Бүкпелерді, тігістерді екінші бөлікке көшіру жұмыстары



бет5/5
Дата06.02.2022
өлшемі31,15 Kb.
#81227
1   2   3   4   5
Байланысты:
Бүкпелерді

Конструкциялық сызықтар – бөлшектің негізгі пішімін жасайтын және бұйым бөлшектерін (артқы бөлшек, алдыңғы бөлшек, белдік) қосатын сызықтар болып табылады.
Әшекейлік сызықтар тек қана бұйымды әшекейлеуге арналған. Әшекейлеу сызықтарына әр түрлі өңдеу сызықтары жатады: бүкпесіндер, қатпарлар, бүрмелеу, кестелеу, шеттіктер, өңдеу тігістері, т. б.
Модельдеудің екі түрі болады:
көркемдік (шығармашылық);
техникалық.
Көркемдік модельдеумен сән үйлерінің, тігін фабрикалары эксперименттік лабораторияларының суретші-модельерлері айналысады. Олар сән бағыттарын, модельдің кімге арналғанын, оның қызметін, қандай матадан жасалатынын, өндеу түрлерін, модельдің түр түсін таңдауды, ұсақтүйекті (фурнитураны) аксессуарларды ескере отырып, бөлшектер коллекцияларын жасайды.
Техникалы модельдеу дегеніміз – нобайлар, суреттер, фотографиялар бойынша модельдер жасау. Онымен инженер – конструкторлар шұғылданады. Олар модельдің нобайына байланысты сызбаның жекелеген бөлшектерін өзгертеді.
Техникалық модельдеу жұмысын бастау үшін:

    1. модель эскизімен мұқият танысу қажет.

    2. эскизбен сәйкес келуі үшін алдыңғы және артқы бөлщектердің қай тұстарын, сызбаның қай бөліктерін өзгерту керек екенін анықтау керек.

    3. фасондық сызықтар енгізіп, төртіншіден, пішімдерді қию қажет.

Белдемше сызба құрылымын негізге ала отырып, әр түрлі белдемше модельдеуге болады.
Сонымен, модельдеу – бұл жаңа модельдерді жасаудың шығармашылық процесі.
ІІІ. Практикалық жұмыс. Белдемшені модельдеу (6 класс, 2010 жыл)

  • шаблон қолдану;

  • түрлі түсті қағазда қолдану;

  • А-3 форматтың ақ қағазына үлгілерді салу, әр үлгінің астына белдемшенің модельдеу жолын үйреніп, қиып жапсыру;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет