Бизнестің беделі және имиджі Дәріс сабағының жоспары



бет1/4
Дата21.10.2023
өлшемі0,6 Mb.
#187255
  1   2   3   4
Байланысты:
10 апта дәрісі.Кәсіпкерлік мәдениет

Бизнестің беделі және имиджі

Дәріс сабағының жоспары:

1.Кәсіпкерлік мәдениеті мен этикасы

2.Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі

3.Бизнестің беделі мен имиджін қалыптастыру технологиясы

Кәсіпкерлік мәдениет- субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Ол елдегі қолданыстағы құқықтық нормаларға, бизнесті жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекет нормаларына, іскерлік дағдыларға, этикалық және адамгершілік ережелеріне негізделеді.

  • Кәсіпкерлік мәдениет- субъектілердің кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудағы белгілі бір қалыптасқан қағидалары, тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы. Ол елдегі қолданыстағы құқықтық нормаларға, бизнесті жүзеге асыру кезіндегі іс-әрекет нормаларына, іскерлік дағдыларға, этикалық және адамгершілік ережелеріне негізделеді.

Кәсіпкерлік мәдениет түсінігінің мазмұнын мынадай 3 құрамдас бөлік арқылы анықтауға болады:

  • Кәсіпкерлік мәдениет түсінігінің мазмұнын мынадай 3 құрамдас бөлік арқылы анықтауға болады:
  • Кәсіпкердің бизнестің құндылықтары туралы түсінігі. Әрбір кәсіпкер белгілі бір түрде бизнестің мақсаттарын айқындайды. Оның маңыздылығы мен құндылығын бағалаудың өзіндік деңгейі болады, соған сәйкес тұтынушылар, клиенттер, тауарына деген қажеттіліктер, тауарының сапасы, күтілетін табыстар мен пайдалар туралы талқыға салады;
  • Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау мен жүзеге асыру кезіндегі мінез-құлық нормалары мен ережелері. Мыс: көп табыс әкелетін маңызды клиенттерге жоғары дәрежеде қызмет көрсету ережесіне олармен үнемі байланыста болу, олардың қалаулары мен тілектерін ескеру, оларға қажетті тауарларды белсенді түрде ұсыну, сатудан кейінгі қызмет көрсету кіреді;
  • Кәсіпкердің нақты іс-әрекеті, соның нәтижесінде кәсіпкер әзірленген ережелер мен мәдени мінез-құлық нормаларын іс-жүзінде жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне мыналар жатқызылады:

  • Кәсіпкерлік мәдениеттің негізгі элементтеріне мыналар жатқызылады:
  • Кәсіпкерлік қызметтің заңдылығы;
  • Міндеттер мен міндеттемелерді мінсіз орындау;
  • Кәсіпкерлік субъектілерінің өз бизнесін адал жүргізуі, адамдармен, тұтынушылармен, әріптестермен, мемлекетпен адам қарым-қатынаста болу;
  • Кәсіпкерлердің жалпы этикалық нормаларды сақтауы. Ол кәсіби этиканы, кәсіпорынның этикалық кодексін, бизнесті жүргізудің жалпыға ортақ ережелерін, кәсіпкердің тәрбиесі мен мәдениетінің деңгейін, қоғамдағы қолданылатын дағдылар мен дәстүрлерді сақтауды, заңды бизнесті жүргізуге қажетті білім деңгейін қамтиды;
  • Кәсіпкерлік қызметтің қажеттілікті қанағаттандыруға бағытталуы;
  • Кәсіпкерлік іс-әрекетті болжау мүмкіншілігі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет