Бөж тақырып: Ежелгі Үнді философиясы Топ: жфз 313 Орындаған: Нурали Ш.Өтеген А. Қабылдаған: Шадинова Г. Түркістан – 2024



бет3/8
Дата05.04.2024
өлшемі49,26 Kb.
#200560
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
реферат философия1
Махбал (1), Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 30 сұрақ-жауабымен, Методика 8 30сұрақ-жауап, Методика 30 сұрақ-жауабымен, 1 k shablon 9, Азиза 10 апта бож.docx.pptx, molchanov, Вопрос 1, Antaev-Zh-T-Menedzhment-v-sisteme-obrazovaniya, слайд Абдумавленова Т 2 db9c01bf439d8958587b3cecd08322dc, Способы связи, пСИХ ТЕСТ, 4 лекция ККЗТ, 4 лекция ККЗТ
1.1 Джайнизм философиясы
Джайнизм (Джина жеңіс) философиясының негізін қалаған Махавира деген ойшыл болған.
Джайнизм «жеңіс» деген сөзден шыққан. Адам кімді жеңу керек? Басқаларды ма, әлде бүкіл Дүниені ме? Жок, бұл Дүниедегі шынайы жеңіс - ол адамның өзін-өзі жеңуі.
Джайнизм философиясында 9 ұғым бар. Олар: тірі (джива), өлі (аджива), ізгі, күнә, жанның бұзылуы (ашрава), самвара жанның тазалануы, тәуелділік, карманы бұзу-нирджара,жанның денеден құтылуы-босау.
Джайнизм философиясының негізгі ұғымдарының бірі - святвада (свят - белгілі бір жағдайда) әрбір заттың шексіз әртүрлі қасиеттері мен белгілері бар. Уақыттың шеңберінде олардың бәрі өзгеріп отырады. Сондыктан бірде-бір затты толығынан танып-білу мүмкін емес. Зат жөніндегі біздің тұжырымдарымыз шектелген болуы керек.
Джайнизмнің «үш маржаны», ол - дұрыс сенім, дұрыс білім,дұрыс жүріс-тұрыс. Адам өз-өзін жеңуі үшін бірнеше қағидаларды ұстауы керек.
Олар:
Апариграха-дүниедегі заттарға қызықпау, байланбау, самарқау қарау.
Сатья - әрқашанда ол қандай қиын болса да шындықты айту;
Астея - ұрламау, өлейін деп жатсаң да, еш нәрсені рұқсатсыз алмау, сұрап қана алу;
Ахимса - еш нәрсеге зәбірлік жасамау, өйткені барлық тірші- ліктің жаны бар.
Тарихта мыңдаған жылдар отсе де, джайнизмнің адам алдына койған талабына әлі де болса қазіргі өркениет жеткен жок.
Уақытында Үнді елінің ХХ ғ. ұлы азаматы Махатма Ганди ахимса қағидасына сүйене отырып, өз халқын бейбіт жолмен ағылшындардың бодандығынан алып шыққан болатын.
Ал бүгінгі танда ахимсаның рөлі бұрынғыдан да жоғары болып отыр. Мысалы, бүгінгі таңдағы «аңшыларға» келетін болсак, олар күннен-күнге әлсіреп келе жатқан табиғатқа қаншалықты теріс әсерін тигізіп жатыр! Жануарды өлтірген бір

кадам адам өлтіруге жакын, ал адам өлтірілген жағдайда соғыстың да бітпейтіні хақ. Сондыктан аң аулап, хайуандық инстинктерді оятқанша, табиғатка тек «фото аулауға» шығу бүгінгі таңның талабы.


Нарықтық заманға өту жолында бүгін көп адамдар бірін-бірі алдау жолына түсіп, біреу мың теңгенің затын ұрлап түрмеге түссе, екіншісі миллиондаған теңге тұратын байлықты басып қалып, іскер деген атақ алып жүр. Егер джайнизм дүниеге байланба десе, біздің журналистер «Бай және бақытты болған жақсы» деген бағдар- ламаларды телеэкраннан көрсетеді. Сен бай болып, айнала қоршаған адамдар қайыршы болса, ондай өмірден кандай ләззат алуға болады?!
Сонымен джайнизм философиясының гуманистік моральдық кұндылықтары - ұлы Үнді халқының рухани ақмаржаны, ол бүгінгі таңға шейін қоғамдық сананың ажырамас бөлігі. Әсіресе бұл кұндылықтар бүгінгі барлық адамға керек материалдық қажет- тіктерді өтеп, күнбе-күн жалған қажеттіктерді жасап, жарнама арқылы солардың жолына миллиондаған адамдарды салып қойған Батыс қоғамына ауадай қажет. Мұның өзін кейбір Батыс ойшылдарының өздері де мойындап отыр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет