«Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты



бет53/56
Дата05.02.2022
өлшемі6,67 Mb.
#6245
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56
ҰЯТ этикалық құндылық. Ұ. адамды қашан да жамандықтардан, әдепсіз қылытардан тиып, сыпайылыққа кісілікке, имандылыққа жетелейтін білім мазмұны, моральдық норма. Ұ. — адамдардың қарым–қатынас мәдениетіндегі ненің жақсы, ненің жаман екендігін түсіну және ажырата білу. Ұ.– адамның өзінің әлеуметтегі іс–әрекеті үшін жауапкершілік сезімін танытады. Ұ. – адамгершіліктің бір жемісі, сонымен қатар ар–намыстың қосшысы. Ұ–сыз іс–қылық намысыңды келтіреді, арыңа тиеді. Ұ. жоқ жерде береке–бірлік жоқ, әдеп–инабаттылық жоқ. Ұ–тың бір көрінісі – ұялу – адамның өзінің не жақын адамдарының оқыс істері мен жағымсыз қылықтарына байланысты көңіл–күйін білдіруі. Ар–ұятқа қатысты түсініктер – мадақтау, көтермелеу, табалау, күйініш пен сүйініш. Адам бойындағы адамгершілікке тән мұндай қасиет–ерекшеліктер оның әр қилы іс–әрекеттері мен өзге адамдармен қарым–қатынасынан айқын көрініп тұрады.
Ұ. моральдық нормаларға сай адамның іс–әрекеттерін бір жағынан шектеп, екінші жағынан белгілі істерге жетелейтін адамға ғана тән моральдық сапаның бірі. Адамның бойындағы адамгершілік, имандылық, инабаттылық, ізеттілік, кісілік, кішіпейілділік, қайырымдылық және т.б. ұяттан деп саналады. Қазақта «Құдайдан ұялмағаннан ұял, құдайдан қорықпағаннан қорық» – дейтін нақыл сөз бар. Мұхаммед пайғамбар: «Ұ. – иманнан» – дейді. «Кімнің Ұ–ы жоқ болса, соның иманы жоқ» (Абай), «Кімде–кім адамдардан ұялмаса, ол Алла тағладан да ұялмайды» (Мың бір хадис), «Адамдар алдында ұялу – жақсы сезім, бірақ бәрінен жақсысы – өзіңнен–өзің ұялу» (Л.Н.Толстой), «Қызара білу, ұяла білу – адам бойындағы ең тамаша адамгершілік қасиет» (Ч.Дарвин), «Ұ. кейде заңдар шектемеген нәрсені шектейді» (Сенека), «Жақсының жаты болмас, жаманның ұ–ты болмас», «Ұ–ты бар бет әдемі» (мақалдар), «Ұ. – адамның барлық құштарлықтарының ішіндегі ең тамашасы, махабаттың анасы» (М.Сервантэс). Ф.Ницше Ұ–ты жанның қасиеті деп санайды және «жан» құпия, құпия болған жердің бәрінде Ұ. болады деп есептейді.
Мәдени–философиялық энциклопедия / Құраст. Т. Ғабитов, А. Құлсариева, Ә. Әлімжанова ж.т.б.. Алматы, 2007.


ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ – Қытайдың Ши–ан деген жерінен басталып, Шыңжаң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдар Ф. фон Рихтофен (F. von Richthofen) мен А. Һерман (А. Hеrman) XIX ғасырда ұсынған.
Жол бұдан 3–4 мың жыл бұрын болған. Ол Қытайдың Хан патшалығы кезінде ғана өркендей бастаған, себебі Хан патшалығының Хан Уди деген билеушісі Жаң Чянды өз жерінен батыс өңірге екі рет жіберіп, Орталық Азиядағы елдермен достасуға пейілді болған. Жаң Чян қазіргі Ферғана, Самарқан және Балқаш көлі сияқты жерлерге барған. Жаң Чянның сапары бұл жолды Шығыс пен Батыс арасындағы байланыс жолына айналдырған. Осыған орай саудагерлер де Ұ.Ж. ж–да ат ізін суытпаған. Жаң Чян батыс өңірге және Орта Азияға Қытайдың жібек өнімдерін ала барған, ал елге қайтарында барған жерлерінің тауарлары және батыс өңірінің музыкасы сияқты алуан түрлі мәдениетті алып қайтқан. Жаң Чянның сапары қытайлықтардың батыс өңір мен Орта Азияны түсінуіне мүмкіндік берді. Ал Жаң Чян барған жерлердегі халық та Қытайдың өнімдері мен мәдениетіне қатысты түсінігін анағұрлым тереңдетті. Осылайша, бұл жол гүлденіп, көркейе бастады. Шығыс пен Батыстың аралығындағы дәнекерге айналып, өркениеттерді өзара тоғыстырды. Осы жолды қорғау және дамыту мақсатында Қытайдың әр дәуірдегі патшалары жол бойына қарауыл қойып, әскер тұрғызды. Ал Қытайдан батысқа қарай кететін тарамдары ежелгі заман мен бүкіл ортағасырлар бойы түркі тілдес тайпалардың бақылауында болды.
Ұ.Ж. ж. іс жүзінде өзгермейтін тұрақты жол емес, қайта ол уақыт ізімен өзгеріп отырған, бірақ тарихтағы дәстүрлі торабы өзгермеген. Жол Қытайдағы Чаң–аннан (қазіргі Ши–ан) басталып, Тарым ойпатынан өтіп, Памир тауынан асып, Орталық Азия мен Батыс Азия қалалары арқылы Жерорта теңізінің шығыс жағалауына дейін барады, жалпы ұзындығы 7000 км–ден асады.
Ерте кездегі Ұ.Ж. ж. Шыңжаңнан 3 айрыққа бөлінген, Тәңірі (Тянь–Шань) тауының солтүстігіндегі ежелден бар дала жолы: Жемсары, Іле өңірін басып, Балқаш көліне барады, онан ары батыс солтүстікке жүргенде Сыр бойы мен Арал теңізін жағалай Қара теңіздің шығыс жағалауына жетеді. Оңтүстік айрығы Луланнан шығып Күнлун тауының батысын қапталдап Жәркентке барады, онан ары жүргенде таулардан асып, Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға дейін созылады. Луланның батыс солтүстігіндегі Көнші өзенінің батысын бойлап, Кушарды басып Қашқар арқылы өтетін жол солтүстік айрығы саналады, бұл жол да таулардан асып, Еуропаға дейін барады.
XV ғасырда Х. Колумбтың американы ашып, Ф. Магелланның кемемен жер жүзін айналып шыққанынан кейін теңіз сауда жолының тиімділігі ашылып, Ұ. Ж. ж. өзінің бұрыңғы маңызын біртіндеп жоғалтып, ақырында тоқырады. Ал оған дейін мыңдаған жылдар бойы Шығыс пен Батыс қатынасының басты жолы болып келді.
Қытайдың жібегі мен торғын–торқасы осы жолмен Орта Азияға, Батыс Азияға және Еуропаға толассыз тасылды, сонымен тұт ағашын өсіру өнері де батысқа тарала бастады. Сондай–ақ Шинжяңнан шығатын қас тасы, былғары, жүн жамылғы сияқты тауарлар мен орта Қытай мен Орта Азияның темір ыдыстары, фарфор ыдыстары, сырлы ыдыстары, шабдалы, өрік, рауағаш, дәршен сияқты өнімдері батыс базарына қатар кірді. Орта Азияның, Батыс Азияның және Еуропаның әйнек, жақұт, экономикалық дақылдары және хош иісті заттары, дәрі материалдары, сондай–ақ Отқа табыну діні, Бұдда діні, Ислам діні сияқты діндер де Қытайға кірді және таралды. Шығыс пен Батыс арасындағы экономикалық, мәдени ауыс–түйіс адамзаттың материалдық мәдениетін байытты. Еуропа пен Азиядағы халықтар Ұ.Ж. ж. арқылы сыртқы мәдениетті қабылдап, бұрынғыдан да салауатты мәдениет жарата алды.
Ұ.Ж. ж. тек сауда жолы болып қана қалмастан, дүние жүзі өркениетін тоғыстырып, адамзат қоғамының дамуына өшпес үлес қосты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу қалаларының Византия, Иран, Орта Азия, Кавказ, Алтай, Сібір, Шығыс Түркістанмен осы күре жола арқылы тығыз сауда байланыстарын орнатқандығын ежелгі қолжазбалардағы мәліметтер дәлелдейді. Шаштан (Ташкенттен) жол Гизгирдқа, Испиджабқа келіп, одан әрі керуен Таразға бағыт алған. Тараздан солтүстікте Адахкет, Дех–Нуджикет қалалары орналасқан қимақтарға, оңтүстікте өздерінің туған өлкесінде – Шельдяни, Куля және т.б. қалаларға тірелген. Сондай–ақ Тараздан Төменгі Барысханға, одан әрі Құлан, Мерке арқылы Аспараға жететін болған. X ғ. бастап Іле жазығындағы сауда жолы арқылы керуендер жүре бастайды. Осы жерден Іле Алатауының көпестері қазіргі Алматы мен Талғардың елді мекендеріне жолға шыққан. Талғарда жол қазіргі Шелек, Есік, Кеген аудандарында, Подгорныйға, одан әрі Шонжаға иек артады. Алакөл ауданында жол тармақталады. Екіөгіз, Қиялық, Көктем керуен жолдарымен Шығыс Түркістанға, Алтайға, Монғолияға шығуға болатын еді. Сырдария қалаларын байланыстыратын жолдардың маңызы орасан зор. Ол Испиджабтан басталып, солтүстік–батыста – Арсубаникент, Арыс, Кедер, Шавгар, Сауран, Сығанаққа әкелетін. Сығанақтан Жентке және Янгикентке тірелген. Исфиджабтан солтүстікке қарай түскен жол Құмкент, Аба–Ата, Созаққа барады. Одан әрі Орталық Қазақстанның жазық жерлері арқылы Кеңгір, Жезді, Нұра далаларына шығады. Атаулы керуен жолы XX ғ. басына дейін сақталып келді, тіпті, Ресей, Қазақстан және Орта Азияның қалалары мен елді мекендерін байланыстырып отырды, оған жақын жерлерде жәрмеңкелер ұйымдастырылды. Ұ. Ж. ж. көп халықтардың мәдениетін түйістіруімен бірге оның табиғатының ерекшеліктерін анықтауда тарихи қызмет атқарды. Бұл істе Қазақстан жерін мекендеген халықтардың еңбегі де бар. Олар киім (шалбар), тұрғын үйді (киіз үй), ат әбзелдерін жасау өнерін, кілем тоқуды, күмістен түрлі әсемдік бұйымдарды соғуды, бай ауыз әдебиетін мұра етіп қалдырған. Осының бір айғағы – Есік және Аралтөбе қорымдарынан табылған «Алтын киімді адам» ескерткіштері, Шығыс Қазақстандағы Берел қорымынан табылған олжалар, ежелгі Түрік жазба әдебиетінің орхон ескерткіштері және т.б.
Қазір Ұ.Ж. ж–ның тарихын зерттеу, оны жаңғырту, осы жол бойындағы елдердің саяси, экономикалық, мәдени байланыстарын ұлғайту қайта қолға алынып отыр. 1987 жылы ЮНЕСКО–ның бас конференциясының XXIV сессиясы «Ұ. Ж. ж. зерттеудің халықаралық жобасын» қабылдады. Оған Грекия, Португалия, Египет, Италия, Қытай, Индонезия, Монғолия, Оман, Шри Ланка, бұрынғы Кеңестер Одағы қатысты. «Адамды қоршаған орта, жер мен теңіз қорлары», «Мәдениет және болашақ» атты бағдарламалар бекітілді. Осы бағдарламаларды іске асыруға қатысты. 1991 жылы Қазақстанда ҰЖ. ж. атты Ұлттық комитет құрылды. Ұ. Ж. ж. көне дәуірде де, қазір де Еуразия халқы үшін мәдени байланыс, саяси рухани мәселелерді шешуде маңызы үлкен.



Каталог: upload -> Book
Book -> «Бөбек» қоры Адамның үйлесімді дамуы институты
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Ә. Ш. Әлімжанова, Т. Х. Ғабитов, Өнер – өзін-өзі танудың қайнар көзі
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Нұрмұратов с нұрекеева С. С., Сағымбаев Е. Оқырмандарға ұсынылып отырылған бұл антологияның ерекшелігі «Өзін-өзі тану»
Book -> Өмірді бағалап үйренейік балалар суицидін алдын-алу бойынша ата-аналарғА, педагогтерге арналған қҰрал алматы
Book -> Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер


Достарыңызбен бөлісу:

1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   56




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет