Ф. 219 №15 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)



Дата07.02.2022
өлшемі57,92 Kb.
#83976
түріСабақ
Байланысты:
лекция №15


Ф.219
15 Сабақтың технологиялық картасы (жоспары)



Топ

Күні






























Пән: Өндірістегі экономикалық үрдістердіі модельдеу
Курс тақырыбы: Тақырып 3.1. Салааралық баланстық әдіс
Сабақ тақырыбы: №15 Экономико - математикалық матрицалық моделі
Сабақтың типі: дәріс
Сабақтың түрі: аралас



Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар

Базалық құзыреттілік

-жүйенің түсінігі;
- жүйенің түрлері;
-модельдерді құру сатысы;
-тікелей және толық ішкі өндірістің шығыны мен матрица коэффициенті, матрицалық элементі мен тік сызығын меңгеру

Кәсіптік құзыреттілік

есептерді шеше отырып олардың қолданыстарымен таныстыру.
-жоба әдістерін;
-экономикалық матрицалық әдістемесінің шешімін анықтау;
-оңтайландырылған желілік графикті талдау құрылымы;
-транспорттық тапсырмаларды шешуге үйрету;
-математикалық әдістерді құра отырып модель құру;
-желілік графикті есептеу құрыламы;
-ұқсас модельдерді құру;

Арнайы
құзыреттілік

-бағдарламалық модельдің негізгі типтері;
-сызықтық бағдарламалау моделінің негізгі этаптың құрылымы;
-негізгі ойын элементтерінің құрылымын меңгеру




Сабақ мақсаттары



оқытушылық

Оқушыларды өндірістегі экономикалық процестерді математикалық модельдеумен таныстыру, пәнге қызығушылығын арттыру

тәрбиелік

Оқушыларды өз бетімен ізденіп жұмыс істеуге тәрбиелеу



дамытушылық

Жеке жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру, өз ойын еркін айта білуге дағдыландыру



Пәнаралық байланыс

Қамтамасыз ететің

Экономикалық теория негіздері.

Қамтамасыз етілетін

Өндірістегі экономикалық процестерді математикалық
модельдеу



Сабақтың жабдықталуы

Көрнекілік құралдар

Сабақ материалы

Таратпа материалдар

ОТМ

Оқытудың техникалық құралдары

-

Әдебиет: негізгі

1. О. Үстенова, С. Нүсіпбеков, Экон-қ жүйелерді модельдеудің мат-қ әдістері,
2. Экономикалық үрдістерді математикалық модельдеу, Сапарбаев Ә.Ж.
3.Эконометрика, Ә.Ж. Сапарбаев

Қосымша

  1. Кулинич Е.И. «Эконометрия»

  2. Магнус Я.Р., Катышев П.К. , Пересецкий А.а. Эконометрика

3. Сапарбаев А.Д. методы оптимизации



Сабақ мазмұны

Эле-мент №

Сабақ элементі, қарастырылатың сұрақтар, оқыту
дың әдістері мен тәсілдері

Қосымшалар, өзгерістер

1.

Ұйымдастыру кезеңі (3 минут)
- аудиторияның сабаққа дайындығын тексеру
- оқушылармен амандасу
- оқушыларды түгендеп, оқу журналын толтыру
- пән туралы мағлұмат беру;
- сабақ мақсаты және міндеттерімен таныстыру




2.

Үй тапсырмасын тексеру (20 минут)
Модельдер мен модельдеу түсінігі
Өткен тақырып бойынша оқушылардың теориялық білімдерін ауызша сұрау




3.

Жаңа сабақты түсіндіру (50 минут)
-Байланыс түрлері
-Экономикалық көрсеткіштердің классификациясы
-Модельдердің типтері




4.

Сабақты қорытындылау (6 минут)
-Модель дегеніміз не?
-Модельдеу дегеніміз не?
-Экономикалық көрсеткіштер классификациясын атаңыз
-Экономикалық және өндірістік құбылыстарды зерттеудің әдістері мен тәсілдері
Сабақты талдау




5.

Үйге тапсырма (1 минут)
Ә.Ж. Сапарбаев, «Экономикалық үрдістерді математикалық модельдеу» 3-5бет
Оқушыларды бағалау.




Оқытушы __________ Кенжебаева Г.Б
Курс тақырыбы: Тақырып 3.1. Салааралық баланстық әдіс
Сабақ тақырыбы: №15 Экономико - математикалық матрицалық моделі
Математикалық модель - обект және объекті элеметтерімен қасиеттеріне, параметрлеріне, сыртқы әсерлердің күйін сипаттаумен анқталатын математикалық қатыстар (формулалар, теңсіздіктер, теңдеулер, логикалық қатыстар) тілінде жазылған жиынтық; -математикалық символдар көмегімен өрнектелген объектінің жуық сипаттамасы.
Математикалық модель (matemathical simulation) - объектінің қызметі мен құрылымын сипаттайтын математикалық тәуелділіктер жүйесі,яғни математикалық формулалар мен теңдеулер арқылы өрнектелетін объектілердің математикалық сипаттамалары.
Математикалық модельдеу (matemathical modeling) - процесстер мен құбылыстарды олардың математикалық модельдерінде зерттеу әдісі. Тәжірбие жасауға мүмкіндік болмаған, қиын немесе қолайсыз жағдайларда ғана пайдаланылады. Жеке жағдайда аналитикалық модельдеу болып табылады. Математикалық модельдер химия, биология, экология, гуманитарлық және әлеуметтік ғылым салалары үшін дәстүрлі модель түрі болып табылады. Статистикалық модельдер уақыт мезетіне тәуелсіз жасалатын өзгерістерге орай объектілердегі тыныштық пен тепе - теңцік күйін бейнелейді. Бұл модельдерде уақыт параметрі болмайды.
Сематикалық модель (semantic model) - семантикалық жадта ұғымдарды граф түрінде ұсыну. Оның төбелерінде ұғымдар, терминалдық төбелерінде элементерлік ұгымдар орналасқан, ал доғалар ұғымдардың арасындағы қатынастарды көрсетеді. Семантикалық модельдеу (semantic simulation) - іске асыруды тәуелсіздігін сақтауда мәліметтердің мазмұнын (жеке – жеке формальдық тәсілмен) барынша толық жеткізу әдістерін әзірлеу мен қолдану.
Қазiргi кезеңдегi ғылымдардың даму ерекшелiктерiнiнiң бiрi-олардың әр түрлi салаларын зерттеуде математикалық әдiстер кең қолданылуда. Осы курстың негізгі түсінігі болып математикалық модель саналады. Қазіргі уақытта бір-бірінен анықтамасы бойынша айырмашылығы көп "модель" түсінігі көптеп кезігеді. Жалпы жағдайда модель сөзі – бұл нақты объектінің бейнесі. Мұндай бейне ретінде сызбаны, фотографины және т.б. алуға болады.
Сонымен, модель-зерттеуге тиімді болу үшін алынған объектінің шартты образы. Экономикалық-математикалық модельдеу дегеніміз-зерттегелі отырған эономикалық процесстерді немесе құбылысты белгілі бір математикалық өрнектер түрінде бейнелеу немесе сипаттау. Бұл модель экономикалық процесс заңдылықтарын математикалық қатынастардың көмегімен абстрактілі түрде өрнектеу. Экономикалық-математикалық модельдеу процесі-экономикалық математикалық моделдеу (ЭММ) деп аталады.
Әрине, экономикалық объектіні моделдеу және математикалық моделін құру өндірістік процесстердің экономикалық талдауын математикалық анализге әкеліп, және тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Модельдер екiге бөлiнедi:

  • Ақыл-ой моделi: үй схемасы, масштабы т.б.

  • Физикалық модель: самолет макеті, үй макеті және т.б.

Экономикалық модельді құру.

  1. Зерттеудің мақсаты мен заты талданады.

  2. Қарастырылып отырған экономикалық жүйеде берілген мақсатқа сәйкес келетін құрылымдық немесе функционалдық элементтер бөлініп, осы элементтердің өте қажет сапалы мінездемелері айқындалады.

  3. Модель элементтерінің арасындағы өзара байланыс сөзбен, сапалы түрде сипатталады.

  4. Экономикалық объекттердiң алынған мінездемелеріне символдық белгілеулер енгізіп, олардың арасында өзара байланыстың қаншалықты болуын пішіндеу. Осылайша математикалық модель құру.

  5. Математикалық модель бойынша есептеулер мен алынған шешімнің талдауы жүргізіледі.

­ Өндірісті талдау мен жоспарлауда қолданылатын барлық экономика-математикалық модельдерді екi топқа бөлуге болады. Бiрiншi топты мазмұны жеке шаруашылықтағы экономикалық талдау мен жоспарлаудан тұратын микроэкономикалық модельдер құрайды, ал екінші топты экономикалық талдаудың мәселелерін шешіп, қарастырудан тұратын макроэкономикалық модельдер құрайды.
Экономико-математикалық моделдерді сонымен қатар уақыт факторының есебіне байланысты былай бөледі: статистикалық (барлық тәуелділіктер бір уақыт мезетіне жатқызылады) және динамикалықе (дамудағы экономикалық жүйені сипаттайды); нақты және жуық; математикалық аппарат түріне байланысты: матрицалық, сызықтық, сызықтық емес, корреляция-регрессиялық және т.б.


Оқытушы: Кенжебаева Г.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет