«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты


«ҚАЗАҚФИЛЬМ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ –



бет22/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56
«ҚАЗАҚФИЛЬМ» ҰЛТТЫҚ КОМПАНИЯСЫ – Шәкен Айманов атындағы Қазақфильм акционерлік қоғамы – 1934 жылы «Алматы кинохроника студиясы» атауымен құрылды. 1941 – 1944 жылы Алматы көркемфильмдер киностудиясы көшіп келген «Мосфильм» және «Ленфильм» киностудияларымен қоса Бірлескен орталық киностудиялар (ЦОКС) құрамына кірді. Соғыс жылдары ЦОКС–та КСРО фильмдерінің 80%–ы түсірілген. 1944 жылғы 25 қаңтарда Алматы киностудиясы Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы болып қайта аталды. 1960 жылғы 9 қаңтарда Қазақ КСР Мәдениет министрлігінің бұйрығымен Алматы көркем және хроникалық фильмдер киностудиясы «Қазақфильм» киностудиясы болып қайта аталды.
1963 жылғы 8–9 қаңтарда Қазақстан кинематографтары одағының Бірінші Құрылтай съезді өткізілді, бірінші хатшы болып Шәкен Кенжетайұлы Айманов сайланды. 1963 жылғы 28 мамырда Қазақ КСР–нің Мемкино – кинематографиясы бойынша Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Мемлекеттік Комитеті құрылды (1963–1988). 1967 жылы Қазақстанда мультипликациялық фильмдер көрсетіле бастады. 1984 жыл – «Қ.» киностудиясына ұлттық кинематографияның көрнекті қайраткері Шәкен Кенжетайұлы Аймановтың аты берілді (Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы). 2000 жылғы 28 мамыр – Ш.Айманов атындағы қазақ кинофабрикасы, ҚР Ұлттық продюсерлік орталығы, Қазкинопрокат және Мемфильмқоры бірігу жолымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» Ұлттық компаниясы РМҚК – Республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсіпорны болып құрылды. 2005 жылғы 6 маусымдағы N 563 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық компаниясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын «Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» акционерлік қоғамы» болып қайта құрылды.
Студияның алғашқы туындысы М. Әуезовтың сценарийі бойынша қойылған «Абай әні» (режисер Г. Рошаль, Е. Арон) фильмі болды. «Қ.–нің» қалыптасып, өркен жайып өсуіне Ш.Айманов, М. Бегалин, С. Қожықов, О. Әбішев сияқты белгілі киноөнер қайраткерлерінің қосқан үлестері елеулі. 1953 – 1970 жылы Айманов студияның көркемдік жағын басқарды. «Махаббат туралы дастан» (реж. Айманов, К. Гаккель), «Жамбыл» (реж. Е. Дзиган), «Ел басына күн туса» (реж. М.Бегалин) т.б. фильмдер қойылды. «Қ.–де» ұлттық кино өнерінің қайталанбас туындылары «Атамекен», «Біздің сүйікті дәрігер», «Алдар көсе», «Атаманның ақыры», «Мәншүк туралы ән», «Қыз–Жібек» т.б. фильмдер түсірілді. Кинохроника, деректі және ғылыми–көпшілік фильмдермен қатар анимациялық фильмдер де түсірілді. Қазақ анимациясының негізін салушы Ә. Қайдаров «Қарлығаштың құйрығы неге айыр» деген мультфильмін түсірді (1967). «Қ.–де» 70 жыл ішінде 228 толықметражды және 70 қысқаметражды көркем фильмдер, 1133 деректі және 139 анимациялық фильмдер түсіріліп, 1000–нан астам шет ел және ТМД елдерінің фильмдері қазақ тіліне аударылды. 1990 жылдан бастап «Қ.» киностудиясы Франция, Жапония, Ресей сияқты елдердің киностудияларымен бірлесіп фильмдер түсіріп келеді. Сондай «Нәзік жүрек», «Ақсуат», «Фара» т.б. фильмдер халықаралық кинофестивальдердің жүлделерін иеленді, шет елдерде кеңінен жарнамаланып, көрсетілді. «Қ.» павильондарында «Тоғысқан тағдырлар», «Саранча» («Шегіртке») секілді телевизиялық көп сериалы фильмдер түсірілді. 2003 жылы «Қазақфильм» киностудиясында «Көшпенділер» (сценарийдің авторы Р. Ибрагимов, режиссерлері И. Пассер, Т. Теменов), «Сардар» (сценарийдің авторы О. Агишев, режисер Б. Қалымбетов), «Ащы көлдің жағасында» (сценарийдің авторы И. Вовненко, режиссер А. Әшімов), «Аңшының отбасы» (сценарийдің авторы және реж. С. Апырымов) т.б. фильмдері түсірілді. Соңғы жылдар ішінде түсірілген Фархат Шәріповтың «Алқызыл қоян туралы хикая», Ақан Сатаевтың «Ликвидатор», Рүстем Әбдірашевтың «Балалық шағымның аспаны», Қанағат Мұстафиннің «Секіріс», Ержан Рүстембеков пен Александр Черняевтың «Махаббат тәлкегі» сияқты фильмдер жарыққа шықты. «Қ.» аумағында (19 га) 2 павильонды киноға түсіру ғимараты, сол сияқты декоративтік–техникалық құрылыстар, дыбыс студиясы, өндірістік–лабораториялық құрылыстар орналасқан.



Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет