Бұйрық жобасы Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы


Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты



бет2/9
Дата14.09.2023
өлшемі78,98 Kb.
#181010
түріКодекс
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
759 4@0DB A 2 5AB=K9 30.03.2021 07
8 қара сөз, рента, ПРОПЕД 100!????-1, ПРОПЕД 100!????-1, ТЕСТ НАЗ, 2021 жыл Ата-анаға сауалнама психологтан, 2021 жыл Ата-анаға сауалнама психологтан, 1025706284211 Силлабус ПЕДАГОГИКА20, 1025706284211 Силлабус ПЕДАГОГИКА20, Глава 4 новый, БЖБ-2 8сын жинақ
Медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты


1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі-Кодекс) 7-бабының 32) тармақшасына және 120-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және медициналық оңалту көрсетуді ұйымдастыру процестеріне қойылатын жалпы қағидаттар мен талаптарды белгілейді.


2. Осы Стандартта пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар:медициналық оңалту - пациент организмінің функцияларын сақтауға, бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіруге бағытталған медициналық көрсетілетін қызметтер кешені;

  1. бейінді маман-жоғары медициналық білімі бар, денсаулық сақтау саласында сертификаты бар медицина қызметкері;

  2. "физикалық медицина және оңалту" (ересектер, балалар) мамандығы бойынша дәрігер – аурулардың негізгі клиникалық бейіндері бойынша физикалық оңалтудың құралдары мен әдістерін қолдану бойынша арнайы білімі және дайындығы бар дәрігер;

  3. бейін бойынша үйлестіруші дәрігер (бұдан әрі – үйлестіруші дәрігер) – медициналық оңалту бойынша оқудан өткен және МДТ жұмысын үйлестіретін физикалық және медициналық оңалту дәрігері (бұдан әрі-ФМР дәрігері) немесе көрсетілетін медициналық көмек бейіні бойынша маман (кардиолог, невропатолог, травматолог – ортопед, нейрохирург және басқалар);

  4. медициналық абилитация-мүгедек балалардың қалыптаспаған функциялары мен дағдыларын иеленуге немесе олардың орнын толтыруға және оларды қоғамға біріктіруге бағытталған медициналық оңалту процесі, туа біткен функционалдық шектеулері бар балалар үш жасқа толғанға дейін жүргізіледі.

  5. медициналық қызметтер- денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдік, оңалту және паллиативтік бағыты бар іс-әрекеттері;

  6. клиникалық хаттама (КХ) – пациенттің белгілі бір ауруы немесе жай-күйі кезінде профилактика, диагностика, емдеу, медициналық оңалту және паллиативтік медициналық көмек жөніндегі ғылыми дәлелденген ұсынымдар;

  7. мультидисциплинарлық топ (МДТ)– пациент ағзасының функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына қарай қалыптасатын әртүрлі мамандар тобы;

  8. мобильдік бригада – оңалту әлеуеті бар, бірақ өз бетінше қозғала алмайтын, оның ішінде әлеуметтік көрсеткіштер бойынша және медициналық оңалту бойынша іс – шараларды жалғастыруға немесе ұзақ жүргізуге мұқтаж пациентті тұрғылықты жері бойынша көшпелі нысанда медициналық қызметтердің кешенін көрсету нысаны;

  9. оңалту әлеуеті- белгілі бір уақыт аралығында пациент организмінің бұзылған және (немесе) жоғалтқан функцияларын ішінара немесе толық қалпына келтіру перспективасының клиникалық негізделген ықтималдығы;

  10. оңалту диагнозы- туындаған зақымданудың және осыдан кейін тұрмыстық және кәсіптік дағдылар мен био- элеуметтик функциялары бұзылуының сипаттамасын қамтитын аурудың (жарақаттың) функционалдық салдарларын бағалау өлшемшарттарын көрсететін диагноз;

  11. медициналық- әлеуметтік оңалту- жұмысқа тарту, отбасылық және қоғамдық өмірге енгізу үшін медициналық, әлеуметтік және еңбек іс-шараларын пайдалана отырып, науқастар мен мүгедектердің денсаулығын қалпына келтіру жөніндегі шаралар кешені;

  12. қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер- медицина қызметкерлерінің өзара, жеке тұлғалармен және (немесе) олардың заңды өкілдерімен қашықтықтан өзара іс-қимылын қамтамасыз ететін цифрлық технологиялар арқылы диагностика, емдеу, медициналық оңалту және аурулар мен жарақаттардың профилактикасы, зерттеулер мен бағалау жүргізу мақсатында медициналық көрсетілетін қызметтерді ұсыну, аталған адамдарды сәйкестендіру, сондай-ақ олар жасайтын іс-әрекеттерді құжаттау;

  13. теле- денсаулық сақтау- клиникалық диагноз қоюды және жеке тұлғаның қашықтықтағы жай-күйінің мониторингін қамтитын қашықтықтан көрсетілетін медициналық қызметтер, сондай-ақ аурулардың профилактикасы, денсаулықты нығайту, қоғамдық денсаулық сақтауды қолдау, медициналық-санитариялық ағарту және ғылыми медициналық зерттеулер сияқты басқа да клиникалық емес функциялар;

  14. санаторий-курорттық емдеу - адамдардың санаторий-курорттық ұйымда уақытша болуы жағдайларында жүргізілетін медициналық оңалту түрі;

  15. санаторийлік-курорттық ұйымдар - медициналық және өзге де көрсетілетін қызметтерді, курорттарда немесе емдеу-сауықтыру орындарында орналасқан табиғи емдік факторларды қолдана отырып, адамның денсаулығын сауықтыру және қалпына келтіру жөніндегі санаторийлік-курорттық қызметтерді көрсететін ұйымдар: санаторий (ересектерге, ересектер мен балаларға, балаларға арналған), студенттік санаторий-профилакторий, балалардың оңалту-сауықтыру орталығы;

  16. оңалту картасы-уәкілетті ұйым бекіткен, науқастың объективті жай-күйі туралы деректер, жүргізілген зерттеулер, оңалту емінің нәтижелері көрсетілген бастапқы медициналық құжаттама нысаны;

  17. халықаралық өлшемшарттар (индекстер, шәкілдер, тесттер) – БӘФ-тің бұзылу дәрежесін, адамның оңалту әлеуетін бағалауға, медициналық оңалтудың көлемін, тактикасын және кезеңділігін айқындауға мүмкіндік беретін медициналық оңалту құралдары;

  18. әлеуметтік қызметкер- денсаулық сақтау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін және (немесе) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау мен айқындауды жүзеге асыратын, белгіленген талаптарға сәйкес келетін қажетті біліктілігі бар қызметкер;

  19. емдеуге жатқызу бюросы порталы – тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі;

  20. пациентті немесе мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігі-медициналық көрсетілетін қызметтердің көлемі, оңалтуды жүргізудің түрлері мен мерзімдері көрсетілген оңалту іс-шараларының жоспары;

  21. тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі – ТМККК) – бюджет қаражаты есебінен ұсынылатын медициналық көмектің көлемі;

  22. міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

  23. хабардар етілген келісім- адамның медициналық көмек алуға және (немесе) медициналық көмектің және (немесе) зерттеудің шешім қабылдау үшін маңызы бар барлық аспектілері туралы ақпарат алғаннан кейін нақты зерттеуге қатысуға өз келісімін жазбаша ерікті түрде растау рәсімі;

  24. жоғары технологиялық медициналық көрсетілетін қызмет-диагностика мен емдеудің инновациялық, ресурс қажет ететін және (немесе) бірегей әдістерін пайдалануды талап ететін аурулар кезінде бейінді мамандар көрсететін көрсетілетін қызмет;

  25. өмір сүру мен денсаулықтың қызмет етуінің, шектеулерінің халықаралық жіктемесі – бұл өмір тіршілігі мен денсаулықтың жұмыс істеуі, шектелуі компоненттерінің жіктемесі (бұдан әрі- ҚХЖ);

  26. катамнез және ерте араласу кабинеті/бөлімшесі/орталығы – асқынулардың даму ықтималдығын азайтуға және мүгедектікті азайтуға бағытталған баланың өсуі мен дамуын сүйемелдеудің жеке бағдарламаларын әзірлей отырып, шала туған балаларды, сондай-ақ ерте неонаталдық кезеңде қиын жағдайға ұшыраған балаларды катамнестикалық бақылауды жүзеге асыратын медициналық мекеме..

  1. Денсаулық сақтау субъектілерінің "медициналық оңалту" бейіні бойынша Медициналық қызметті жүзеге асыруы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен алынған, көрсетілген қызмет түріне мемлекеттік лицензиясы болған кезде ғана болуы мүмкін».

  2. Пациенттерге медициналық оңалту көмегін көрсету Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 16 қазандағы № 672 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес ТМККК шеңберінде және (немесе) МӘМС жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 421 қаулысымен бекітілген тізбеге сәйкес жүзеге асырылады және медициналық оңалтуды жүзеге асыру кезінде дәрігерге дейінгі, білікті және мамандандырылған медициналық көмек, жоғары технологиялық медициналық қызметтер түрінде ұсынылады.

  3. Пациенттерге медициналық оңалтуды Кодекстің 7-бабының 38) тармақшасына сәйкес "дене медицинасы және оңалту" (ересектер, балалар) мамандығы бойынша маман сертификаты бар дәрігерлер көрсетеді.

  4. Медициналық оңалту көрсететін медициналық ұйымдардың Штаттары кодекстің 7-бабының 39) тармақшасына сәйкес бекітілген өңірлердің медицина қызметкерлерімен қамтамасыз етілу нормативтеріне сәйкес белгіленеді.

  5. Медициналық оңалту көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарын материалдық-техникалық жабдықтандырудың ең аз тізбесі Кодекстің 7-бабының 71-тармақшасына сәйкес қалпына келтіру емі және медициналық оңалту көрсететін медициналық ұйымдарды медициналық бұйымдармен, аспаптармен және қосалқы жабдықтармен ең аз жабдықтандыру жөніндегі ұсынымдарға сәйкес белгіленеді.

  6. Медициналық оңалту көрсететін денсаулық сақтау ұйымдары Кодекстің 7-бабының 31) тармақшасына сәйкес бастапқы медициналық құжаттаманың жүргізілуін қамтамасыз етеді.

2 тарау. Халыққа медициналық оңалту көрсететін медициналық ұйымдардың құрылымы мен қызметінің негізгі бағыттары.



  1. Халыққа медициналық оңалту медициналық көмек көрсетудің барлық деңгейлерінде көрсетіледі:

1) бастапқы деңгей- медициналық-санитариялық алғашқы көмек мамандарының амбулаториялық, стационарды алмастыратын жағдайларда және үйде медициналық көмек көрсету деңгейі;
2) екінші деңгей- амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың, оның ішінде бастапқы деңгейде медициналық көмек көрсететін мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі;
3) үшінші деңгей – жоғары технологиялық медициналық қызметтерді қолдана отырып, мамандандырылған медициналық көмекті жүзеге асыратын бейінді мамандардың амбулаториялық, стационарды алмастыратын және стационарлық жағдайларда, оның ішінде бастапқы және қайталама деңгейдегі мамандардың жолдамасы бойынша медициналық көмек көрсету деңгейі.

  1. Медициналық оңалту көмегі жоспарлы формада – пациенттің өміріне қауіп төндірмейтін аурулар мен жағдайлар кезінде, оны көрсетуді белгілі бір уақытқа кейінге қалдыру пациенттің жай-күйінің нашарлауына әкеп соқпайтын, сондай-ақ алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде көрсетілетін медициналық көмек ұсынылады.

  2. Медициналық оңалту көмегін көрсету келесі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:

  1. тәулік бойы медициналық бақылау мен емдеуді көздемейтін амбулаториялық жағдайларда;

  2. тәулік бойы медициналық бақылауды, емдеуді, күтімді, сондай-ақ тамақтанатын төсек-орын беруді көздейтін стационарлық жағдайларда;

  3. тәуліктік медициналық бақылауды және емдеуді талап етпейтін және төсек-орын ұсына отырып, медициналық бақылауды және күндізгі уақытта емдеуді көздейтін стационарды алмастыратын жағдайларда;

  4. үйде: медицина жұмыскерін, мобильді бригаданы шақыру, медицина қызметкерлерінің белсенді патронажы, үйде (үйдегі стационар) емдеуді ұйымдастыру, оның ішінде қашықтықтан медициналық көрсетілетін қызметтерді пайдалана отырып ұйымдастыру кезінде;

  5. санаторий-курорттық ұйымдарда жүргізеді.

  1. Меншік нысанына қарамастан медициналық оңалту көрсететін медициналық ұйымдарға жатады:

  1. республикалық, облыстық, қалалық оңалту орталықтары (бұдан әрі – РО);

  2. республикалық орталықтардың, көп бейінді стационарлардың (облыстық, қалалық ауруханалар, орталық аудандық ауруханалар (бұдан әрі – ОАА), ауданаралық ауруханалар (бұдан әрі – МРБ) және ауылдық ауруханалар (бұдан әрі-СБ);

  3. амбулаториялық- емханалық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың медициналық оңалту бөлімшелері (кабинеті) ;

  4. санаторийлер жатады.

  1. Медициналық оңалтудың мақсаты денсаулықты, еңбекке қабілеттілікті, жеке және әлеуметтік мәртебені қалпына келтіру, асқынулардың алдын алу, материалдық және әлеуметтік тәуелсіздікке қол жеткізу, қоғамның қалыпты өмір сүру жағдайларына интеграциялау, қайта біріктіру болып табылады.

  2. Медициналық оңалтудың негізгі принциптері:

- ерте бастау;
- кезеңділік;
- үзіліссіздік;
- сабақтастық;
- жеке және мультидисциплинарлық тәсіл;
- оңалту іс-шараларын жүргізудің нақты тұжырымдалған мақсатына қол жеткізу, жеткіліктілік және бағдарлану.

  1. Қойылған мақсатқа сәйкес медициналық оңалтуды ұйымдастыру келесі міндеттерді шешуге бағытталған:

1) медициналық оңалту мәселелері бойынша заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру;
2) қажет болған жағдайда төсек бейінін өзгерту жолымен оңалту жүргізу үшін қолда бар төсек қорын оңтайлы пайдалану;
3) жарақтандырудың ең төменгі стандартына сәйкес ұйымдардың материалдық-техникалық жай-күйін жақсарту;
4) медициналық оңалту көрсететін мамандар үшін кәсіптік білім беру бағдарламаларын әзірлеу;
5) халықаралық талаптарға сәйкес кадрлар даярлау және оңалту жөніндегі клиникалық хаттамаларды әзірлеу;
6) практикаға медициналық оңалтудың инновациялық, тиімді әдістерін енгізу болып табылады.

  1. Медициналық оңалтуды жүргізу кезінде барлық кезеңдер қосылуы керек:

- осы бұйрыққа медициналық оңалту көрсету кезінде МДТ туралы Ережеге (1-қосымша) сәйкес медициналық оңалтудың әртүрлі әдістерін және өзге де қызметтерді кешенді қолдану кезінде жеке оңалту әлеуетін тиімді іске асыру үшін пациент организмінің функциялары мен құрылымдарының бұзылу сипатына, оның клиникалық жай-күйінің ауырлығына қарай МДТ қалыптастыру;
-медициналық оңалту бойынша Медициналық сипаттағы қызметтерді жүргізуге арналған көрсеткіштер мен қарсы көрсеткіштерді айқындау мақсатында инструменталды- зертханалық деректер, физикалық зерттеулер және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де әдістер негізінде пациенттің денсаулық жағдайына мониторинг жүргізу;
– арнайы тестілер мен шәкілдерді қосымша пайдалану кезінде тыныс-тіршілік пен денсаулықтың қызмет етуінің, шектелуінің халықаралық сыныптамасына (бұдан әрі-ҚХС) сәйкес пациенттің жай-күйін толыққанды диагностикалау;
- оңалту диагнозын (функциялардың, құрылымдардың бұзылуының ауырлығы, пациенттің белсенділігі мен қатысуының (тыныс-тіршілігінің) шектелуі, аурулар мен денсаулыққа байланысты проблемалардың халықаралық жіктемесі бойынша клиникалық диагнозды толықтыратын ҚХС қабылданған терминологиясында көрсетілген қоршаған орта факторларының әсері туралы дәрігерлік қорытынды) белгілеу;
- оңалту әлеуетін бағалау (0-ден 5 баллға дейін) - өзінің және (немесе) оның заңды өкілі тарапынан алдағы оңалту еміне қатысты оң уәждеме сақталған жағдайда пациенттің медициналық, этникалық, әлеуметтік және қоршаған орта факторларын, сондай-ақ пациенттің жеке функционалдық резервтері мен компенсаторлық мүмкіндіктерін ескере отырып, оның функцияларын, құрылымдарын, белсенділігі мен қатысуын (тыныс-тіршілігін) барынша ықтимал қалпына келтіру деңгейін айқындайтын өлшемшарт;
- медициналық оңалту бойынша қызметтерді жүзеге асыру үшін қауіп факторларын бағалау, сондай-ақ оны шектеу мүмкіндігі;
- оңалтудың техникалық құралдарын таңдау және қолдану арқылы медициналық оңалтуды жүзеге асыру;
- медициналық оңалтуды жүзеге асыру кезінде динамикалық медициналық бақылау, оның ішінде МДТ-мен бірлесіп;
- медициналық оңалту бойынша іске асырылған медициналық қызметтердің тиімділігін бағалау;
-оңалту болжамына (қолайлы, салыстырмалы түрде қолайлы, күмәнді, қолайсыз) сәйкес пациентті одан әрі жүргізу тактикасы бойынша, оның ішінде кейіннен әлеуметтік, кәсіптік, еңбек және физикалық оңалтуға, кешенді оңалту шеңберінде санаторий-курорттық емделуге жіберу үшін, медициналық күтім және (немесе) паллиативтік көмек үшін ұсынымдар бар қорытындыны (оңалту эпикризін) жасау;
- адамды мүгедек деп тану қағидаларына сәйкес медициналық-әлеуметтік сараптамаға жіберу

3 тарау. Медициналық көмек көрсету деңгейіне байланысты пациенттерді медициналық оңалту кезеңдерінде бағдарлау.





  1. Туа біткен ауруларды, жіті жай-күйдің салдарын, хирургиялық араласулар мен жарақаттарды медициналық оңалту бастапқы, қайталама және үшінші деңгейдегі медициналық ұйымдардың амбулаториялық, стационарлық, стационарды алмастыратын жағдайларда пациентті оңалтудың жеке бағдарламасының медициналық бөлігіне сәйкес оңалту әлеуетін ескере отырып, сондай-ақ медициналық оңалту қағидаларына сәйкес уәкілетті орган айқындаған тәртіппен үйде және санаторий-курорттық ұйымдарда көрсетіледі.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет