Бөж пәні: Философия Тақырыбы



Дата07.02.2022
өлшемі74,62 Kb.
#82381
Байланысты:
БӨЖ5Философия
40345391lekciya, ОБСӨЖ-педагогика5апта, Моғолстан мемлекеті, 1 сынып бейімділік бағдардамасы, sabaq-kz attachment omzh-aza-debiet-5-synyp, 1527693165

Қожа Ахмет Ясауи атындағы қазақ- түрік университеті
Филология факультеті


БӨЖ
Пәні: Философия
Тақырыбы: Таным және оның түрлері
Орындаған:Айтмухамбет Назерке
Қабылдаған: Көлеген Гүлбазар
Топ: ФАТ 911-а

Түркістан 2020


Жоспар


І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім

  1. Таным формаларының көптүрлілігі

  2. Таным мәселелері

ІІІ.Қорытынды
ІV.Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Таным - бұл адамның бейнелеу әрекетінің ерекше түрі. Философия тарихында таным деп адамның дәлелденген білім алу үшін әлемді және ондағы өзін мақсатты түрде бейнелеу аталған. Таным дегеніміз-білім алу үшін шығармашылық ізденіс. Таным адамның практикалық іс-әрекетінің рухани жағы болып табылады. Таным - адам арнайы танымдық мәселе мен есептерді қойып, мақсатты түрде қол жеткізетін ақпараттық жоғарғы деңгейі. Таным - адамның нақты мақсатына бағытталған және шығармашылы іс-әрекетінің әлеуметтік процесі. Оның нәтижесінде сыртқы әлемнің идеалды образдары қалыптасып, олар туралы білім пайда болады. Таным теориясы немесе Эпистемология- бұл философия ғылымының бір бөлігі. Онда таным табиғаты мен оның мүмкіндіктері, шегі туралы мәселе қойылып зерттеледі. 

ІІ.Негізгі бөлім
1.Таным формаларының көп түрлілігі


Таным үдерісі бір-бірімен байланысқан көп түрлі формаларда жүзеге асырылады. Олардың ішіндегі негізгілері мыналар: Адамзат тарихының алғашқы баспалдақтарында табиғат туралы, сонымен қоса адамдардың өздері, олардың өмірлік жағдайлары, қатынастары, коғамдық байланыстары туралы қарапайым ақпарат беріліп, шамалы практикалық таным пайда болды және қазірге дейін өмір сүріп келеді. Адамдардың күнделікті тәртібі, олардың табиғатпен және өзара қатынастарының негізін құрайтын тұрмыстық таным деп аталған форма осындай танымның нәтижесі болып табылады. Танымның тарихи формаларының біріне ойын арқылы тану жатады. Тек балалар ғана емес, ересектер де дүниені ойын арқылы таниды екен: спорт ойындары, іскерлік ойындар, цирктегі, театрдағы, эстрада ойындары, т.б. Ойын арқылы адам мол білім қорын алады, біздің заманымызда ойын ғылымда және өндірісте кең қолданылады. 
Танымның ежелгі формаларына: аңыздық және діни танымдар жатады. Алғашқы танымдық форма шеңберінде табиғат туралы адамдардың өздері және олардың өмірлік жағдайлары туралы біршама білімдер жинақталды. Тұтастай аңыздың таным, әрине, шынайылықтың ғажайып бейнесі ретінде көрініс береді. Аңызға адамның қоршаған ортадан өзін алып шыға алмауы, құбылысты табиғи себептермен түсіндіре алмауы тән. Діни таным болса, ол дүниетанымның бір формасы бола тұра, шешуші дәрежеде адамның өмірі мен оны қоршаған дүниеге өсер ететін, табиғаттан жоғары, ғажайып күштердің бар екендігін негізге алады. Дін мынадай негізгі мәселелерді зерттейді: әлемнің пайда болуы; табиғи құбылыстарды түсіндіру; адамның өмірі, тағдыры, өлімі; адамның қызметі және оның жетістіктері, адамдық парыз, мораль және адамгершілік мәселелері. 


2. Таным теориясы


Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді. Гносеологиядағы орталық ұғымдарға "таным субъектісі" мен "таным объектісі", "білім", "таным" жатады. Таным субъектісі деп белгілі бір мақсатқа бағытталған танымдық қызметті атқарушыны айтамыз. Ол — бірдеңені танып, білуге тырысушы. Ол адам немесе тұтастай қоғам болуы мүмкін. Таным объектісі деп танымдық қызмет бағытталған нәрсені айтамыз. Демек, ол танылушы, былайша айтқанда, кітап, молекула, атом, адам немесе тұтастай табиғат болуы мүмкін. Таным объектісі материялық, дүние немесе рухани құбылыс, сонымен катар субъектінің өзі де болуы мүмкін. Таным объектісі мен субъектісі бір-бірінің мәнділігін шарттастырады: субъектісіз объект болмайды, объектісіз субъект болмайды. Таным үдерісінде олар бір-біріне маңыз аларлық ықпал етеді. Сонда танымдық қызмет субъекті мен объект қатынасы және олардың өзара әрекеттесуі болып шығады.


ІІІ.Қорытынды
Ақиқат ‑ танымның негізгі мақсаты. Өйткені таным процесіндегі субъектінің белсенділігіне байланысты қалыптасқан жаңа білім зерттеліп отырған объектіге сәйкес келуі немесе келмеуі керек. Осыған орай ғылым мен философияда ақиқат проблемасы күн тәртібіне қойылады. Шын мәнінде, ақиқат дегеніміз субъекті мен объект арасындағы өзара байланыс негізінде жүріп жатқан әлеуметтік тарихи процесс. Ақиқат біреу, ол объективтік. Объективтік ақиқат деп қоғамдық адам түсінігінде, білімдегі субъектіге, адамға, адамзатқа тәуелсіз мазмұнды айтады. Ақиқат өзінің мазмұны жағынан объективті, ал формасы жағынан субъективті. Сонымен ақиқат дегеніміз объективтік пен субективтік диалектикалық бірлігі. Танымның даму барысында белгілі бір объекті жөніндегі біздің біліміміз тереңдей түседі, сөйтіп, оның субъективтік жағы азайып отырады. 

ІV.Пайдалынған әдебиеттер

  1. Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006. ISBN 9965-808-82-1

  2. ↑ Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Философия/жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын – Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ, 2006 жыл. ISBN 9965-808-82-1

  3. ↑ a b Қоғамдық білім негіздері: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлықбағытындағы 10-сыныбына арналған окулық / Ә.Нысанбаев, Ғ.Есім, М.Изотов, К.Жүкешев, т.б. – Алматы: «Мектеп» баспасы, 2006 жыл. ISBN 9965-33-570-2

  4. ↑ “Философия” Есіркепова Г.К., Шымкент, 2008.


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет