Бұл эссені сатып алғаннан кейін, оны Әлеуметтік желіде тарату заңмен қудаланады


№3 Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен Абайдың Әбішке арнаған



Pdf көрінісі
бет3/50
Дата08.02.2022
өлшемі0,55 Mb.
#124836
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50
Байланысты:
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50
Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, Gumanitarly 1179 ba 1171 yt Esse 50, 50115 34447b408a48d8e8f391d57742858f77 (1)
 
№3 Жамбылдың «Алғадай туралы әрбір ой» өлеңі мен Абайдың Әбішке арнаған 
өлеңдерінің жазылу стилі мен мазмұнындағы үндестікті салыстыра талдап жазыңыз.


1941-1945 жылдар аралығында неміс фашистерімен болған соғыс зардаптарын арқау 
еткен Жамбыл «Өмір мен өлім белдесті», «Ленинградтық өренім» т.б. өлеңдерімен қатар
соғыста мерт болған сүйікті баласы Алғадайға арнаған бірнеше өлеңдері бар. 1942 жылы 
майдандағы баласы Алғадай хат жазып, елі мен жері үшін қалай қан төгіп жүргенін 
баяндайды. Жамбыл ақын оған былайша жауап қайтарады: «Балам, хатыңды оқып, халіңді 
білдім, соған қуанып отырмын. Сұраншы, Саурық секілді қаһарман болыпсың. Жамбылдай 
әкеден тудың, сондықтан аянба. Осы жырымды майдандағы барлық ерлерге жеткіз»,–дейді. 
Алайда сүйікті ұлының қазасы ақынның жанжүрегін жылатады. Ұлын жоқтаған әке 
жүрегінің зары былайша төгіледі: 
Алатауды айналсам,
Алғадайды табам ба? 
Сарыарқаны сандалсам,
Саңлағымды табам ба? 
Өлім деген у екен 
Мендей кәріп адамға... 
Алғадайдың ұлы Қуанышты қам көңіліне жұбаныш тұтып, ес жинағандай болады. «Ата 
әлдиі» өлеңі – атаның немересіне деген осындай көңілін, атаның болашаққа, өзінің артынан 
еріп келе жатқан ұрпағына тілек ниетін танытады.
Абайдың Әбдірахманға арнаған өлеңдерін тұтас алып қарасақ, бұндада бауыр еті
баласынан айырылған әке күйзелісі, ақынның көңіл–күйі, қайғысы мен жүрегін жарып 
шыққан тебіренісі көрінеді. Дегенмен арнау өлең түгелдей біркелкі емес. Сондықтан 
Әбдірахманға арналған өлеңдерді екі топқа бөліп қараған жөн. Алғашқы топқа – 
болашағынан көп үміт күттірген Әбдірахманның аяқ астынан науқастанып, емханада төсек 
тартып жатқан кезде хат түрінде жазған өлеңдері жатады. Бұнда ақынның сырқат баласының 
халіне ортақ болып, тағат таппай қиналған сәттердегі жүрек сезімі, оның тезірек ауыр 
дерттен айығуына қанаттандырып, жазылып шығады деп сенім білдірген үмітті сөздері жыр 
болып төгіледі. Екінші топқа, қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай өсірген баласы 
Әбдірахманның қайтыс болған кезде мезгілсіз қазасына қайғыру үстінде шығарған 
өлеңдерін жатқызамыз.
Ал осы екі ақынның баласынан айырылған кездегі жан жарасы анық бейнеленген өлеңдердің 
өзара үндестігі қандай? Оларды не байланыстырады?
Менің ойымша, бұл өлеңдер қазақ салтына жататын жоқтау өлеңдері болып табылады. 
Сонымен қатар, болашағынан көп үміт күттіретін асыл азаматтан айырылған кездегі әке 
зары мен пешенесіне жазылған тағдырды қабылдай алған ата ананың қайсарлығын көруге 
болады. 
Қорыта келе, өзі мәпелеп өсірген баласының асыл қасиеттерін сипаттай отырып, өзінің 
артынан ерген ұрпағына аманат етуі – осы екі өлеңнің ұқсастығы мен негізгі түйіні дер едім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   50




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет