үздік эссе жазу байқауы. Байқау нәтижесі бойынша үздік эсселер жинағы жарыққа шығарылады.

«100 кітап» жобасы - оқушылардың көркем шығарманы оқуға қызығушылықтарын арттыратын жоба. Бұл жоба аясында оқушыларға оқу жылы барысында қазақ әдебиетінен 60, әлем әдебиетінен 40 кітап оқуға ұсынылады (20 - ағылшын, 20 - орыс тілінде).

«100 ән» жобасы өз халқының тілі мен мәдениетін танымал ұлттық әндерді орындау әрі насихаттау арқылы үйретуге бағытталған.

«100 күй» жобасы оқушыларды патриоттыққа, қазақ халқының мәдени мұрасына құрметпен қарауға, оған деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін арттыруға тәрбиелейді. «TEDх» клубы әртүрлі әлемдік көзқарастар мен идеяларға құрметпен қарауға, оқушылардың көпшілік алдында сөйлеу және өз идеясын ұсына білу дағдысын дамытуға мүмкіндік береді.

«WIKIPEDIA» клубы оқушылардың ашық энциклопедия талабына сай мақалаларды жазу, толықтыру және өңдеу дағдыларын дамытуға бағытталған. Клуб оқушылары ашық энциклопедияның қазақша бөліміндегі мақалалардың сапасы мен санын арттыруға белсенділік танытады.

«BOOKCROSSING» акциясы оқырмандардың кітап оқуға қызығушылықтарын арттыруға, отбасылық кітап оқу дәстүрін қалыптастыруға, мектеп ішінде және өзге де мектептермен кітап алмасу арқылы оқылған кітаптарды бірге талқылауға мүмкіндік береді.

«READING TIME» акциясы мектеп қауымдастығының кітап оқуға деген сүйіспеншілігін арттыруға, серіктестік рухты, әлемді тану көзқарасын қалыптастыруға бағытталады.

ҰЖЫМДЫҚ ПОШТАНЫ ҚОЛДАНУ ӘДЕБІ

Электрондық пошта бойынша ресми қарым-қатынас орнату біздің мектеп қауымдастығы қызметінің ажырамас бөлігі болып табылады. Әрбір хат – бұл біздің іскери ұстанымымыздың бейнесі. Ұжымдық поштаны қолдану қолайлылық пен жұмыс өнімділігін қамтамасыз етеді. Ұжымдық поштамен жұмыс жасауда келесі ережелерді басшылыққа алу қажет:



  1. міндетті түрде күн сайын поштаны тексеру;

  2. хабарлама мазмұнын беру мақсатында хаттың қысқаша тақырыбын көрсету;

  3. хатты нақты адресатқа жіберу: «аll@akb.nis.edu.kz» және «students@akb.nis.edu.kz» мекенжайларына барлық педагогикалық және оқушылар ұжымына арналған хатты ғана жіберу керек;

  4. ұжымдық поштаны тек іскерлік қарым-қатынас орнатуға ғана қолдану;

  5. бөгде адамдардың Сіздің поштаңызды қолдануын болдырмау үшін құпиясөзді басқа компьютердің браузерінде сақтамау және поштамен жұмыс жасап болғаннан кейін жүйеден шығу.

CIS ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АККРЕДИТАЦИЯСЫ

Халықаралық мектептер Кеңесі (CIS) – халықаралық білім беру жүйесінде мектептерді аккредитациялаумен және алдыңғы қатарлы оқыту әдістерін дайындаумен айналысатын мекеме.

CIS-тің негізгі мақсаты - халықаралық білім берудегі жоғары стандарттарға жету және оларды енгізу, сонымен қатар оқушылардың оқу нәтижелерін жақсарту үшін мекеме мүшелеріне уәкілеттілік беру. Халықаралық мектептер Кеңесінің стандарттары:

А стандарты - «Мектептің басшылыққа алатын ережесі»

В стандарты - «Оқыту және оқу»

С стандарты - «Басқару және басшылық»



  1. cтандарты - «Оқытушылар құрамы және көмекші қызметкерлер»

  2. cтандарты - «Оқыту мен оқу мүмкіндігі»

  3. cтандарты - «Мектеп мәдениеті және оқыту үшін серіктестік»

  4. cтандарты - «Операциялық жүйелер»



МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗА

Оқу кабинеті – бұл білім беру үдерісі жүзеге асатын оқу бөлмесі.

Мектепте 60 оқу кабинеті, жаратылыстану бағыты пәндерінің тараулары бойынша тәжірибелер жүргізуге арналған әмбебап аспаптар мен жабдықтар жиынтығынан құралған 15 зертханалық кабинет бар. Оқу кабинеттері жаңа үлгідегі мектеп жабдықтарымен, интербелсенді, маркерлік тақталар және ноутбуктермен, ал кабинеттер арнайы зертхана жиһаздарымен, бақылау-өлшеу құрылғылары және техникалық заттармен қамтылған кеңейтілген зертханамен жабдықталған. Дене шынықтыру сабақтарын, спорттық секция жұмыстарын өткізуге арналған екі спорт залы және бір тренажер залы бар. Мектепте сондайақ жеке сабақтарға арналған кабинеттер, психологиялық тұрғыда жеңілдеу бөлмесі, педагогикалық және ақпараттық технологиялар біріктірілген, әдістемелік бірлестіктер кабинеттері қарастырылған.



Мектеп кітапханасы – бұл мектеп инфрақұрылымының маңызды бөлігі, мектептің мәдени-ақпараттық орталығы, оқу үдерісінің негізгі компоненті.

Тұрақты ілгері жылжу мен даму – мектеп кітапханасы қызметінің негізгі ұстанымы. Қазіргі таңда кітапхана шығармашылық пен жасампаздықтың, біріктіруші, жинақтаушы рөлінде. Мектеп кітапханашысы оқушылардың сыни тұрғыда ойлауына, олардың ақпараттық және функционалдық сауаттылығы мен зерттеу дағдыларын дамытуға жағдай жасауы тиіс. Назарбаев Зияткерлік мектептері кітапханаларына АҚШ, Финляндия, Оңтүстік Корея мектептері кітапханаларының алдыңғы қатарлы озық тәжірибелері енгізілуде. Кітапхана жұмысы туралы толығырақ ақпарат төмендегі сілтемелерде: http://lib.akb.nis.edu.kz/



https://www.facebook.com/Nis-Aktobe-Library-817317308291536/

ЖЕЛІЛІК ЖӘНЕ САНДЫҚ БІЛІМ БЕРУ РЕСУРСТАРЫ

Ақтөбе қаласындағы «физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің» пәндерді тереңдетіп меңгеруде қажетті материалдарды табуға мүмкіндік беретін http://lib.akb.nis.edu.kz/ веб-сайты бар. Аталмыш сайтта келесідей пайдалы сілтемелер орналасқан:



  • TWIG-BILIMбілім беру ресурсы;

  • EBSCOхалықаралық мәліметтер қоры;

  • еркін кіруге болатын ғаламтор ресурстары;

  • қазақ, орыс және ағылшын тілдерін меңгеруге арналған ресурстар; - жүйелік-әдістемелік кешен; -мерзімдібасылымдар.

2014 жылдан бастап жалпы білім беретін мектеп мұғалімдеріне және оқушыларына қолдау көрсету мақсатында жүйелік-әдістемелік кешен (кейін – ЖӘК) жұмыс жасайды. Аталмыш кешенде пәндер мен тақырыптарды өз бетімен меңгеруге арналған қосымша материалдар жүйеленген, Назарбаев Зияткерлік мектептері оқушыларының өзара қарымқатынасы үшін форум, жаңа ғылыми ашылулардың қызықты мәліметтері жарияланатын

«Зерттеулер әлемі» қауымдастығы бар. Ресурстың ғаламтордағы мекенжайы - sk.nis.edu.kz.



АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ БЕРУ ОРТАСЫ

АБО жүйесі, яғни Ақпараттық білім беру ортасы Назарбаев Зияткерлік мектептеріндегі білім беру үдерісін басқаруға арналған.

«Ата-аналар» санатындағы қолданушы жүйеде бақылаушы қызметін атқарады. Атаанаға баласының үлгерім мониторингі мен сабаққа қатысымына қатысты болып табылатын барлық модульдер қолжетімді. Бұған қоса оқиғалар күнтізбесінде ақпараттық хабарламалар құру мүмкіндігі мен хабарламалардың ішкі жүйесі арқылы хабар алмасу да қарастырылған.

Жұмысты қалай бастауға болады?

АБО жүйесі жұмысына кіру мектеп сайты немесе тікелей берілген браузердегі ИОС мекенжайы арқылы жүзеге асырылады.



Мектеп сайты арқылы кіру жағдайында келесі орындалады:

  1. Мектеп сайтына кіріңіз. Мектеп сайтына кіру үшін браузер бағдарламаларын аша отырып, мысалы, Internet Explorer, URL мекенжай енгізу жолына мектеп сайтының мекенжайын http://akb.nis.edu.kzенгізу қажет. Браузерде мектеп сайтының басты беті ашылады (1-сурет).

1-сурет. Мектеп сайты





  1. «Мектепке» командасын тышқанның көмегімен басыңыз. Экранда «Логин» мен «Құпиясөзді» енгізуге арналған бет ашылады. АБО-ға кіру үшін жеке мәліметтеріңізді енгізесіз. Логин үшін өз ЖСН нөміріңізді, ал құпиясөз санатында Qqwerty1! енгізіп, «Мектепке кіру» батырмасын басыңыз (2-сурет).

2-сурет. АБО жүйесіне кіруге арналған қолданушы мәліметтерін енгізу





  1. Осы бетте Сізге құпиясөзді ауыстыру қажет. Өзіңіздің жаңа құпиясөзіңізді енгізіңіз және растаңыз.

Кейін «Сақтау» батырмасын басыңыз (3-сурет).

3-сурет. Құпиясөзді өзгерту



Басқарудың негізгі элементтері

АБО жүйесіне кірген уақытта Сіз бірінші болып ағымдағы веб-парақшаны көресіз. Ол келесідей аймақтарға бөлінген: негізгі мәзір, жұмыс аймағы, ақпарат, атау мен жүйенің нұсқасы көрсетілген тақырып, қосымша мәзір (4-сурет).



4-сурет. АБО-ның жұмыс беті

Негізгі мәзір [1] АБО бойынша жұмыс жасау құралы ретінде қолданылады. Жұмыс аймағы [2] қолданушының жүйедегі негізгі жұмысы үшін қажет. Басқарушы мәзір [3] қолданушыға тілдерді ауыстыруға, құпиясөзді өзгертуге, жүйеден шығуға немесе көмек алуға мүмкіндік береді. Ақпараттық панель [4] сабақтар кестесін, қоңырау кестесін және ағымдағы қолданушының хабарламаларын жедел көру үшін қолданылады. АБО-ның әрбір парақшасы жұмыс аймағында жекелеген бетбелгілерде орналасады.


Каталог: Aktobe -> Portal -> wp-content -> uploads -> 2017
Aktobe -> Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендерінің, құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштегілерінің тізбесін бекіту туралы
Aktobe -> Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытудың білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарды мемлекеттік аттестаттауды және өзіндік бағалауды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі бағдарлама және әдістемелік ұсынымдар
Aktobe -> Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы
Aktobe -> 500 мыңға жуық адамды қамтитын, 2200-ге жуық шараны өткізу жоспарланып отыр. Оның ішінде
Aktobe -> Жекешелендірудің екінші ағымы аясында сауда-саттықты өткізу туралы ақпарат
2017 -> Біздің Ұранымыз әлем сізді күтуде … мектеп миссиясы
Aktobe -> Сабақтың тақырыбы: Ақтөбе қаласы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет