Бизнесте табысқа қалай жетуге болады?


Бизнесіңіздің гүлденуіне қол жеткізгіңіз келсе – үнемдеуді үйреніңіз



бет3/7
Дата16.12.2022
өлшемі1,32 Mb.
#162959
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
313978.pptx 2
лекция 8, 1545510591, Жалпы тіл білімі, Қ.Ғ.Аронов, 22.01 Вебинар, ашық сабақ 2, my school 011, Анталия, section by section physics kz, Лингвоконцептология диплом, 472 бұйрық-4 тоқсан-10 сынып., фрезеологизмдер, Булшык еттер, 17.01 6 сынып, Физика 10 сынып Тұрақты ток Толық тізбек үшін Ом заңы жоспар

Бизнесіңіздің гүлденуіне қол жеткізгіңіз келсе – үнемдеуді үйреніңіз

  • Бизнесін ашқан әр адам өзін жетістікке бағыттайды. Ол даму жолдарын іздеп, бар күш-жігерін кәсіпкерлік ісінің өркендеуіне жұмсайды. Бірақ кейде ынтасы мен күш-жігеріне қарамастан, кірістердің қомақты үлесін шығыстар жейді. Қажетсіз жұмсауды қалай қысқартуға болады? Қажетті бірнеше ережелерді атап өтейік.
  • №1 ереже
  • Қандай да бір сатып алу туралы шешім қабылдау алдында, сіздің бизнесіңізге бұл нәрсе шын мәнінде керектігі жайында ойланыңыз. Егер ол расында да қажет болса, затты арзандау сатып алу тәсілдерін іздеңіз, мысалы, интернет арқылы тапсырыс беріңіз.
  • №2 ереже
  • Штатқа бірден көп қызметкерлерді жалдаудың қажеті жоқ. Кейбір мамандардың қызметіне бизнес, әсіресе жас бизнес, қысқа уақыт қана мұқтаж екендігін естен шығармаңыз. Мысалы, есепшіні аптасына бірнеше күнге жалдауға болады, тиісінше, оның қызметі сізге арзан түседі. Копирайтер, аудармашы сияқты мамандық иелерін фрилансер ретінде тартуға болады, өйткені, олар қашықтан тиімді жұмыс істей біледі. Егер қызметкерлердің жұмыс орнында толық күн болу қажеттілігі туындамаса, жұмыс сағаттарының санын өзгертуге болады. Мысалы, сіз заң компаниясын ашсаңыз, онда оның негізгі "жұмыс күші" - тәжірибелі, білікті заңгерлер. Әкімшілік-техникалық жұмысты хатшы немесе көмекші орындай алады. Әрбір заңгерге көмекші жалдаудың немесе жас заңгерлерді жұмысқа алудың қажеті жоқ, өйткені, жобалар көп емес, бірақ үлкен жауапкершілікті талап етеді. Себебі, олар сіздің беделіңіздің кірпішін қалайды.

№3 ереже

  • №3 ереже
  • Техниканы немесе жылжымайтын мүлікті пайдаланған үшін бөгде ұйымдарға және жеке өкілдерге түрлі лизингтік және жалдау төлемдер санын төмендету керек. Ешқашан жеке мүлкіңізге айналмайтын жалдамалы заттарға төлеуден гөрі оларды сатып алуға тырысыңыз. Ғимаратты немесе кеңсе бөлмесін таңдағанда бос кеңістік көп болмауын ескеріңіз, себебі, ол үшін ақша төлеуіңізге тура келеді. Алғашқы кезде сізге үлкен офис қажет емес.
  • №4 ереже
  • Сақтық үшін іске нақты қажет сомадан тым артық қаржы-қаражат тартудың қажеті жоқ. Әйтпесе, бизнес кірістерінің басты бөлігі осы "қауіпсіздік жастығы", яғни жұмыс істемейтін ресурс, төлемдеріне жұмсалуы мүмкін.
  • №5 ереже
  • Егер жұмыс барысындағы кейбір мәселелерді шешу үшін біліміңіздің жеткіліксіздігін сезсеңіз, мамандардың көмегіне жүгінгеніңіз абзал. Бұл қадам мәселелерді дұрыс және уақтылы шешуге мүмкіндік береді және болашақта ақшаңыз бен күшіңізді үнемдейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет