Бөж саяси модернизацияның үлгілерін таңдау шарттары мен негізгі факторлар


- талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiн жетілдіруге бағытталуы тиіс



бет4/8
Дата09.11.2022
өлшемі76,52 Kb.
#157288
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Абдултәліп Мөлдір бөж
Документ (6)
- талап-қолдау және саяси шешiм-әрекет арасында керi байланыстың тиiмдi механизмiн жетілдіруге бағытталуы тиіс.
Бір сөзбен айтқанда, Қазақстанда саяси модернизация жүргізіліп жатыр. Біз енді оны қайтсек жетілдіреміз деген әңгімені қозғауымыз керек.
Бірақ Қазақстанның саяси модернизациясының мақсаты - Өзгеру емес, жетілу
Саяси жүйені жетілдіру жайы аса маңызды. Жаңармайтын жүйенің жолы тұйыққа апарады. Ал толыққанды саяси даму қоғамның өзін-өзі реттейтін инструменттерін қалыптастыруға тікелей байланысты.
Мысалы, Бүгінгі таңда Қазақстанда жергілікті өзін-өзі басқару институттарының қызметін реттеу мен жетілдіру қажет. Бұл өз кезегінде азаматтардың ортақ жауапкершілігін арттыратын болады. Жергілікті өзін-өзі басқару институттарының жұмысын жолға қою, ең алдымен, басты мәселенің шешімін табуға септігін тигізуі керек. Ол - жемқорлық. Жергілікті басқару органдары мен қоғамның өзін-өзі басқаруына мүмкіндіктер туғызу жемқорлық әрекеттердің азаюына алғышарт болады. Бұл мәселеде неден бастау керек деп күрделендірудің де қажеті жоқ.
Саяси реформа да, жаңару мен жетілу де Мемлекет басшысының бастамаларын науқанға айналдыру деген сөз емес.
Президент стратегиялық бағытты таңдап, бекітіп береді, бақылау жасайды. Оны мемлекеттің болашағы мен халықтың игілігі жолында іске асыру, орындау - команданың міндеті. Команданың іс-қимылы Есілдің сол жағасынан ғана көрінетін, қысқа мерзімді, әшекей жобалармен түгесілмегені абзал. Барлық қоғамды жұмылдыратын, елді топтастыратын, үмітін оятып, сенімін орнықтыратын адал еңбек болуы тиіс.
Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалаушы, Елбасы алғашқы күннен-ақ елдің алдына нақты да қарапайым мақсат қойған еді. Ол - либералды құқықтық мемлекет құру,және ол бірте бірте іске асуда. Саяси Модернизация (франц.-жаңғырту) дегеніміз - артта қалған елдердің алдыңғы қатардағы елдердің деңгейіне жетуге бағытталған мемлекеттің саясаты,яғни саяси жүйенің әлеуметтік мақсаттарға бейімделу қабілетінің үнемі және табысты дамуы, сонымен бірге үкімет пен халық арасында тиімді байланыстың механизмдерін қалыптастыру болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет