«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты



бет46/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56
ТЕАТРЛАРжетекші және тарихы бай театрларға Академиялық театр берілетін құрметті атағы 1919 жылы енгізілген. Алғашқы академиялық театр атағы Ресейдің байырғы музей және драма Т. ұжымдарына (мысалы, Мәскеудегі Үлкен, Кіші, Көркем театрлар мен Санкт–Петербургтегі Александрин, Мариин және Михайлов театрларына) берілді. 1920 жылы Мәскеу мен Санкт–Петербург Т. академиялық театр ассоциациясына (1921 жылға дейін) бірікті. Оның «Культура театра» деген баспа органы болған. 20–жылдардың аяғы мен 30–жылдардың басында театр өнерінің дамуына байланысты орыс, украин, татар және өзбек т. да осы атаққа ие болды. Бұдан кейін қазақ (Қазақ драма театры, 1937; Қазақтың опера және балет театры, 1941), тәжік, түрікмен, қырғыз Т–на да осы атақ берілді.
Қазақ драма театры, М.О. Әуезов атындағы, Еңбек Қызыл Ту және «Халықтар достығы» орденді Қазақтың мемлекеттік академиялық драма театры – тұңғыш кәсіпқой ұлттық сахналық мекеме. 1925 жылдың ақырында қазіргі Қызылорда қаласында Ұлт театры болып ұйымдастырылды. Алғашқы директоры әрі көркемдік жетекшісі Д. Әділов. М. Әуезовтің «Еңлік–Кебек» трагедиясының 3–актісімен (С. Қожамқұловтың қоюы бойынша) және халық өнерпаздары қатысқан үлкен концертпен 1925 ж. желтоқсандағы өткен Қазақ өлкелік 5–партконференция кезінде тұңғыш рет Т. шымылдығы ашылды. 1926 ж. 31 қаңтарда болған Ұлт т–ның ресми ашылуында Қ. Кемеңгеровтің «Алтын сақинасы» ойналды. Т. репертуарын жақсарту үшін Халық ағарту комиссары С. Сәдуақасовтың тікелей басшылығымен арнайы бәйге өткізілді. Т. труппасы 1929 ж. Алматыға қоныс аударды. 1937 ж. академиялық театр атағын алды. Т–ға 1961 ж. жазушы, драматург М.О. Әуезовтің есімі берілді. Алғашқы құрылған жылдары Т. құрамында көркемөнерпаздық пен халық шығармашылығының танымал шеберлері – И. Байзақов, Ә. Қашаубаев, С. Қожамқұлов, Е. Өмірзақов, Ж. Шанин, Қ. Қуанышбаев, Қ. Жандарбеков, Қ. Бадыров, Қ. Мұңайтпасов,
З. Атабаева, Ш. Әлібекова, Ш. Байзақова, М. Шамова, ойнады. Актер әрі режиссерЖ. Шанин Т–дың шығармашылық жағынан қалыптасу жолында зор еңбек сіңірді. 1930–жылдардың 1–жартысында қазақ жерінде кеңес өкіметі тұсындағы ұжымдастыру шараларын жүзеге асыру барысын бейнелейтін пьесалар қойылды. Осы жылдары К. Байсейітова, Қ. Байсейітов, Қ. Бейісов, Ж. Елебеков, М. Ержанов, Ш. Жиенқұлова, К. Қармысов, Қ. Әділшінов, Ш. Айманов, С. Майқанова, З. Құрманбаева, С. Телғараев, А. Абдуллина, О. Жұмағұлов, Ж. Өгізбаев, Р. Қойшыбаева, Г. Сыздықова т.б. сахна шеберлерінің келуі т.–дың күрделі драмалық шығармаларды меңгеруіне жол ашты. Сондай–ақ, театрға арнайы шақыртумен келген орыс режиссерлерінің де (М.Г. Насонов, И.Г. Боров, М.А. Соколов, Ю.Л. Рутковский, М.В. Соколовский, Я.П. Танеев) еңбегі ерекше болды. Олар қойған әрбір спектакль актерлердің нағыз сахна мектебіне айналды. Режиссер Насонов Әуезовтің «Еңлік – Кебек» трагедиясын (1933) қайта қойды. Ол спектакльдің сахнада бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі үрдісін сақтаумен бірге, басты рөлдердің (Еңлік – Байсейітова, Кебек – Байсейітов) психологиялық тұрғыда шешім табуына баса назар аударды. 1934 ж. Қазақ драма Т–нан музыка т. (қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық опера және балет театры) т.б. өнер ұжымдары бөлініп шықты. 1935 – 1937 ж. М. Әуезовтің, Б. Майлиннің, Ғ. Мүсіреповтің тарихи тақырыптағы туындылары, орыс кеңес драматургиясынан, орыс және шет ел классикасынан қойылған спектакльдер Т. ұжымының шығармашылық бағыт–бағдары мен ізденіс–табыстарын айқындады. 1941 – 1945 ж. туған елге деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімін, адамдарымыздың асқақ, адал, ынтымақшылдық рухы мен берік достығын, майдан мен тылдағы қаhармандық күресін көрсететін пьесалар театр репертуарынан мол орын алды. Т. труппасына Алматы, Москва, Ленинград және Ташкенттің арнаулы оқу орындарын бітірген маман актерлер келіп қосылды.
Соғыстан кейінгі жылдары бейбіт өмір мен жасампаз еңбекті, республика еңбеккерлерінің жаңа тұрмыс–салтын, ұжымдастыру құрылымын нығайту және кеңестік қатаң жүйеге негізделген жаңа қоғам орнату жолындағы күресін баяндайтын, қазақ зиялылары мен жастардың мақсат–мұратын, ізгі арман–тілегін бейнелейтін Ә. Әбішевтің «Достық пен махаббат» (1947, реж. Айманов), «Күншілдік» (1955, реж. М.И. Гольдблат), «Мансап пен ұждан» (1974, реж.
Ә. Мәмбетов) және «Кәусар» (1985, реж. С. Асылхан), Ғ. Мұстафиннің «Миллионер» (1950, реж. А. Тоқпанов) т.б. авторлардың сахналық шығармалары көрермен көңілінен шықты. Әуезовтің «Абай» (1952, реж. Айманов, суретші В.В. Голубович пен рөлдерді орындаушылар Қ. Бадыров, Х. Бөкеева, С. Қожамқұлов, Қойшыбаева, Қуанышбаев, Өмірзақов) және Ә. Нұрпейісовтің «Қан мен тер» (1974, реж. Мәмбетов, суретші А.С. Кривошеин мен рөлдерді орындаушылар А. Әшімов, Ф. Шәріпова, Ы. Ноғайбаев) спектакліне КСРО Мемлекеттік сыйлығы, ал Ш. Айтматовтың «Ана – Жер–Ана» (1966, реж. Мәмбетов, суретші А.И. Ненашев пен рөлдерді орындаушылар Майқанова, Шәріпова, Римова) мен А.Я. Каплердің «Ленин 1918 жылы» (1970, реж. Мәмбетов, рөлдерді орындаушылар Сүртібаев пен Қожамқұлов) спектакліне ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығы берілді. Т. ұжымы 1958 ж. Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің онкүндігіне қатысып, мәскеуліктердің назарына 5 спектакль (Әуезов, Еңлік – Кебек»; С. Мұқанов, «Шоқан Уәлиханов»; Мүсірепов, «Ақын трагедиясы»; Тәжібаев, «Жалғыз ағаш орман емес» және У. Шекспир, «Асауға тұсау») ұсынды. Т. ұжымы орыс және батыс еуропа драматургиясының классикалық туындыларынан Н.В. Гогольдің, М. Горькийдің, А.П. Чеховтің, Лопе де Веганың, Шекспирдің, М.Метерлинктің, К. Гоццидің пьесаларын қойды. ТМД елдері драматургиясының таңдаулы туындылары да т. репертуарынан берік орын алды. 1980 – 90 ж. бүгінгі күн тақырыбына жазылған, басқа да алуан жанрлы драм. шығармалар театр сахнасына шықты. А. Сүлейменовтің «Төрт тақта жайнамаз» (1989, реж.Ә. Рахимов), Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» (1990, реж. А. Әшімов),
Ш. Айтматовтың «Ғасырдан да ұзақ күн» (1990, реж. Ә. Мәмбетов) т.б. туындылары т. сахнасына шықты. 1990 жылдан кейінгі кезеңде т. репертуары жаңа шығармалармен байып, әлемдік және қазақ драматургтерінің классик. шығармаларын көрермендер назарына ұсынды, кейбіреулерін қайта сахналады. У. Шекспирдің «Кориалан» (1991), «Асауға тұсау» (1994), С. Жүнісовтің «Кемеңгерлер мен көлеңкелер» (1994), Иран–Ғайыптың «Шыңғысхан» (1994, реж. Б. Атабаев), К. Гоццидің «Турандот ханшайым» (1994, реж. әл–Тарази), М. Байсеркеновтің «Абылай ханның ақырғы күндері», Р. Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне» (1996, реж. Атабаев), М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі» (1997, реж. Қ. Сүгірбеков), Әуезовтің «Қилы заман» (1997, реж. Рахимов), «Қарагөз» (1997, реж. Мәмбетов), Шахимарданның «Томирис» (2000, реж. әл–Тарази), Ш. Айтматовтың “Ана – жер Ана” (2002, реж. Мәмбетов), Г. Гаутманның «Ымырттағы махаббат» (2002, реж. Р. Антриасян), т.б.
Т. ұжымы 1926 жылдан бастап жазғы гастрольге шығуды игі дәстүрге айналдырып, республиканың елді мекендерінде өнер көрсетіп келеді, сонымен қатар гастрольдік сапармен Мәскеу, Нөкіс, Қазан, Уфа, Шираз, Ташкент, Нанси қаласыларында болды. 1930 жылдан актерлер даярлайтын студия (үзілістермен), 1971 жылдан Ұызағашта (Алматы обл. Жамбыл ауд.) т. бөлімшесі жұмыс істеді. Қазақ драма. Т–ның құрамында Ш. Жандарбекова, С. Оразбаев, З. Шәріпова, Ш. Ахметова, Т. жаманқұлов, Ә. Кенжеев, Ж. Медетбаев, Қ. Тастанбеков, Т. Тасыбекова т.б. талантты актерлер еңбек етеді (2003). 1981 ж. т–дың жаңа ғимараты (арх. О. Баймырзаев, М. Жақсылықов, А. Қайнарбаев; ҚазКСР–і Мемл. сыйл., 1982) пайдалануға берілді. Ғимараттың көлемдік–композициялық құрылыс өзегіне үлкен (1000 орынды) және кіші (250 орынды) көрермендер залы алынған. Ғимарат алдына 1981 ж. М. Әуезов ескерткіші (мүсіншісі Е.А. Сіргебаев, ҚазКСР Мемл. сыйл., 1982) орнатылды. Т. Еңбек Қызыл Ту (1946), Халықтар достығы (1976) ордендерімен марапатталған.

Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет