Бөж тақырыбы



бет1/12
Дата20.05.2024
өлшемі122 Kb.
#202649
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
MKJVXJLBPMPA15052024010913
Кешенді емтихан Дизайн СҰРАҚ бекіту 2023, bibliofond.ru 807559

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті







БӨЖ

Тақырыбы: Халық, урбанизация және қоғамдық қозғалыстар
Орындаған: Әлеухан Ақжол Қабылдаған: Нұрбол Байбаханов Тобы: ЖФЗ-211
Пәні: Әлеуметтік – саясаттану білім модулі ( Әлеуметтану)

Түркістан – 2024



Жоспары:
I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім


1.Халықтың қоныстануының географиялық ерекшеліктері.
1.1.Қала халқы.
1.2. Ауылдық халықтың орналасуы.
2.Жаңғыру (модернизация) және урбанизация. Жаһандық урбанизация.
3.Миграция.
4.Қазақстан Республикасының көші-қон саясатының принциптері.
5.Көші-қон ахуалын бағалау.
6.Көші-қон саясатының мақсаты мен қағидаттары.
7.Көші-қон саясатын іске асырудың басымдықтары, негізгі бағыттары.
8.Көшіп келудің бақылау жүйесін жасау және дамыту
III.Қорытынды
IV.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі


І. Кіріспе
Кез келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы қалалардың өркендеуімен тікелей байланысты. Бұл ежелден қалыптасқан аксиома. Ал осыған әсер ететін бірден-бір фактор – урбандалу процесі. Қазір әлем халқының 3 млрд-тан астамы қалаларда өмір сүруде. Алайда мына нәрсені ескеру қажет. Бұл үрдіс тек тиімді басқару мен дұрыс жобалаудың нәти-жесінде ғана тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізуге көмектеседі. Ал стихиялық сипаттағы урбанизацияның теріс әсері жетерлік. Мәселен, қазір көптеген қалалық аймақтар ауылдық елді мекендердің құлдырау есебінен өсіп келеді. Яғни, тұрмысы нашарлаған ауыл халқының қаладан жұмыс іздеуіне тура келеді. Бұл қала инфрақұрылымына әжептәуір салмақ түсірсе керек. Демек, геометриялық тепе-теңдік сақталуы тиіс.
Қазақстанда 1990-2018 жылдар аралығында адамның даму индексі айтарлықтай өсті. Нақты айтқанда, өмір сүру ұзақтығының көрсеткіші өсіп, жан басына шаққандағы табыс 61,8 пайызға жоғарылады. Бұл әжептәуір жетістік. Десе де мұнымен тоқтап қалмай, әрі қарай жылжу қажет. Қазір қалалық ортада әлеуметтік теңсіздік мәселесі өзекті проблемаға айналды. Мысалы, ірі қалаларда инфрақұрылымы жақсы дамыған ауқаттылар тұратын аудандар кедей аудандармен іргелес орналасқан. Қазақстанның жағдайында және жаһандық деңгейде урбанизацияның беретін мүмкіндіктері көп. Қалалар экономикалық өсудің, инновацияның, жұмыспен қамтудың катализаторына айналуы тиіс. Заманауи инфрақұрылым, цифрлы технологиялар, білім беру жүйесі өркендеуге жол ашады.
Урбaнизация – қaлaлaрдың, қaлa хaлқының өсуінің, олaрдың қоғaм дaмуындaғы рөлінің aртуы және ірі қaлaлaрғa, бaсқa дa халыққa тән белгілердің, ерекшіліктердің, өмір сaлтының тaрaлуының әлеуметтік процесі.
Урбaндaлу – лaтынның urbs – қaлa сөзінен шыққaн. Негізінен қaлa хaлқы сaнының өсуін aйтaды.

Урбaнизaция процесі мынaлaрғa бaйлaнысты:








  • Aуқымды қaлa мaңы aймaқтaрының қaлыптaстыруы;




  • Aуылдық жерден (провинциядaн) қaлaлaрғa мигрaцияның aртуынaн.

2050 жылға қарай Жер шарындағы халықтың үштен екісі қалаларда өмір сүреді. Қазір күн сайын шаһарларға 180 мыңдай адам көшіп жатыр. Дамыған мемлекеттерде қалалықтардың саны жылма-жыл 60 млн адамға көбеюде. Мұндай деректі БҰҰ Дүниежүзілік банктің болжамына сәйкес келтірді. Осы ретте адами капиталды дамыту индексі бойынша Қазақстан 200-ге жуық елдің арасында 50-орынға тұрақтаған-ды.


Көші-қон процестері мемлекеттік қауіпсіздікке, қоғамдық келісімге, елдегі экономикалық және демографиялық ахуалға әсер етеді.
Көші-қон саясаты Қазақстанның мемлекеттік сыртқы және ішкі саясатының құрамдас бөлігі болып табылады, оны іске асыру мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болуға тиіс.
Көші-қон саясатының субъектілері-орталық және жергілікті атқарушы органдар болып табылады.
Мемлекеттік органдардың көші-қон саясатын іске асыру жөніндегі әріптестері қоғамдық бірлестіктер болуға тиіс.
Тұжырымдама адам қүқықтары мен бостандықтарын сақтау негізінде, жалпы мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, көші-қон саясатының негіздерін айқындайды.
Көші-қон саясаты Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпыға танылған қағидаттары мен нормаларына, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына, Қазақстан Республикасының Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық кесімдерге негізделген. Тұжырымдама көші-қон процестерін реттеудің отандық және шетелдік тәжірибесін ескереді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет