«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты



бет49/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56
ТОЛЕРАНТТЫЛЫҚ (ағылш. tolerance – төзімділік, көнбістік) — басқа ойға, көзқарасқа, наным–сенімге, іс–әрекетке, әдет– ғұрыпқа, сезім–күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Т. Адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі Т — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші. Т. адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізгі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Т. — қоғамның жалпы және саяси мәдениетінің деңгейінің көрсеткіші. Саяси төзімділік (толеранттық) деп өзгеше көзқарасқа жол беруден тайынбайтын белгілі бір саяси күштердің тұғырын түсіну керек. Егер бұл күштер билік басында болса, саяси төзімділік барынша кең түсінілетін конституциялық шеңберде оппозицияның қызметіне жол беру саясатынан көрініс табады. Жеке тұлғаға келетін болсақ, саяси төзімділік терминін саяси қарсыластар пікіріне құлақ асуға дайын болуды, оларды логикалық дәлелдеу арқылы өз жағына тартуға тырысуды білдіреді. Т. тек саяси ұстаным ғана емес, оның діни, этикалық, мәдениеттанулық және тағы басқа қырлары бар. Құрандағы 1О9–шы сүреде былай делінеді: “Мен сіздердің табынатындарыңа табынбаймын ғой, сіздерде менің табынатыныма табынбайсыздар. Сіздерге – өзіңіздің дініңіз, маған болса – өз дінім”. Бұл жолдарда төзімділіктің негізгі қағидасы анық әрі дәл тұжырымдалған. Оған қоса төзімділік адамгершіліктің “алтын ережесімен” де (өзіне не тілемесең, басқаға да оны тілеме!) тығыз байланысты. Қазақ халқына төзімділік ерекше тән болған. Оның негіздері ретінде қатал далада тіршілік етуге қажетті жоғары табиғи және моральдық төзімділік, меймандостық, іштесу мен сұхбатшылдық жатады. Қазақ халқына тән төзімділіктің көрінісін “Таспен ұрғанды аспен ұр” деген мақал береді. Халық даналығының мағынасы төзімділік танытып, мәселелерді зорлық–зомбылықсыз шешуге шақыруда. Осыған ұқсас мағынаны “Сабыр түбі – сары алтын” деген мақал береді. Бұл жерде де қиын істің бәрін сабырлылықтың, төзімділіктің негізінде асығыстық жасамай, күйгелектікке, ашуға берілмей шешу қажеттілігі көрсетіледі.
Бұл жерде құндылықтар сабақтастығы туралы айтуға болады. Мәселе тек терминде емес, ол осы терминмен белгіленетін ұғымның мағынасында. Қазіргі философияда “дискурс” деген термин бар. Түсініктемелері көп. Біз оны қысқаша “мәдениеттердің мағыналық деңгейінің сұхбаттық табиғаты” деп аударар едік. Саяси төзімділік (толеранттық) деп өзгеше көзқарасқа жол беруден тайынбайтын белгілі бір саяси күштердің тұрғысын (позициясын) түсіну керек. Егер бұл күштер билік басында болса, саяси төзімділік барынша кең түсінілетін конституциялық шеңберде оппозицияның қызметіне жол беру саясатынан көрініс табады. Жеке тұлғаға келетін болсақ, саяси төзімділік терминін саяси қарсыластар пікіріне құлақ асуға дайын болуды, оларды логикалық дәлелдеу арқылы өз жағына тартуға тырысуды білдіреді.

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет