Бизнестегі тәуекелдерді азайту жолдары 1 сурет. Тәуекелді басқару процесінің жалпы сызбасы Тәуекелді басқару әдістері



бет2/6
Дата14.10.2022
өлшемі0,57 Mb.
#152997
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
510740.pptx

Тәуекелдерді оқшаулау әдісі
Бұл әдіс жиі қолданылмайды, көбінесе тәуекелдер мен олардың пайда болу көздерін анық белгілеу мүмкін болған кезде ғана қолданылады. Іске асырылатын қызметтің әкономикалық тұрғыдан айтарлықтай қауіпті кезеңдерін немесе бөліктерін анықтай отырып, оларды бақылау және тәуекел деңгейін төмендету мүмкіндігі туады.
Оқшаулаудың мүндай әдістеріне мыналарды жатқызуга болады:
- венчурлік кәсіпорындар кұру, яғни тәуекел деңгейі жоғары жобалар үшін дербес еншілес кәсіпорын қүру. Жобаның тәуекел деңгейі айтарлықтай жоғары бөлімі осы еншілес кәсіпорында іске асырылатын болады;
- тәуекелді жобаларды орындау үшін арнайы қүрылымдық бөлімше қүру;
- тәуекелді жобаларды іске асыру үшін бірлескен қызмет туралы келісімдер жасасу (бекіту).

Тәуекелдерді әртараптандыру әдісі

Бұл әдіс тәуекелдерді әртүрлі бағытта бөлумен байланысты болып келеді. Оның мынадай түрлерін бөліп көрсетуге болады:

- жобаға қатысушылар арасында жауапкершілікті бөлу. Жауапкершілікті бөлу кезінде әрбір қатысушының жауапкершілігі мен қызмет сферасын, сондай-ақ жүмыстар мен жауапкершіліктің бір қатысушыдан басқасына өту шарттары анық бөліп көрсетілуі қажет. Сонымен қатар оны келісім шарт арқылы зандық түрғыда бекіткен дүрыс.

- қызмет түрлерін әртараптандыру. Ол өндірілетін өнім не¬месе көрсетілетін қызмет түрлерін кеңейтумен, тұтынушылардың әртүрлі әлеуметтік топтарына, түрлі аймақтардағы кәсіпорындарға бағытталумен сипатталады;

- жеткізу мен өткізуді әртараптандыру. Яғни, бірмезгілде бірнеше нарықтарда жүмыс жасауды білдіреді. Бұл бір нарықтағы зиянды екінші нарықтағы пайда есебінен жабу мүмкіндігін білдіреді. Сонымен қатар шикізаттар мен материалдарды сатып алуды да әртараптандыруға болады.

Тәуекелдерді әртараптандыру әдісі

Ол көптеген жабдықтаушылармен (жеткізушілермен) өзара әрекеттестікте болуды және сол арқылы қоршаған ортаға тәуелділігін төмендетуді білдіреді. Әртүрлі се- бептермен жеткізу шарты бүзылған жағдайда басқа жабдықтаушылармен жүмыс жасай береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет