Бүйрек қызметтері Бүйрек даму ақауларының этиологиясы



бет2/4
Дата25.12.2022
өлшемі402 Kb.
#164371
1   2   3   4
Байланысты:
14768 810465 15

Сан аномалиялары

  • Бүйректің аплазиясы.
  • Бұл ақау несеп жолының төменгі жартысындағы вольф түтігінің дамуының тоқтап қалуынан не дамымай қалуынан болады. Бүйректің аплазиясын атрофиядан ажырата білу керек, себебі бұл патологиялардың клиникалық көрінісі біртипті. Контрлатералды бүйректің қалыпты дамуында, бұл ақаудың клиникалық көріністері байқалмайды. Көбінесе бүйрек аплазиясында, несепағардың болмауымен және оның сағасы мен несепқуығының сәйкес келетін үшбұрышының болмауымен сипатталады.

Бүйректің екі еселенуі

  • Бұл бүйректің саны жағынан ең жиі кездесетін ақауы. Бүйректің екі еселенген ақауы, қалыпты бүйрекке қарағанда ұзынырақ, көбінесе оның эмбриональдық үлестілігі анық байқалады. Жоғарғы және төменгі бүйректің арасында әртүрлі деңгейде дамыған жүлгелер болады. Екі еселенген бүйректің жоғарғы бөлігі төменгі бөлігіне қарағанда кішкентай. Екі еселенген бүйректің қанмен қамтамасыз етілуі екі бүйректік артериямен қамтамасыз етіледі. Лимфаайналымы - екі еселенген бүйректің әр бөлігінде бөлек-бөлек жүреді. Толық екі еселенген бүйректе тостағанша-түбектік жүйе бөлек-бөлек болады, төменгі бөлігінде – қалыпты, жоғарғы бөлігінде – дамымай қалған. Әр тостағанша несепағар бойынша кеткен. Бүйректің екі еселенуі жеке орган ретінде көрінеді, сондықтан аталуы да сондай.
  • Тостағаншасы екі еселенбей, қан тамыры мен паренхимасы екі еселенсе, оны бүйректің толық емес екі еселенуі деп атаймыз.

Қосымша бүйрек

  • Бұл сирек кездесетін бүйректің ақауына жатады. Қосымша бүйрек жеке қанмен қамтамасыз етіледі және жеке несепағары болады, яғни жеке несепағармен немесе негізгі бүйректің несепағарымен қамтамасыз етіледі.
  • Кейде бұл эктопиялық орналасуы мүмкін, сол себепті зәр үнеі бөлініп тұрады. Қосымша бүйрек қалыптыға қарағанда төмен орналасады. Және төменгі бел омыртқада не мықын аймағында, сирек жамбаста орналасады. Олардың өлшемдері – вариабельді, алайда жиі көлемі кішірейген.

Шама-Көлемінің аномалиялары

  • Бүйректің гипоплазиясы – қалыпты гистологиялық құрылысымен және бүйректің функциясының белгілерінің болмауы. Гипоплазия көбінесе біржақтық, алайда екіжақтылық болуы мүмкін.
  • Біржақтық гипоплазияда науқас емді тек патологиялық үрдісте қажет етеді. Бұл әдетте пиелонефрит, яғни көбінесе бүйректің әжімделіп және артериялық гипертензиямен көрінеді. Бұл кезде нефроэктомия жасайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет