Бизнеске кіріспе



Pdf көрінісі
бет14/131
Дата12.12.2023
өлшемі2,36 Mb.
#196382
түріОқулық
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   131
Байланысты:
Kadirbergenova1
Брадис кестесі, Жоба Алихан.Т
 
Құн қағидасы
Бизнес субъектілері өзара бәсекелесе алатын барлық 
игіліктер құндылыққа ие. Құн – игіліктің ақшалай бағалануы, демек, 
таңдау ұтымдылығын бағалау параметрі. Игіліктерді құндық бағалау 
көмегімен бизнес субъектілері өз шығындарын бәсекелестердің 
шығындарымен өлшеп, салыстыра алады.
Өз таңдауының ұтымдылық 
дәрежесін құндық бағалау көмегімен олар өзінің бәсекеге қабілеттілік 
дәрежесін анықтай алады.
Құндық бағалаулардың арқасында олар өз 
шығындарын кірістермен, ал бизнесті дамыту үшін инвестициялар 
көлемін жеке тұтыну көлемдерімен салыстыра алады. 
 
Жауапкершілік қағидасы

Әрбір бизнес субъектісінің таңдауы оны 
мәміле шарттарын жауапкершілікпен орындауға міндеттейді.
Алынған 
міндеттемелерді жауапкершілікпен орындау нарықтық экономикаға ие 
елдердің заңнамаларында қарастырылып қана қоймай, сонымен қатар 
іскерлік қатынастар жүйесінің ұзақ мерзімді дамуының қажетті шарты 
болып табылады.
Керісінше, қабылданған міндеттемелерге жауапсыз 
қарым-қатынас мәміле жасаған бизнес субъектілерінің іскерлік 
ынтымақтастығын бұзады.


21 
Жинақтау (синтез) қағидасы. 
Іскерлік мүдделерді іске асыру жеке 
және қоғамдық қатынастарды шаруашылық жүргізуші субъектілердің 
мүдделеріне және олардың іс-әрекеттеріне синтездеуге әкеледі
 
Шоғырлану қағидасы
.
Іскерлік қатынастардың дамуы шаруашылық 
жүргізуші субъектілердің табиғи және әлеуметтік ресурстарды біртіндеп 
игеруінен көрінеді.
Әлеуметтік ресурстар адамдар арасындағы 
коммуникация барысында қалыптасады және экономиканың әлеуметтік 
әлеуеті деп аталады.
Табиғи және әлеуметтік ресурстарды бизнес 
субъектілері өз қызметін жүзеге асыру үшін талдайды, іріктейді және 
шоғырландырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   131




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет