Бөж тақырыбы: Гериатриялық фармокология арқылы науқастың денсаулығын нығайту



бет9/11
Дата07.02.2022
өлшемі106,41 Kb.
#85684
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Гериатриялық науқастарды Айдын
1572539537, 3 тақырып, Лекция топтамасы- гыл-2022 (1) 3, Лекция топтамасы- гыл-2022 (1) 2, Документ 2, жылулық сәуле шығару (копия), Басты бет презентация, 16 Lesson plan V2 Computer Science 11 Revision Cloud technology (1)
Орталық жүйке жүйесі. Қарт науқастар бензодиазепинді анксиолитиктерге өте сезімтал болып келеді, өйткені, антипсихотикалық препараттар жиі есінің адасуын,гипотония және зәрдің тоқтауын шақырады. Қарт науқастарда опиоидты анальгетиктердің ауыру сезімін басу әсері айқын көрінеді(тіпті,фармакокинетикалық параметрлердің маңызды өзгерістері болмасада), жастарға қарағанда, тыныс орталығының тежелуі мен құсу орталығының қозуы жылдамырақ болады.
Қарт науқастарға фармакотерапияның жағымсыз әсерлері ЖДР(НЛР) даму қаупін жоғарылататын факторлар, 1 суретте көрсетілген.
ЖДР пайда болу жиілігі жастарға қарағанда, қарттарда екі есе жоғары. ЖДР дифференциальды диагнозды жүргізуде қиындық туғызуы мүмкін. Сонымен қатар, олар мынаған алып келеді:

  • Жүргізілген терапияда науқастың комплаенттілігі мен функциональды жағдайының төмендеуі;

  • Фармакотерапияда шығынның жоғарылауы

  • Өмірге қауіпті гериатриялық синдромдар мен госпитализациялау жиілігінің жоғарылау қауіптілігі.

  • Дифференциальды диагнозды жүргізудің қиындауы.

Дұрыс емес талданған ЖДР ДЗ «тағайындау каскадына»алып келеді.(2.сурет)
1 кестеде қарт науқастарда кездесетін әртүрлі аурулардың кең таралған жанама әсерлері көрсетілген.

Кесте 1 - ДЗ жанама әсерлері

Ауру

Преапараттар

Жанама әсерлері

Жүрек өткізгіштігінің бұзылысы

Бета-адреноблокаторлар,дигоксин, дилтиазем,верапамил,трициклды антидепрессанттар

Жүректік блокадалар

Жүрек жеткіліксіздігі

Бета-адреноблокаторлар, верапамил,дизопирамид

Жүрек жеткіліксіздігі симптомдарының күшеяі

Артериальды гипертензия

Қабынуға қарсы стероидты емес препараттар

АҚ жоғарылауы

Ортостатикалық гипотензия

Диуретиктер, трициклды
Антидепрессанттар,вазодилятаторлар

Бас айналу,құлау,естен тану

Бүйрек қызметінің бұзылуы

Аминогликозидтер, қабынуға қарсы стероидты емес препараттар, радиоконтрастты препараттар

Жедел бүйрек жеткіліксіздігі

Гипокалиемия

дигоксин

Жүректік аритмиялар

Гипонатриемия

Пероральды гипокалиемиялық ДЗ, диуретиктер,карбамазепин

Натрийдың плазмадағы концентрациясының төмендуі

Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы

Бета-адреноблокаторлар,опиоидтар,
Седадивті ДЗ

Бронхоконстрикция,тыныс алудың тежелуі

Глаукома

Холиноблокаторлар

Глакоманын өршуі

Аталық бездің қатерсіз аденомасы

Альфа-адреномиметиктер, холиноблокаторлар

Зәрдің тоқтауы

Остеопения

глякокортикоидтар

Сүйек сынуларының жоғарылау қаупі

Депрессия

Бензодиазепиндер,опиоидтар,орталық әсерлі антигипертензивті препараттар, глякокортикоидтар

Депрессияның өршуі

Зерттелген фармакоэпидемиологиялық мәліметтер , полипрагмазия (алжуқарт науқастарда ЖДР дамуында негізгі жоғары қауіп факторы болып табылатынын көрсетеді.Қабылдаған препараттар көлемі мен жанама әсерлердің туу қаупі арасында тікелей тәуелділік орнатылған.Емдеуші дәрігердің рұқсатынсыз қабылданатын рецептсіз препараттар мен биологиялық активті қоспаларға (БАҚ)басты назар аударылуы керек.
2 кестеде ДЗ БАҚ құрамына кіретін өсімдіктермен маңызды клиникалық әсерлесуі (фармакодинамикалық және фармакокинетикалық) көрсетілген.
Кесте 2 - ДЗ мен БАҚ қурамына кіретін өсімдіктердің өзара әсерлесуі

Дәрілік өсімдік

Дәрілік зат

Әсерлесу нәтижесі

Шайшөп
Hypericum perforatum

Теофиллин

Қандағы теофиллин концентрациясының жоғарылауы

Дигоксин Циклоспорин Варфарин Индинавир Амитриптилин

Қандағы препараттардың концентрациясының төмендеуі

Женьшень ( хауана тамыр)

Тікелей емес антикоагулянттар(варфарин және т.б)

Халықаралық жүйеленген қатынастың (ХЖҚ) төмендеуі - антикоагулянтты әсердің





төмендеуі

Сарымсақ
Allium savitum
Қос жапырақты гингко
Ginkgo biloba
Дягиль(Аюбалдырған)
Angelica sinensis

Тікелей емес антикоагулянттар(варфарин және т.б)

ХЖҚ жоғарылауы және протромбинді уақыттың ұзаруы- геморрагиялық синдром

Антиагреганттар (ацетилсалицил қышқылы, тиклопидин)

Қос жапырақты гингко
Ginkgo biloba
Дягиль(Аюбалдырған)

Тиазидті диуретиктер

АҚ жоғарылауы гипертониялық кризге дейін


Фармакотерапияның асқынуына алып келетін, ятрогенді факторлар:

  1. Диагнозды қате қою,медикаментозды емді қажет ететін анықталмаған аурудың болуы.

  2. Обьективті медициналық көрсеткіштері жоқ бола тұрып,препараттарды негізсіз тағайындау(антибиотиктер, жүрек гликозидтері,антикоагулянттар, диуретиктер, іш жүргізетін дәрілер)

  3. Препараттарды ұтымсыз таңдау

  4. Бақылау адекваттылығының болмауы

Фармакокинетикалық және фармакодинамикалық жастық ерекшеліктеріне,қосымша ауруларының болуына және препараттардың өзара әсерлесуіне қарамай ДЗ тағайындау, басқа дәрігерлермен тағайындалған дәрілер,ДЗ әсерінің болмауына және мөлшерінің шамадан асып кетуіне алып келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет